2-кезең:Ізденіс сатысы.
Менің есімім. Әр топтан 2 оқушы өз есімінің мәнін түсіндіріп беруі керек.
3-кезең. Кім тапқыр?Берілген сөздерден тақырыпқа сай 3 сөйлем құрастыру.
Уақыты:6-минут.
1-топ тапсырмалары:
1-сөйлем.Келесі сәби ұл болсын:Ұлбосын,Ұлтуған,Ұлтуар.
2-сөйлем.Табиғат құбылыстарына байланысты:Жайынбай, Боранбек, Борангүл.
3-сөйлем.Сәби ұзақ өмір сүрсін деген:Ұзақ, Мыңжасар, Тоқсанбай.
2-топ тапсырмалары:
1-сөйлем.Сәбидің денесінде мең болса:Меңдігүл, Меңтай, Меңдібай.
2-сөйлем.Ең соңғы балаға:Кенжебай, Кенжетай, Кенжегүл.
3-сөйлем.Ардақты азаматтардың есімдері:Абай, Шоқан, Ахмет.
4-кезең.Сабақты бекіту кезеңі.Ойлан тап! Екі топ мүшелері бір-біріне сұрақ қойып,жауап алмасады.Әр топ 3- сұрақ қоюы керек.Екінші топ жауап бере алмаса, сұрақ қоюшы өзі жауабын түсіндіріп береді. Уақыты:8-минут.
Топ оқушылары сұрақ қоя алмаған жағдайда сұрақты мұғалім береді.
1.Он ата шежіресін таратып беріңіз.(әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат, жегжат, жұрағат, жұмағат)
2.- Үш биді атаңыз (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)
3.Төрт қонақ түрін атаңдар (арнайы қонақ, құдайы қонақ, қыдырма қонақ, қылғыма қонақ)
4.- Бес байлық (Әуелгі байлық - денсаулық.
Екінші байлық - еркіндік.
Үшінші байлық - тіл байлық.
Төртінші байлық - қайрат - күш, ақ жаулық.
Бесінші байлық - балаңыз.)
2 - жүргізуші:
Мұғалімнің қорытынды сөзі:
Тыңдаусыз қалған сөз жетім,
Қиюсіз қалған бөз жетім.
Иесіз қалған жер жетім.
Басшысы жоқ ел жетім.
Аққу - қазсыз көл жетім.
Елінен айырылған ер жетім.
Замандасы қалмаса,
Бәрінен де сол жетім.
Құрметті оқушылар, бүгінгі біздің сабағымыздың мақсаты - заман өзгерсе де ұлттық салт - дәстүріміздің көнермейтіндігін еске салып, ұлттық мұраны қайта жаңғырту. Бүгінгі сабағымызда өздеріңіз куә болған дәстүрлерді көкейлеріңізге тоқып, саналарыңызға сіңіріп алсаңыздар артық болмас.
Үй жұмысы: Тақырыпқа сай ойтолғау жазу
Бағалау:Әділ-қазыларға сөз беріп, сайыс нәтижесін қорытындылау.Алғыс хаттармен марапаттау.
Достарыңызбен бөлісу: |