Сабақ тақырыбы: Естиярлар тобында сурет салу түрлері
ОН 3.5.
Сурет салу, аппликацияда көркемдік-шығармашылық дағдылар
ды қалыптастыру
Қоғамда, айналамыздағы ортада болып жатқан қарқынды өзгерістер шығармашылық қабілеті бар, қажетті жағдайда соны әрі ерекше шешім қабылдайтын жеке тұлғаның алдына үлкен талаптар қояды. Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және оны тәрбиелеу – бүгінгі таңдағы көкейтесті мәселелердің бірі. Шығармашылық – бүкіл тіршілік көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Бұған бүкіл халықтық, жалпы және жеке адамның шығармашылығы арқылы келдік. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді. Баланың шығармашылығын дамытуды көздейтін педагогтің өзі шығармашылықпен жұмыс жасауы керек. Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында ұйымдастырылған оқу қызметі барысында жаңа технология элементтерін пайдалану тиімді. Педагогтер балалардың ҰОҚ-не қызығушылығын арттырып, оған көңіл қоюын қадағалау, дидактикалық ойын түрінде сәбилердің бірінші тобында сурет пен мүсіндеу және жапсыру дағдыларын қалыптастырып, ынта-ықыластарын тәрбиелеу міндеті тұрады. Балаларға берілетін білім деңгейі мен іскерлік дағдыларын меңгерту мақсатында оқу уақытын екі аптадан жұптап: бірінші аптада жаңа түсініктерді меңгертуге, екінші аптада білім деңгейін кеңейтіп, тиянақтап бекітуге арналған тақырыптар ұсынылады. Олардың бейнелеуге деген қызығушылығын қалыптастыруға арналған ұқсас тақырыптар дербес көркемөнер бұрыштарындағы жұмыстарды жасау барысында жалғастырылады. Арнайы ұйымдастырылатын тәрбиелеу іс-әрекеті кезеңінде бейнелеу өнері тіл дамыту, музыка, математика, дене тәрбиесі және еңбек т.б. сабақтастырыла жүргізіледі. Бұл жұмыс барысында алған білім дағдылары ұдайы қайталанып, жетілдіріліп, 6 күнделікті іс-әрекет барысында жүйелі жалғасын табуы қажет. Педагог сәбилер тобында мақсатты серуендер мен саяхаттар ұйымдастыру арқылы балаларды жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін, өзгерістерін бақылай білуге үйретеді. Айналадағы өсімдіктер, жануарлар, құстар тіршілігі жайында мағлұмат береді. Адамдардың өмірі, еңбек әрекеті, тұтынатын бұйымдары, тұратын мекен-жайы туралы көрсетіп, әңгімелеседі. Көркемөнер туындылары бойынша әңгіме барысында шағын көлемді мүсіндер, көркем суреттер, әдемі безендірілген кітапшалар, түрлі түсті әдемі ойыншықтарды ұстап көріп, қасиетімен таныстырып, неден жасалғаны, көлемі, пішіні, құрылысы туралы жалпы түсінік қалыптастырады. Осылайша қоршаған ортадан көргендерін бейнелеу іс-әрекетінде беру, іскерлік дағдыларды меңгеру, бейнелеудің мәнерлеу құралдарын игерумен қоса жүргізіледі. Ең алдымен, майлы қарындаштармен жұмыс жасау тәсілдерін үйренеді, қарындашты қалай ұстау керек екенін, сызықтардың түрлерін (түзу, қисық, жуан, жіңішке, тұйық т.б.) сызуды меңгеруде қолдың жоғарыдан төмен карай, солдан оңға қарай т.