Атырау мұнай және газ технологиялық колледжі
Химия пәнінің оқытушысы Далеуова Алмагуль Асауовна
Сабақ тақырыбы: «Галогендер және олардың қосылыстары»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға галогендердің, хлордың периодтық жүйедегі орны, қасиеттері, қолданылуы туралы мағлұмат беру.
Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту. Химиялық тәжірибелер арқылы теория мен практиканы ұштастыру.
Тәрбиелік: оқушыларды топпен жұмыс жасауға қалыптастыру, пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: дәріс – сұхбат, түсіндіру, сұрақ- жауап,жеке және топпен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, таратпалар,
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, топқа бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Сабақ әдісі : Баяндау, сұрақ- жауап.
Сабақ жоспары: 1. Ұйымдастыру.
2. Өткен тақырыпқа пысықтау сұрақтары.
3. Жаңа сабақты түсіндіру
3. Ойын барысы.
4. Бекіту.
6. Бағалау .
5. Үй тапсырмасын беру
Топ студенттерін 3 топқа бөлеміз
ІІ. Психогеометриялық фигура
Квадрат: Қайраткер, еңбекшіл форма, ұйымшыл, дәл, қатаң тәртіпті, ережені ұстану, аналитикалық ойлау қабілеті, ұсақ заттарға зейінділік, фактіге жүгіну, жазба сөйлеуге құштарлық, ұқыптылық, тазалық, сақтық, салқынқандылық, үнемшілдік, тұрақтылық, талапшыл, шешімінен қайтпау, шыдамдылық, еңбекқорлық.
Үшбұрыш: Бұл лидерліктің символы, мақсатына бағытталу, дегеніне жету,лидер, билікке ұмтылыс, қайткен күнде жеңіске жету, проблеманың өзегіне үңілу, өзіне деген сенімділік, шешімге тез келе алу, сезімталдық, батылдық, өте белсенділік,тәуекелшілдік, жоғары еңбекқорлық, көңіл көтерудегі еркіндік, күшті саясатшы, тапқырлық, қарым-қатынаста көпшіл.
Шеңбер: Мифологиялық тұрғыдан үйлесімділік (гармония) символы.
Құнды қасиеттері: адамдар, олардың жайы, жақсы қарым-қатынас орнату, қарым-қатынасты қажетсінуі өте жоғары, ұжымды біріктіргіш, ашық, өзгелерге қамқоршы, қолы ашық – мырза, өзгені түсіну, жақсы интуиция, байсалдылық, сенгіштік, өзгелерді иландыра алу, әділетсіздікке қарсы тұруда батылдық танытады, қоғамдық жұмысқа бейімділік, таныстары мен достары көп.
Өткен тақырыпқа пысықтау сұрақтары:
Квадрат тобы:
Күкірттің химиялық таңбасы
Мына қосылыстардың ішінен күкіртті қосылыстардың формуласын тауып ,атын ата:
СаО,Н2S, NaOH ,SO2, H 2O, HNO3,MgCI2 ,Fe2 (SO 4)3
Күкірт қышқылының физикалық қасиеттері қандай ?
Үшбұрыш тобы:
Күкірттің электрондық формуласы
Күкірт қышқылының формуласы
Мына реакция теңдеуін аяқта: а) Mg+H2S O4→ ә) Zn O+ H2S O4→ б) Na3 PO4 + H2S O4→
Шеңбер тобы:
Мүмкін болатын валенттігі
Мүмкін болатын тотығу дәрежесі
Мына айналымды жүзеге асыр: S → SO2 → SO3 → H2 S O4 → K2 S O4
Сабақтың барысы:
ҮІІА топшасы элементтерінің қасиеттері
Қасиеттері
|
F
|
Cl
|
Br
|
I
|
At
|
Реттік нөмірі
|
9
|
17
|
35
|
53
|
85
|
Салыстырмалы атомдық массасы, м.а.б
|
18,998
|
35,453
|
79,904
|
126,90
|
209,99
|
Валенттік электрондары
|
2s2 2p5
|
3s2 3p5
|
4s2 4p5
|
5s2 5p5
|
6s2 6p5
|
Физикалық күйі
|
Ашық жасыл газ
|
Сары жасыл газ
|
Қызыл қоңыр сұйық
|
Қара күлгін крист.
