Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
6.3D Кеңістіктегі фигуралар
|
Мектеп: Атырау қаласы ХББ НЗМ
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні: Шамеденова Л.Х.
|
Сынып: 6
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы
|
Фигуралардың кеңістікте орналасуы. Кеңістік фигураларын кескіндеу, «көрінбейтін» сызықтар. Вектор ұғымы
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
6.3.2.4
кескіні бойынша фигураны ажырату, жазық және кеңістік фигураларын кескіндеу;
|
Сабақ
мақсаттары
|
Оқушылар:
кеңістікте ойлау дағдыларын қалыптастыру;
кескіні бойынша фигураның проекцияларын танып біледі;
жазық және кеңістік фигураларын кескіндеуді үйрету.
|
Бағалау
критерийлері
|
Оқушылар:
стереометрия бөлімін сәтті меңгерді;
кескіні бойынша фигураның проекцияларын біледі;
жазық және кеңістік фигураларын кескіндейді.
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар:
- кеңістіктегі фигураны жоғарыдан, алдыңғы жағынан, сол жағынан қарағанда салған кескіндерін негіздейді.
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
- проекция;
- кеңістіктегі фигураның төбесі, қыры, жағы;
- бүйір жағынан, жоғарыдан, алдыңғы жағынан;
- жазба;
- кеңістік фигураны бұру;
- сағат тілінің бағытымен бұру;
- сағат тіліне қарсы бұру.
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
- жазбаны жинау үшін …;
- берілген фигураның ... жағы;
- үстінгі жағы ... орналасады;
- берілген жазбаға ... фигурасы сәйкес келеді;
- егер фигураны ойша бұруды елестететін болсақ, онда ... көреміз;
- егер фигураға жоғарыдан (бүйір жағынан) қарасақ, онда ... .
|
Құндылықтарды
дарыту
|
Жалпы сыныптық жұмыстағы тапсырмаларды орындағанда ынтымақтастық пен өзара құрмет құндылықтарын дарыту. Жеке тұлғааралық қарым-қатынасты қалыптастыру және қолдау, өзара құрмет, өзара жауапкершілік.
|
Пәнаралық
байланыстар
|
Кеңістіктегі фигураны жоғарыдан, алдыңғы жағынан, сол жағынан қарағанда салған кескіндерін негіздейді, стереометрия бөлімі бойынша алғашқы түсінік қалыптасады.
|
|