Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.3D Кеңістіктегі фигуралар
|
Мектеп: Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні: Каражигитова К.Е.
|
Сынып: 6
|
Қатысқандар саны:
|
Сынып: 6
|
Сабақ тақырыбы
|
Фигуралардың кеңістікте орналасуы. Кеңістік фигураларын кескіндеу, «көрінбейтін» сызықтар. Вектор ұғымы.
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)
|
6.3.2.4 кескіні бойынша фигураны ажырату, жазық және кеңістік фигураларын кескіндеу
|
Сабақ мақсаты
|
Оқушылар:
• кеңістік фигураларының кескінін бейнелеуді үйренеді.
|
Бағалау критерийлері
|
Оқушы:
кеңістік фигураларының жазбасын көрсете алады;
кеңістік фигураларының кескінін бейнелейді;
кеңістік фигураларының жазбасын жинау жолын негіздей алады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар:
жазбаларды салуға түсінік береді;
фигураны бұру барысында таңдаған кескінді сипаттайды;
кеңістіктегі фигураны жоғарыдан, алдыңғы жағынан, сол жағынан қарағанда салған кескіндерін негіздейді.
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
проекция;
кеңістіктегі фигураның төбесі, қыры, жағы;
бүйір жағынан, жоғарыдан, алдыңғы жағынан;
жазба;
кеңістік фигураны бұру;
сағат тілінің бағытымен бұру;
сағат тіліне қарсы бұру.
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
жазбаны жинау үшін …;
берілген фигураның ... жағы;
үстінгі жағы ... орналасады;
берілген жазбаға ... фигурасы сәйкес келеді;
егер фигураны ойша бұруды елестететін болсақ, онда ... көреміз;
егер фигураға жоғарыдан (бүйір жағынан) қарасақ, онда ... .
|
Құндылықтарды дарыту
|
Топта жұмыс жасау арқылы бір-біріне деген құрмет құндылығын өзін-өзі, бірін-бірі тексеру арқылы академиялық адалдық құндылығын дарыту
|
Пәнаралық байланыстар
|
Оқушылар геометриялық фигуралар, кеңістік фигуралар туралы, олардың өмірде қолданылуы туралы түсінік алады.
|
Бастапқы білім
|
Текшенің, тік бұрышты параллелепипедтің жазбаларын салу дағдылары; симметриялық фигураларды салу дағдылары бар.
|