Сабақ Тақырыбы: «Ғарыш әлеміне саяхат» Мұғалім: Амангелді Мадина Дарханқызы Сынып: 2 "А" 2023-2024 оқу жылы Кіріктірілген білім беру саласы: Таным, Денсаулық



бет1/3
Дата06.05.2024
өлшемі0.5 Mb.
#500640
түріСабақ
  1   2   3
Ғарыш әлеміне саяхат ашық сабақ



Ашық сабақ

Тақырыбы: «Ғарыш әлеміне саяхат»
Мұғалім: Амангелді Мадина Дарханқызы
Сынып: 2 “А”

2023-2024 оқу жылы




Кіріктірілген білім беру саласы: Таным, Денсаулық.
Білім беру бөлімі: ҚМҰҚ, Денешынықтыру.
Тақырыбы: «Ғарыш әлеміне саяхат»
Мақсаты: 1. Балаларға ғарыш, ғарыштық ұшулар, ғарыш туралы түсінік беру. Қазақстанның тұңғыш ғарышкерлері туралы түсінік бере отырып, балалардың ғарыш әлеміне қызығушылығын арттыру; Тапсырмалар арқылы іс – қимылдарын дамыту, ұсақ саусақ моторика қабілеттерін дамыту, ғарышқа саяхат арқылы балалар қиялдарын шыңдау Алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
2.Геометриялық пішіндер, кеңістікті бағдарлау, уақытты бағдарлау бөлімі бойынша балалардың ой өрісін дамыту, айтылған сан бойынша заттарды санап шығу. Уақытты бағдарлау жөніндегі білімдерін (таңертен, күндіз, кеш, түн) тереңдете түсіндіру , логикалық ойлау қабілетін дамыту. Зейінін ақыл ой белсенділігін, тез ойлауға, жылдам есептеуге құлшынысын ояту. Ұжыммен бірлесіп әрекет жасауға тәрбиелеу, құрмет сезімдерін тәрбиелеу.
Әдіс тәсіл: түсіндіру, көрсету, сұрақ жауап, дидактикалық, логикалық ойындар.
Көрнекіліктер: геометриялық пішіндер, үйлестірмелі материалдар, түрлі түсті текшелі суреттер, санды кубиктер.
Билингвистикалық компонент: Ұшақ-самолет, зымыран-ракета, тікұшақ-вертолет

Ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекет кезеңі

Педагогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық кезең



Қонақтармен сәлемдесу.
Шаттық шеңбері
Отбасының гүліміз,
Көңілді өтер күніміз.
«Қайырлы таң» -деп айтамыз,
Бір болып, кеште қайтамыз.



Сәлеметсіздер ме!
Балалар қимылмен көрсету арқылы орындайды.



Ұйымдастырушылық-ізденушілік кезең

Педагог: -Ал, балалар бүгінгі көңіл- күйлерің қалай?
Педагог -Олай болса балалар бүгінгі ашық оқу іс-әрекетімізді көңілді отырып бастайық. Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? Бұл мезгілде ауа-райы қандай болады?
Педагог: -Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?
Педагогі-Балалар көктем мезгілінде үш ай бар. Наурыз, сәуір, мамыр. Қәне қайталайықшы.
Педагог:балалар қазір сәуір айы. Бұл сәуір айында үлкен мереке бар. Ол Ғарышкерлер күні.
Ғарышкерлер дегеніміз – олар ғарышқа, аспан әлеміне ұшатын адамдар. Аспан әлемінде көптеген ғаламшарлар бар. Ал, біздер жер бетінде өмір сүреміз.(суреттер көрсетіледі)



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет