Сабақ тақырыбы «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық»



Дата06.09.2022
өлшемі38.36 Kb.
#460349
түріСабақ
01.09.22 Умурзакова Н.Е.


Сабақ тақырыбы

«Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық»

Мұғалімнің аты-жөні

Умурзакова Назгул Ерсарыевна

Жазылған күні:

29.08.2022 г.

Уақыты

Спикер сөзі

Ресурсы

0-2

Сәлеметсіздер ме оқушылар! Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық»

Баршаңызды бүгінгі білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын.


Сіздерге жаңа оқу жылында жаңа талпыныс, алдарыңа қойған жаңа талаптар мен шығармашылық ізденіс, білімде де спортта да жетістіктер жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілеймін. Біз сіздер сияқты ұрпағымызбен мақтануымыз керек.

Слайд№1

2-3



Білім алушылармен бірге білімге ұмтылу, отаншылдық, еңбексүйгіштік құндылықтарының адам өміріндегі рөлін талқылау

Слайд№2



3-4



Бүгін сабақта сіздер:
Білімнің адам өміріндегі маңызымен танысасыздар;
Еңбек түбі береке екенін білесіздер;
Отаншыл болуға үйренесіздер:






4

Жазғы демалыстарыңызды жақсы өткіздіңіздер
Ендігі міндет - жаңа оқу жылын ерекше құлшыныспен бастау, еліміздің ең үздік оқушысы болуға талпыну.

Слайд№3

4-5

Білімді ұрпақ - ұлт болашағы.
Білімді ұрпақ – еліміздің болашағы, ертеңі. Тәуелсіз еліміз қанатын кере жайып, ел мәдениеті өркендеген қазіргі заманда тек білімді жастар ғана ұлтымызды асқақ, елімізді, туымызды көкке көтереді.
Қоғамның негізгі өзегі жастар. Саналы қоғамда білімді азаматтармен бірге өмір сүрген жастар өз бойында білімге деген құштарлық пен ізгі қасиеттерді қалыптастыратыны сөзсіз.
Қазақстанның жарқын болашағы тек білімді жастармен ғана қалыптаспақ.

Слайд№4

5-10



Миға шабуыл
Адамды адам еткен еңбек деген халық даналығынан не ой түйесіңдер?



Слайд№5

10-12

Толықтырыңдар. Қай ғалымның сөзі?
....... - күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ....., ......, - бәрі осыдан шығады.

Слайд№6






Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік -бәрі осыдан шығады.
АБАЙ

Слайд№7

13

Еңбек, білім туралы ұлы ойшылдардың сөздері
«Еңбекті жан тәніңмен сүймейінше, ешбір талант та, ешбір кемеңгер де шықпайды»
Д. И. Менделеев

Слайд№8

14-16
2минут видео



Талап, еңбек, терең ой
Бейнероликті тамашалайық. https://youtu.be/FTS2HlYBSO0



Слайд№9

17-22

Білім дегеніміз не?



Слайд№10




Адамның білімсіз өткен бір күні бос күні.
Батыл бірді жықса, білімді мыңды жығады.
Білім адам бойындағы ең мықты қаруы.
Адамзаттың жетер ең биік шыңы білімді толық меңгерген күні. Білім сонау ғасырдан адам баласына танылған. Күллі адамзат өмірін білімге арнайды. Себебі, білім ұрпақтан-ұрпаққа берілетін шежіре, тарих, өнеге, тәрбие!
Адамдар бір орында тұрған жоқ, жылдан-жылға түрлі технологиялар, жаңа білім бағдарламалары ойлап табылып, білім сапасы артуда. Білімді ұрпақ сау келешектің кепілі.
Білім - асыл қазына. Білім инемен құдық қазғандай. Адам қаншалықты білімді болса, соншалықты бай қуатты болады. Қазақстанның азаматы:
Білімді, адамгершілігі мол, бәсекеге қабілетті, еңбексүйгіш, мәдениетті, өз құқығын білетін, бойында адами құндылықтар дарыған, саналы ұлтжанды,
Жас ұрпақтың білімге деген қызығушылығы қашан да жоғары.
Адамдар бір орында тұрған жоқ, жылдан-жылға түрлі технологиялар, жаңа білім бағдарламалары ойлап табылып, білім сапасы артуда. Білімді ұрпақ сау келешектің кепілі.
Білімді адам ең бай адам. Адам ешқешен білімге толық қанық бола алмайды. Байлық мансап, мақсатқа жету жолында білімнің маңызы зор. ХХІ-ғасыр ақпарат пен технологияның заманы.
Ендігі адамдардың білім алу деңгейлері мүлдем жаңа деңгейге көтерілді, сапасы артты. Ізденген адамға білім ақпарат алу көздері жетерлік. Тіпті тілді технологияның арқасында бір орнында ешқайда шықпай-ақ үйрене алады. Мұның бәрі білімнің шексіз құдіреті.

Слайд№11-15

23-29

Отаншылдық дегеніміз не?

Слайд№16




Партриотизм – адам баласының туған жерге адалдығының сүйіспеншілігінің, риясыз махаббатының белгісі. Ұлтшылдыққа, рушылдыққа, жершілдікке, жікшілдікке ұласпаған парасатты ойынан туатын асыл қасиеті, оның қоғамға білдіретін ішкі қағидасы.
Партриотизм – адам баласының отанына, туған тіліне, дініне, салт-дәстүріне деген махаббатының еліне деген құрметімен бітіскен жері.
Ұлтжандылық қасиет – ұрпақтан-ұрпаққа қан арқылы беріледі, ата-анадан жаралғаннан бастап қалыптасып, бойымызға сіңе бастайды.
Анамыздың құрсағынан босанып, туған жердің ауасымен алғаш тыныстағанда сол ауа арқылы бойымызға дариды. Қашан болмасын туған жерге барып «ауасын бір жұтсам, топырағын иіскесем» деп алғаш тыныстаған ауаны аңсап тұратынымыз тегіннен тегін емес.

Слайд№17-18

30

Бүгін сабақта сіздер:
Білімнің адам өміріндегі маңызымен таныстыңыздар;
Еңбек түбі береке екенін білдіңіздер;
Отаншыл болуға үйрендіңіздер:



Слайд№19





Осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды. Сау болыңыздар!







Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет