Сабақ тақырыбы Екінші сыныпта оқимын Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары



бет1/2
Дата18.04.2023
өлшемі267.08 Kb.
#472365
түріСабақ
  1   2
1 саб


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Қазақ тілі Т2
Күні:
Сынып: 2

Бөлім: I.Өзім туралы
Педагогтің аты-жөні:
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Екінші сыныпта оқимын

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

2.1.1.1 Ауызша тіл ж/е тыңдау-көру материалын тыңдау ж/е қарапайым сөйлемдерді түсініп қайталау.
2.1.2.1 Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздерден құралған қарапайым сөйлемдердің мағынасын түсіну.
2.2.3.1 Тілдік нормаларды сақтай отырып, белгілі бір тақырыптағы әңгімеге қатысу және сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Ауызша тіл ж/е тыңдау-көру материалын тыңдайды ж/е қарапайым сөйлемдерді түсініп қайталайды.Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздерден құралған қарапайым сөйлемдердің мағынасын түсінеді.Тілдік нормаларды сақтай отырып, белгілі бір тақырыптағы әңгімеге қатысу және сұхбаттасының не туралы айтқанын түсінеді.

Тілдік мақсаттар

Нешінші? Екінші, үшінші қабатта

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/
уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау



Ресурстар

Сабақтың басы
7 минут



Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу.Көтерiңкi көңiл-күй oрнaту үшiн «Көңіл-күйім» әдісін қолдану арқылы сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл-күй қалыптастыру. Кабинеттің төрт бұрышына смайликтер жапсырылады. Смайликтер түрлі көңіл-күйді бейнелейді. Оқушылар өз көңіл-күйіне сәйкес келетін смайликтің жанына барады. Бір-біріне жақсы тілектер айтады

слайд

Суреттер


Сабақтың ортасы
30 минут



Сөздікпен жұмыс:
Нешінші?
Екінші
үшінші қабатта
1. Жаңа сөздердің мағыналарын түсіндіру. 2. Дұрыс айтуға дағдыландыру: мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;

Жаңа сөздерді тыңдайды, оқиды, мұғалім соңынан қайталайды.


Оқушылар жаңа сөздермен сөз орамдарын, қарапайым сөйлем құрастырады.
Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазады.





Ауызша кері байланыс беру. Жақсы! Тамаша!


Оқулық
4 бет

сөздік
слайд




1-тапсырма
Мәтінді мәнерлеп оқиды.
-Сәлем! Менің атым-Андрей.Сенің атым кім?Сен ненінші сыныпта оқисың?
-Сәлем! Менің атым-Әлібек.Мен екінші сыныпта оқимын.
-Сәлем! Менің атым –Айгүл.Мен үшінші сыныпта оқимын. Сен ше?
-Сәлем! Менің атым-Рая. Мен бірінші сыныпта оқимын.

Тыңдалым. Оқылым. «Моншақ үзілмес» ойыны.
Мәтінді тізбектеп оқиды, аударады, суретке сәйкес сөйлемді табады. Сұрақтарға жауап береді


-Әлібек нешінші сыныпта оқиды?
-Айгүл нешінші сыныпта оқиды?
-Рая нешінші сыныпта оқиды?

Дескриптор:
-мәтінді қатесіз оқиды
- сұрақтарға жауап береді;
- іс-әрекетке түсініктеме береді
-сөйлеу барысында септік жалғаулы сөздерді дұрыс қолданады
-суретке сәйкес сөйлемді таңдайды

Оқулық
4 бет

Оқулық
5 бет



2-тапсырмаТыңда. Қайтала. Оқы.
Менің атым-Әлібек. Мен екінші сыныпта оқимын.Мынау-менің мектебім.Менің мектебім үлкен.Менің сыныбым бірінші қабатта.Мен екінші қатарда,үшінші партада отырамын.

Оқы. Сөйлемдерге сүрақ қой.
Үлгі:Оның аты-кім?





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет