Оспан Гүлзат Есенгелдіқызы,
«Ордабасы» жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
ОҚО, Ордабасы ауданы
Сабақ тақырыбы: Адам ата
Сабақ мақсаты:
1. Білімділік: Алла тағаланың Адамды жаратуы туралы деректермен таныстыру,Адамата мен Хауаана, Ібіліс туралы түсініктерін кеңейту.Қазіргі таңдағы тіліміздегі діни терминдердің қолданысын ашу.
2.Дамытушылық: Мәтінге талдау жасай отырып, оқушылардың сөздік қорларын молайту, тілдерін дамыту.
3.Тәрбиелік: оқу - білімге деген қызығушылықтарын арттыру, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Сабақ әдісі: Топтау ,Сын тұрғысынан ойлау және жазу,постр әдісі,фишбоун,ассосация әдісі.
Пәнаралық байланыс: дінтану, тарих, қазақ тілі
Көрнекілігі: интерактивті тақта,слайд корсету, плакаттар, түрлі -түсті стикер мен маркерлер.
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасып, тугелдеу,зейіндірін сабаққа аудару. Сыныпты әр турлі суреттер арқылы топпен отырғызамын.
Ынтымақтастыру атмосферасы: Бәріміз біртіндеп бір –бірден ең жақсы деген сөзімізді айтайық.Мысалы : ана, мейірім, бақыт,жақылық, дос т.б рахмет осындай жақсы сөздермен бүгінгі сабақты бастаймыз.
Үй тапсырмасын «Білгіш доптан » сурайық. Доп лақтыра отырып сұрақтар қою.
-
Құран деген не?
-
Құранда неше сүре бар?
-
Мұхеммед деген кім?
-
Құранда нелер жазылған?
-
Үйде құран оқитын адам бар ма? Не үшін оқиды?
-
Мұхаммед пайғамбарға неше жыл ішінде әр түрлі оқиғалар жиберілді.
I. Қызығушылықты ояту
Айналайын Адам Ата, Хауа ана,
Алдыменен қайсың едің бастаған?
Әлде сен бе, айналайын, Хауа ана,
Қауызын ашқан гүлге ұқсап қараған?
Сыныпқа сұрақ. «Адам қалай жаратылды?»
Жеке, жұпта, топта тақылайды.
Жауаптары тыңдалады. (топырақтан, маймылдан, алла тағала т.б.)
-
топ «Болашақ»
-
топ «Мейірім»
-
топ «Көшбасшы»
II. Мағынаны ашу.
1-тапсырма Мәтіннен үзінді парақшалар таратылады, оқылады. «Адамата» тақырынан
1-топ сұрақтар қояды
2-топ жауап береді.
3-топ көмек және бақылаушы ретінде қызмет атқарады. Жауап беруші топқа көмек береді жауаптын дұрыс бұрыстығын бақылайды.
Осы әдіс айналып орын ауыстырылады.
Сұрақтары :1. Алла тағала адаматаны не үшін жаратты
2. Ібіліс пен періштенің айырмашылығы қандай
3.Алла Адамата мен Хауананы жер бетіне неге жиберді
Слайд көрсету.
Сөздікпен жұмыс
2-тапсырма
Үш топқа жекелеген жұмыс
1- топ шығармаға сюжетті композициялық талдау жасайды.
Әңгіменің композициясы
-
Басталуы: Алла тағалының алты күнде Адаматаны жаратуы
-
Дамуы: Періштелердің жаратылуы, олардың Адаматаға қызмет қылуы
-
Шиеленісуі: Ібілістің әрекеті, аллаға күпірлік етуі
-
Шарықтау шегі: Адамата мен Хауаананың жұмақты мекен етуі, тыйым салған ағаш жемісін жеп, Алланың әміріне қиғаштық жасауы.
-
Шешімі: Алланың Адамата, Хауа ана, ібілісті пәни дүниеге түсіруі.
2- топ шығармаға сатылай талдау жасайды.
Тақырыбы: Адамның жаратылуы
Идеясы: Адамның жақтаушысы періштелер, азғырушысы ібіліс
Тәрбиелік мәні: дініңе берік болу, аллаға күпірлік қылмау,жақсы мен жаманды айыра білу.
Көркемдік ерекешелігі: діни терминдер-сахаба, уаһи, хафиз т.б.
3-топ «Қарама-қарсы элементтер» стратегиясы
Жағымды кейіпкер
|
Жағымсыз кейіпкер
|
Періште, Алла тағала,Адамата, Хауана
|
Ібіліс(сайтан)
|
Жақсы әрекет
|
Жаман әрекет
|
Адамды жаратуы, жақтаушысы,жұмаққа кіргізуі
|
Адамата мен Хауаананы азғырып жеміс ағашын жегізуі, көре алмаушылығы
|
Сергіту сәті. Видиороликпен бірге би қимылдарын жасау.
3-тапсырма Ассосация жасау.
3 топқа үш сөз беріледі:, «Ібіліс», «Періште», «Алла»
ІІІ . Сабақты қорытындылау
1-топ «Шеберлігіңді шыңда» салыстыру
2-топ «фишбоун » әдісімен жұмыс.
3-топ Төмендегі діни термин сөздерді қатыстырып сөйлем құраңыздар.
Алла, азан, айт,құран .
ІV. Үйге тапсырма
Мәтінді толық оқу. Дінге байланысты мақал-мәтелдер жазып келу.
V.Бағалау.
«Өзін-өзі бағалау» парағы қолданылады.
Бағалау парағы
Достарыңызбен бөлісу: |