б. қимылқозғалысын жаттықтырады. Жұмыс барысында қағазды ұқыпты пайдалану, оны жыртып, умаждауға болмайтыны, сурет салу барысында қағаз бетіндегі кеңістікті дұрыс бағдарлай білу үйретіледі. Қарындашпен жұмыс істеуді меңгергеннен кейін қылқаламмен бояудың әдіс-тәсілдеріне машықтандырады. Ол үшін педагог гуашь бояуды қою етіп езіп дайындап алады да, қылқаламның ұшын ғана бояуға малып, ыдыстың шетіне сүйкеу арқылы азайтып, қағазға жағу тәсілдерін көрсетеді. Бейнелеу құрал-жабдықтарымен танысқаннан кейін өздігінен жаттығу жұмыстары (өз бетінше сурет салу) жүргізілуі қажет. Түстерді ажырата білуде, алдымен, бояудың бір ғана түсін, содан кейін біртіндеп екі-үш түсті (қызыл, жасыл, көк), жылдың аяғына қарай алты-сегіз түсті пайдалануды ұсынуға болады. Бояуды ағызбай-тамызбай, таза жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға көңіл бөлу керек. Сурет салуға қызығушылығы мен белсенділігін арттыру педагогтің ойын тәсілдері мен көрнекіліктерді тиімді дұрыс пайдалану шеберлігіне байланысты болады. Ол үшін педагог алдын ала қиып дайындалған «Қошақандар», «Құстар» тәрізді тақырыптардағы үлестірмелі суреттерді таратып береді де, балаларға арнап «шөп», «шумақталған жіп», «шоқып жейтін дәндер» суреттерін салады. Сол сияқты бөлмеде өсірілген гүлдердің, бақшадағы көгөністердің, жеміс ағаштарының суреттерін көрсетеді. Көргендерін өздерінен сұрайды. Қалай аталады? Гүл өсіру үшін не керек? Гүлге не құямыз? Немен құямыз? т.б. сұрақтарды қояды. Балаларға берілетін қағаздың төменгі бөлігіне гүлдердің, көгөністердің суреті салынады, «Енді өсімдіктерді суға қандырамыз», – деп үзік сызықтармен жаңбыр тамшыларын салады. Сызықтарды ауада қол қимылы арқылы салып, содан соң үлгіден көрсетеді, балалар педагогке еліктеп, қайталап қағазға түсіреді. Сурет салғанда заттың пішінін дәл беру мақсаты көзделмейді, тек ұқсас бейнелер беруге үйренеді. Мұндай түсініктер ойын-жаттығулар арқылы меңгеріледі. Мысалы, «Ұшты, ұшты, жапырақтар ұшты», «Түрлі түсті шарлар ұшырамыз», «Хат жазамын» т.б. ойындар арқылы. Балалар қарапайым заттардың жетіспейтін бөліктерінің: гүлдердің сабағын, жалаушаның таяғын, күректің сабын т.б. суретін салып бітіруге әрекеттенеді. 7 Балалар бейнелеу ҰОҚ арқылы өмірдегі, айнала қоршаған ортадағы әсемдік пен әдемілікті сезініп қабылдай отырып жақсылыққа үйренеді, жаманнан жиренеді. Өмірдің көңілді немесе жабырқау кезеңдері болатынын біліп, табиғат құбылыстары өзгерістерін бақылап, әр алуан көңіл күйге бөленіп, әлем тылсымы ерекшеліктері жөнінде алғашқы түсініктері пайда болады. Мысалы: педагог жапырақтардың желмен қалай ұшатынын, жаңбыр қалай жауатынын, күн сәулесінің қалай мол түсетінін т.б. еске түсіріп, суретін салуды ұсынады. Бұл топтағы бейнелеу ҰОҚ-ін дұрыс ұйымдастыру үшін жыл басынан сабақты топты 8–10 баладан шағын топтарға бөліп өткізу керек. Педагог әр баламен жеке жұмыс жасап, әрекетін көріп отыруы қажет. Әр топпен жеке жұмыс ұйымдастырып, олар бейнелеу өнерін меңгере бастағанда толық топпен біріктіріп өткізуге болады. Балалардың салған суреттерін ҰОҚ-нен кейін барлығына көрінетін жерге қойып, бірге қарап шығады да, жетістіктері мадақталып, кемшіліктері болса болашақта дұрыс жасауға ынталандыра отырып, ескерту жасалады. Педагогке әдістемелік бағыт-бағдар алу үшін «шығармашылық» білім беру саласын ұйымдастырудың перспективалық жоспары мен ұйымдастырылған оқу қызметінің үлгі жоспарларын ұсынамыз. А
Достарыңызбен бөлісу: |