|
Қара көкшіл крист.
|
Химиялық қасиеттері. Күн сәулесі әсерінен хлор сутекпен қопарылыс түзе әрекеттеседі:
H2 + Cl2 = 2HCl
2Sb + 5Cl2 = 2SbCl5
Cu + Cl2 = CuCl2
2Fe + 3Cl2 = 2FeCl3
2Na + Cl2 = 2NaCl
Қолданылуы.
Хлор – маталарды ағартуда, ағартқыш әк, тұз қышқылын алуда, ауылшаруашылығы зиянкестеріне қарсы күресте пайдаланылатын заттарды алуға, ауыз суын тазартуда қолданылады. Хлорды уландырғыш заттар алуда да қолданылады: Фосген СОCl2, иприт (С2 Н4 Cl)2 S, хлорпикрин CCl3 NO2 т.б (видео көру)хлорды тұншықтырғыш улы зат ретінде Геррмания мемлекеті қолданған.
Алынуы. Алғаш рет 1774ж швед химигі К.Шееле тұз қышқылымен МnО2 – ге әсер етіп, хлорды алды. Астат- радиоактивті элемент.
Зертханада.
МnО2 + 4HCl = MnCl2 + Cl2↑ +2H2 O
16HCl + 2KMnO4 = 2MnCl2 + 5Cl2↑ +8H2 O + 2KCl
6HCl + KClO3 = KCl + 3Cl2↑ +3H2 O
Өнеркәсіпте.
2NaCl + 2H2 O → H2 ↑ + Cl2↑ + 2NaOH
Хлорсутек, тұзқышқылы және хлоридтер. Хлорсутек ауада түтінденетін концентрлі ерітінді. HCl – өткір иісті, тыныс алу жолдарын тітіркендіретін газ. Ауадан 1,26 есе ауыр. Суда жақсы ериді. Оның судағы ерітіндісі тұз қышқылы деп аталады.
Алынуы. NaCl + H2 SO4 = NaHSO4 + HCl
NaHSO4 + NaCl = Na2 SO4 + HCl
Химиялық қасиеттері.
Zn + 2HCl = ZnCl2 + H2 ↑
MgO + 2HCl = MgCl2 + H2 O
NaOH + HCl = NaCl + H2 O
AgNO3 + HCl = AgCl↓ + HNO3
Тұз қышқылының тұздары хлоридтер деп аталады.
NaCl – тамақ өнеркәсібінде қолданылады.
KCl – маңызды минералды тыңайтқыш
ZnCl2 – ерітіндісін теміржол шпалдарына сіңіріп, шіруден сақтау үшін, сондай – ақ дәнекерлеу кезінде қолданылады.
CaCl2 – суытқыш қоспа дайындауға қажет. Сусыз CaCl2 газдарды кептіру үшін қолданылады.
І кезең Шығармашылық жұмыс
Квадрат
Йод. 1811 жылы француз фабриканты химик-технолог Бернер
Куртуа ашты. Аты грекше иодус- күлгін, қара көк деген мағынаны береді.
Теңіз орман- жапырағы деп аталатын ламинария балдырының құрамында 0,1-0,6 %.Адам организміне йод жетіспесе бақшаңкөз ауруына шалдығады,
сондықтан құрамында йоды бар асты пайдалану қажет.
Йодтан медицинада дәрілер даярлайды,алғашқы көмекке пайдаланады, тамақ өнеркәсібінде, фото, кино
ісінде, лабораториялық реактив ретінде де қолданады.
Үшбұрыш
Фтор. Фторды 1886 жылы Муассан ашты. Фтор -бүлдіргіш элемент, қ.ж. солғын сары түсті бейметалл. Өткір иісті улы газ. Қосылыстарында бір валентті, өте белсенді, қалыпты температурада көптеген элементтермен әрекеттеседі. Фторды органикалық қосылыстар синтездеуде, шыны өңдеуде, ағашты шіруден сақтауда, т.б. мақсаттарда да қолданады. Өсімдіктер мен жануарлар, адам өмірінде де елеулі рөл атқарады. Ауыз суда фтор жетіспесе тістер ауыратын болады. Тоңазытқыш сұйықтар алуға қолданылады. (фреон) Фтор адамзатқа қажетті элемент.
Шеңбер
Бром. Бром 1826 жылы француз ғалымы Ж.Балар ашқан. Иісі сасық болғандықтан бромнан бәрі қашады. Бром қалыпты жағдайда өткір иісті қызыл-қоңыр түсті ауыр сұйықтық, ауада тез буланып, сары қоңыр бу түзеді. Судағы ерітінді бром суы деп аталады. Бром қосылыстары өнеркәсіпте сурет, кино материалдарын жасауда, медицинада дәрі-дәрмектер алуда, іштен жанатын двигательдердің бензин сапасын жақсартып, этилдеуде қолданады.
Сергіту сәті.
1.Екі буыннан тұратын химиялық элемент,
Бірінші буыны атау септігінің сұрағы,екінші буыны сан есім, бұл қандай элемент? (неон)
2.Бірінші буыны тасқын су, екінші буыны мал құлағындағы белгі.
(селен)
3.Табылса бұрын там-тұмнан ,қазір көп әрбір өлкеде.
Қымбат болды алтыннан ,қандай металл ертеде. (алюминний)
4.Күмістей түсі жылтыр,өзі сұйық,буланбас,қайнатсаң да отынды үйіп.
Көрсететін суықты,жылуды анық ,қандай зат;құрал жасар соны құйып?(сынап)
ІІ кезең «Ойлан,тап»
Квадрат
|
Айналуларды жүзеге асыр:
NaCl → Cl2 → HCl → AgCl
|
Үшбұрыш
|
Төмендегі химиялық реакция теңдеулеріндегі қажетті заттардың формуласын тауып, коэффициенттерін қойыңдар
+ = ZnCl2 + H2 ↑
+ = MgCl2 + H2 O
+ = NaCl + H2 O
+ = AgCl↓ + HNO3
|
Шеңбер
|
Коэффициенттерін қойыңдар
HCl + KMnO4 = MnCl2 + Cl2↑ +H2 O + KCl
HCl + KClO3 = KCl + Cl2↑ +H2 O
NaCl + H2 O → H2 ↑ + Cl2↑ + NaOH
|
ІІІ кезең Сөзжұмбақтарды шешу
Әрбір топқа галогендер тақырыбы бойынша сөзжұмбақтар беріледі.
-
«Қызығушылығын ояту» Сөзжұмбақ шешу.
Сөзжұмбақ «Химиктер»
|
|
1
|
Х
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2
|
|
И
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3
|
|
|
М
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
4
|
|
|
|
|
|
И
|
|
|
|
|
|
|
|
5
|
|
|
|
К
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
6
|
|
|
|
|
Т
|
|
|
|
|
|
7
|
|
|
|
|
|
|
Е
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
8
|
|
|
|
|
|
Р
|
|
|
|
|
|
-
Заттар және олардың бір – біріне айналуы туралы ғылым.
-
Орыс химиясының атасы.
-
Тізбекті реакцияны шығарған химик.
-
Әрі, композитор, әрі химик – ғалым.
-
Молекуладағы атомдардың өзара әсерін зерттеген ғалым
-
Гипстен күкірт өндірген химик.
-
Химия ғылымының тарихында ұлы алтын заң ашқан ғалым.
-
Химияның құрылыс теориясын ашқан органик – химик.
