Сабақ тақырыбы Дұрыс көпбұрыштар



бет1/2
Дата21.05.2024
өлшемі396.78 Kb.
#501671
түріСабақ
  1   2
2 9сынып. Дұрыс көпбұрыштар

Қысқа мерзімді жоспар



Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
Шеңбер. Көпбұрыштар




Күні:




Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Дұрыс көпбұрыштар.



Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.1.2.2 дұрыс көпбұрыштардың анықтамасын және қасиеттерін білу;

Сабақ мақсаттары

Дұрыс көпбұрыштың анықтамасын біледі;

Бағалау критерийлері

Оқушы мақсатқа жетті, егер:

  • дұрыс көпбұрыштың анықтамасын біледі;

  • дұрыс көпбұрыштың қасиеттерін біледі;

  • есептерде формуланы қолданады;

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология: шеңбер, доға, радиус, көпбұрыш, шеңберге іштей сызылған дұрыс көпбұрыш; шеңберге сырттай сызылған дұрыс көпбұрыш; шеңбер ұзындығы; доға ұзындығы

Құндылықтарды дарыту

Қомандада жұмыс істеуге, жауапкершілікке, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Академиялық әділдік, шығармашылық ұрлыққа және ақпаратты оның шыққан көзін көрсетпей көшіруге төзбеушілік қағидаттарын сақтаудан тұратын басқа адамдардың идеялары мен ойларын құрметтеу.

Негізгі
дағдылары

Өзін-өзі реттеу дағдылары:  
Сабақтағы тапсырмаларды орындау кезінде өздері жұптасады, өзінің уақытын берілген уақытқа сай реттейді және түсінбеген тұстарын басқа жұптардан немесе мұғалімнен сұрайды.

Бастапқы білім



төртбұрышқа іштей сызылған шеңбердің және төртбұрышқа сырттай сызылған шеңбердің анықтамаларын білу; қасиеттерін білу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы
3 мин

І.Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақтың мақсатын оқушылармен айқындау. Бағалау криетрийлерін құрастыру.




Сабақтың ортасы
10 мин

10 мин


15 мин


Еске түсіру.
Оқушылардан:

  1. Төртбұрыштың анықтамасын сұрау.

  2. Дөңес төртбұрыштың анықтамасын сұрау.



Жаңа сабақ.
Мұғалім слайдтан анықтамаларды көрсетеді.
Анықтама 1.
Көпбұрыш – жазықтықтағы кез келген тұйық сынық сызық. Сынық сызықтың әрбір бөлігі көпбұрыштың қабырғасы, ал олардың ұштары көпбұрыштың төбелері деп аталады.


- көпбұрыштың қабырғалары,
- көпбұрыштың төбелері және көпбұрыштың диогоналдары.


Анықтама 2.
Дөңес көпбұрыш.
Егер көпбұрыштың төбелері кез келген қабырғасы арқылы жүргізілген түзудің бір жағында жатса, онда оны дөңес көпбұрыш дейді.

Оқушылармен бірге дұрыс көпбұрыштың анықтамасын талқылау.


Анықтама 3.
Дұрыс көпбұрыш.
Егер көпбұрыштың барлық қабырғалары мен ішкі бұрыштары өзара тең болса, онда оны дұрыс көпбұрыш деп атайды.
Дұрыс көпбұрыш деп – барлық қабырғалары мен барлық бұрыштары тең дөңес көпбұрышты атайды.
Оқушылармен бірге дұрыс көпбұрыштың анықтамасын талқылау.
Дұрыс үшбұрыштың және дұрыс төртбұрыштың басқаша аталуын және қасиеттерін еске түсіруді сұрау.

Дұрыс көпбұрыштардың кейбіреулерінің атаулары латын тіліндегі бес – пента, 6- гекса, 7-септима, 8- октава 9- новембер, 10-децембер атауларына байланысты.
Үшбұрыш – тең қабырғалы үшбұрыш
Дұрыс төртбұрыш – квадрат
Бесбұрыш - пентаграмма
Алтыбұрыш – гексаграмма
Жетібұрыш – септаграмма
Сегізбұрыш – октаграмма
Тоғызбұрыш – нонаграмма
Онбұрыш – декаграмма
Келесі төмендегі фигуралар дұрыс көпбұрыш болып табыла ма?

Жауабы: жоқ, олар жартылай дұрыс көпбұрыштар:
Жұптық жұмыс.
Оқушылар өздері жұптарға бірігеді. / Өзін-өзі реттеу
Есепті шешпес бұрын, оқушыларға көпбұрыштың барлық бұрыштарының қосындысы (n-2)180° екенін еске түсіру және n-ші бұрыштың бір бұрышын табу формуласын бірге қорытып шығару:

Әр жұпқа келесі есепті шығаруды ұсыну:

  1. Дұрыс сегізбұрыштың бұрыштарын табыңыз.

Шешуі: n=8 жоғардағы формулаға қойамыз, сонда дұрыс сегізбұрыштың бір бұрышы-135° тең.

  1. Дұрыс көпбұрыштың қабырғалар санын табыңыз, егер:

а) оның әрбір бұрышы 140°-қа тең болса;
ә) оның әрбір сыртқы бұрышы 36°-қа тең болса;
Шешуі: оқушылар n-ші бұрыштың бір бұрышын табу формуласынан көпбұрыштың қабырғалар санын қорытып шығарады:
Жауабы: а) n=9; ә) n=10

  1. Суреттегі ABCDЕ дұрыс бесбұрышты білдіреді. ал ∆ABF – теңқабырғалы үшбұрыш. AFЕ бұрышы неге тең?


  1. ABCDЕ... дұрыс көпбұрышында BDЕ бұрышы 120°-қа тең. Дұрыс көпбұрыштың қабырғаларының санын анықтау.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет