Сабақ Тақырыбы: §24. Гүлшоғырлар, биологиялық маңызы



Дата04.07.2016
өлшемі109.8 Kb.
#175944
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Ж. Аймауытов атындағы №64 көп салалы

мектеп-гимназия
Ашық сабақ

Тақырыбы: §24. Гүлшоғырлар, биологиялық маңызы.

Пән мұғалімі:Сеңгірбаева Әлия

Шымкент 2010 жыл
Сабақтың тақырыбы: §24 Гүлшоғырлар, биологиялық маңызы.

Сабақтың мақсаты: 1 Білімділік – гүлшоғырлар, биологялық маңызң туралы білім

қалыптастыру.

2 Дамытушылық – өздігінен іздену, қосымша материалдарды

пайдалану дағдыларын дамыту.

3 Тәрбиелік- табиғатты сүюге, аялауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: ізденіс сабақ

Сабақтың әдісі: Т.Ғалиевтің « жүйелі оқыту әдісінің» элементтері

Сабақтың көрнекілігі: Гүлшоғырлар , гүлшоғырлардың кеппешөптері

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру (1-2минут).

Пайғамбарымыз Мұхаммед білім алудың 4 жолын нұсқаған: 1 жазып үйрену

2 көріп үйрену

3 оқып үйрену

4 сұрап үйрену

Ал біздің сабағымыз да 4 бағытта жүргізілмек:

1 Ой қозғау ( нені білеміз?)

2 Іздену ( нені білгіміз келеді?)

3 Ой қорыту ( нені білдік?)

4 Ой дамыту ( танымдық ойындар)

.

Ой қозғау ( нені білеміз?)



1 Гүл дегеніміз не?

2 Гүлдің негізгі бөліктерін атаңдар.

3 Гүлсерігі деп қандай бөліктерін айтады және олар қалай бөлінеді?

4 Қос жынысты деп қандай гүлдерді айтады?

5 Дара жынысты гүлдердің ерекшелігі неде? Неліктен тек аталық гүл немесе аналық гүл дейді?

6 Бір үйлі, екі үйлі өсімдіктердің бір-бірінен айырмашылығын мысалмен түсіндіріңдер.

7 Гүл формуласы қалай белгіленеді?

8 Жыныссыз гүлдердің ерекшелігі неде? Мысал келтіріңдер.

9 Қызғалдақ гүлінің формуласын жаз.

10 Асбұршақ гүлінің формуласын жаз.

11 Алабота гүлінің формуласын жаз.

12 Картоп гүлінің формуласын жаз.

Іздену ( нені білгіміз келеді?)

Талдау

Орталық бөлім

Күрделі мәселе



1Гүлшоғырлар.

Құрылысы,

түрлері.
2 Гүл мен гүлшоғырдың

маңызы.

Әсер ететін

факторлар.

1Абиотикалық

фактор: күн, жел, жаңбыр, т.б

2 Биотикалық

фактор: құс, жануарлар, бунақденеліле,көбелек, ара, т.б.

3Антропоген-

дік

фактор: дәрі-дәрмек, парфюмерия-

да,сәндік т,б.



Гүлшоғыр деп- гүл шығаратын өркенде белгілі ретпен . орналасатын ұсақ гүлдер тобын

айтады.

Сабағы негізі жай гүлшоғырлар

күрделі түзеді
тарамдалған жанама сабақшалары болады
гүлшоғырда гүлдер саны 2-ден бірнеше 100-ге жетеді.
Жай гүл шашақ қарақат

шоғырлар қырыққабат

мойыл

мия

қараған

жай масақ жол желкен

собық жүгері

калла

жай шатыр пияз

адамтамыр

наурызшешек

ақшұнақ

шоғырбас беде

себет күнбағыс

бақбақ

өгейшөп

гүлкекіре
Күрделі гүлшоғырлар

күрделі шашақ жүзім

гүлшетен

тамыр

күріш

күрделі масақ бидай

бидайық

қарабидай

сырға қайың

терек

тал

көктерек

күрделі шатыр сәбіз

балдырған

аскөк


Гүл мен гүлшоғырлардың маңызы

мәдени гүлзарларда өсіреді реңі

пішіні

аңқыған хош иісі үшін

медицинада қолданылады түймедағы

жөке

қырмызыгүл т.б. шипалық

қасиеттері үшін

парфюмерияда хош иістері үшін

бал алады, дәмін кіргізеді жөке

қарамық гүл шірнелері

татымды дәм жасалады қалампыр

банан

бунақденелілерді еліктіреді тозаңдану үшін




1 Гүлшоғырда гүлдердің орна-

ласуы.

2Гүлшоғырлар-

дың түрлері.

3 Гүлдерінің пішіні, хош істі бөліп шығаруы.

4 Медицинада

қолданылады

5Парфюмерияда

қолданылады

6 Гүл шірнеле-

рінен бал алынады.

7 Бунақденелі-

лерді еліктіреді.

Практика және зерттеу бөлімі.

1 Орталық бө-

лімді толтыру

2 Топпен жұмыс

3 Жеке жұмыс

4 Күрделі, әсер ететін фактор-

ларды шешу

5 Бекіту

6 Үй тапсыр-

масын сұрау

7 Танымдық ойын

8 Оқушыларды

бағалау

9 Үйге тапсырма

§24 Гүлшоғырлар,

биологиялық

маңызы.

Зертханалық

жұмыс №13


Ой қорыту (нені білдік?)


шашақ


жай

масақ



собық




күрделі

шоғыр


жай

шоғыр



күрделі

шашақ



себет




күрделі

масақ

























1 жүгері 1 гүлшетен

2 жолжелкен 2 пияз

3 тары 3 қараған

4 наурызшешек 4 күнбағыс

5 бидай 5 калла

6 мия 6 қарабидай

7 балдырған 7 гүлкекіре

8 өгейшөп 8 сәбіз


Зертханалық жұмыс № 13
Тақырыбы: Жай және күрделі гүлшоғырлармен танысу.
Көрнекілігі: күріш масақтары, жүгері собығы, күнбағыс немесе

түймедағы себеті, сұлы масағы, сәбіздің гүлшоғыры,

мия гүлшоғырлары, асбұршақ, жолжелкен, балдырған

гүлшоғыры және т.б.
Орындалатын тапсырмалар


  1. Алдымен алдарыңа үлестірілген гүлшоғыр түрінің кеппешөбін жай және күрделі гүлшоғырға бөліп алу.

  2. Жай гүлшоғырлардың түрлерін талдап өсімдіктің атын жазып оқулықтағы суретпен салыстыру, суретін салу.

  3. Күрделі гүлшоғырлардың түрлерімен танысу, талдау, өсімдіктің атын білу, жай гүлшоғырларына ұқсастықтары мен айырмашылықтарын қарау.

Ой дамыту

Танымдық ойындар

«Гүл-дүние көркі» десек қателеспейміз. Гүлдердің де біздер сияқты жаны бар. Олар адамға үлкен пайда келтіреді. Кейбір гүлдер қоршаған ортаға жағымды. Энергия бөледі. Әр адамның өзінің сүйікті гүлі болады. Гүл адамды эстетикалық ляззатқа бөледі. Қазақ халқы қызды гүлге теңеген. Жақсылықта гүл силау-үлкен құрметтің белгісі.



Гүлдер, гүлдер. Көп гүлдер,

Қызыл гүлдер, көк гүлдер.

Жайнар кезім келді деп

Қанаттарын желбіреп,

Таңмен бірге оянып

Күн нұрына боянып

Көрік берген далаға.

Гүлдер, гүлдер не түрлі,

Құлпырды да жетілді.

Барлық дала өртеніп,

Бара жатқан секілді.

Өрт дегенім гүл екен,

Отқа ұқсап тұр екен.

Лүпіл қағып жүрегім

Үзіп алдым біреуін

Силайын деп анама.

Гүлдер, гүлдер шоқ гүлдер,

Қызыл гүлдер, көк гүлдер.

Тұра берші ырғалып,

Тұра берші нұрланып.

Сол тұрғаның ұнайды,

Құлпырғаның ұнайды,

Ұқсап сәби балаға. Т. Молдағалиев.

Кім білмес қыр аруы қызғалдақты,

Өң беріп көркейтеміз әрбір бақты.

Сәні деп өмірімнің, көңілімнің,

Сый етіп, мені жігіт қызға арнапты.

Оразақын Асқар.

Сауалнама ( ашық сабаққа қатысып отырған ұстаздармен сауалнама жүргізіледі)

  • Сіз қандай түсті гүлді ұнатасыз?

Қызыл – белсенділік пен өмірлік күш қуаттың белгісі. Бұл түсті батыл, табанды, ерік жігерлі адамдар ұнатады. Олар қызба, әсершіл, қызу қанды келеді. Негізінен олар жетекшілер.

Қызғылт – жалынның түсі ,негізінен ол адамдар ыстық қанды болып келеді. Олар жарқын, айрықша адамдар. Көптің ішінде ерекшеленіп тұрады. Жұрттың назарын өзіне аударып алады. Алға қойған мақсаттарына жету жолында өмірлерін қиюға әзір.

Сары- жылу мен жарықтың түсі. Бұл адамдар көпшіл, достыққа берік, еркіндікке талпынғыш. Ол бәрінен де өз еркіндігін биік қойып, әр түрлі шектеулерді жек көреді. Көңіл күй тез өзгергіш, оптимист адам.

Алқызыл- нәзік жанды ұяң жандардың түсі. Осындай адамдар туралы жұрт өмірдің тек жақсы, жарқын жақтарын ғана елеп ескеріп, қараңғы тұстарын ескергісі келмейді. Аузын ашса жүрегі көрінетін кіршіксіз, табиғи болмысты биязы және әдемі заттар мен жайлылықты сүйетін адам. Оған сезімталдық нық сенімділік қасиеттері де тән.

Ақ – шаттықтың түсі ақ түсті ұнататындар өте әсершіл қызба келеді, тез еліктегіш. Мұндай адамдар кейде өзінің ықпалында қалады, кейде ол өзгенің ықпалында да кетеді. Оларға өздерін демеп бағыттап отыратын сенімді достар ауадай қажет.

Көк – адамдар арасындағы жақсы қарым-қатынасты ең жоғары бағалайтын адамдар. Олар достықты бағалап, ал махаббатты бәрінен жоғары қояды. Олар зұлымдықты, салқынқандықты, араздықты ұнатпайтын ақтілекті жандар.

Қорытынды: сонымен балалар бүгінгі біз гүлшоғырлары мен олардың биологиялық маңызы тақырыбын өттік. Табиғатта гүлдердің түрлері өте көп, олар саналуан. Гүлдер бізді әсемдікке ізгілікке тәрбиелейді. Елбасының халыққа жолдаған « Жасыл ел» бағдарламасын орындау жолында өз үлесімізді қосуымыз қажет. Ол үшін сыныптағы бөлме өсімдіктерін күтіп баптап, аялап отыруымыз керек. Мектеп, өз үйіміздің айналасын көкаландыру жасыл желекке айналдыруға ат салысу бәріміздің парызымыз

№64 Ж.Аймауытов атындағы көп салалы мектеп-гимназия



биология пәні мұғалімі: Сеңгірбаева Әлия Исахқызы

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет