Уақыты:6-минут.
4-кезең.Сабақты бекіту кезеңі.Ойлан тап! Екі топ мүшелері бір-біріне сұрақ қойып,жауап алмасады.Әр топ 3- сұрақ қоюы керек.Екінші топ жауап бере алмаса, сұрақ қоюшы өзі жауабын түсіндіріп береді. Уақыты:8-минут.Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.Жалпы ұпай саны-3
5.Қазылар алқасын сайлау.1 минут
Жаңа сабақ.Мұғалім сөзі. Балалар, бүгін сабақта халқымыздың ат қою рәсімі, жөн - жоралғылары туралы көп нәрсе білеміз.
Қай ата - ана да өз шаңырағында шыр етіп сәби дүниеге келгенінде оған ең жақсы есімді қоюға тырысады. Шариғат заңы бойынша, нәресте туған соң үш күннің ішінде оған азан шақырып, ат қою керек. Сәби есімі үш рет құлағына қайталанады.
Баласының атын ырымдап қою – ата - анасының ниетін білдіреді. Ырымдап ат қою – қазақтың қанына сіңген дәстүрі. Соның ішінде бала туысымен ең алғаш кездескен кісінің атын қою – бұрындары жақсы ырым саналған. Және де ата - бабаларымыз жаңа туған нәрестеге көз тимесін, өмірі ұзақ болсын деген ниетпен баласына әдейі түпкі мағынасы сиықсыз есімдерді де қойған. Мұндай дәстүр қазақтарда ғана емес, орыстарда да бар. Орыс халқында: Клавдия (ақсақ), Ардалион (лас), қазақ халқында: Жаман, Қиқым т. б.
Көрдіңіз бе, біздің қазақ халқының сәбиіне ат қоярда ырымға қалай сенетіні, ырымды қалай сақтайтыны. Тіпті, Шыңғыс атамыздың өзі Шоқан өмірге келгенінде ол Сегізсерідей әрі ақын, әрі батыр болсын деп оның есімін Мұхаммед – Қанапия қойған көрінеді.
Ал, әлемдегі ең ұзын есім Үндістан азаматының еншісінде. Оның аты 1478 әріптен тұрады. Есімін толық айтып шығу үшін 10 минут уақыт керек екен.
Ал ең қызық фамилия 19 ғасырда өмір сүрген француз азаматында болған. Қызықтығы сол, оның фамилиясы – 1792, яғни тек сандардан құралған. 1792 текті сол адам өзінің төрт баласына жылдың алғашқы төрт айының атын қойған. Нәтижесінде, балаларының толық аты - жөндері (яғни аты мен фамилиясы) – Қаңтар 1792, Ақпан 1792, Наурыз 1792 және Сәуір 1792 болып тіркелген.
Ендеше сайысымызды бастайық.Қазақтың ғұрыптарының бірі «Ат қою» рәсіміне кезек берейік. Тақырыбымызға сай мәтін бойынша көрініс (қойылым) көрсету.
Достарыңызбен бөлісу: |