Шешуі:
-
Химия. 2. Зинин. 3. Семенов. 4. Бародин. 5. Морковников 6. Бекетов. 7. Менделеев. 8. Бутлеров
Сөзжұмбақ «Металдар»
1
|
м
|
|
|
|
|
|
|
|
2
|
|
е
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3
|
т
|
|
|
|
|
|
|
|
|
4
|
|
а
|
|
|
|
|
|
|
|
|
5
|
|
л
|
|
|
|
|
|
|
6
|
|
|
д
|
|
|
|
7
|
|
а
|
|
|
|
|
|
8
|
|
|
р
|
|
|
|
|
|
-
Күмістей ақшыл, женіл металл.
-
Мемлекет атымен аталатын элемент.
-
Магнитті қасиеті бар металл.
-
Сілтілік металл.
-
Бағалы металл.
-
Радоиактивті металл.
-
Ең ауыр металл
-
Оқтың құрамына кіретін металл.
Шешуі:
1. Магний. 2. Германий. 3. Темір. 4. Натрий. 5. Алтын. 6. Радий. 7. Қалайы. 8. Қорғасын.
Сөзжұмбақ «Галогендер»
1. Бірінші дүниежүзілік соғыста хлорды тұншықтырғыш улы зат ретінде қолданған мемлекет.
2. Тез ыдырап кететін тұрақсыз радиоактивті элемент.
3. 1774 жылы швед оқымыстысы К. Шееле алған элемент (сарғылт жасыл түсті, тұншықтырғыш , улы газ).
4. Тоңазытқыш сұйықтар фреондар алуға жұмсалатын элемент.
5. Металдармен тікелей әректтесіп тұз түзетін элементтер.
6. Йодты 1811 жылы қай ғалым ашты.
7. 1886 жылы фторды ашқан химик.
8. Алғашқы көмекке пайдаланылатын бейметалл.
9. Ауада түтінденетін концентрлі ерітінді.
10. Жүйкені жайландыратын, дәрі- дәрмек құрамына кіретін элемент.
Шешуі:
1. Германия
-
Астат
-
Хлор
-
Фтор
-
галоген
-
Бернер
-
Муассан
-
Йод
-
Хлорсутек
-
Бром
IV. Кезең
Келесі кезеңде 3 топ галогендерді топтасырады. Үш топқа қағаз таратылады.
V кезең. Есептер шығару «Зерек болсаң, шешіп көр!»
Калий иодидінен массасы 25,4 г иод алу үшін хлордың (қ.ж) қандай көлемі жұмсалады?
Натрий хлориді және тұз қышқылының құрамындағы хлордың массалық үлесін табу.
NaCI=
HCI = 0.97 немесе 97%
VІ кезең. Тест жұмысы
Сабақты бекіту: Әрбір оқушыға «Галогендер және олардың қосылыстары»
бойынша тест жұмыстары беріледі.
І – нұсқа
1. Галогендер тобына жататындар:
а) Si, Ca, Mg, Ba, In
б) F, C1, Br, I, At
в) C1, I, K, At, Na
г) C1, F, Ne, Xe, Cu
2. Галогендердің сытрқы энергетикалық деңгейі мына электронды
формуламен сипатталады:
а) 1s2 2s2
б) 1s2 2s2 2p3
в) 1s2 2s2 2p5
г) 1s2 2s2 2p4
3. Галогендер атомының белсенділігі мына қатарда артады:
а) F, C1, Br, I, At
б) C1, Br, I, F, At
в) At, I, Br, C1, F
г) I, At, C1, Br, F
4. Галоген тобына жатпайтын элемент :
а) I
б) Br
в) Cr
г) Cl
5. Тұз қышқылы мына заттармен әрекеттеседі:
а) Cu, CuO, Cu(OH)2
б) АgNO3, Ca, NaOH
в) Zn, ZnO, Zn(OH)2
г) NaOH, Na2O, метилоранж
6. 1811 жылы ашылған элемент:
а) F2
б) Cl2
в) Br2
г) I2
7. Хлор темірмен әрекеттескенде түзілетін өнім:
а) темір хлориді (ІІ)
б) темір оксиді (ІІІ)
в) темір хлориді (ІІІ)
г) темір бромиді (ІІІ)
8. 1886 жылы француз химигі Г. Муассанмен ашылған элемент:
а) F2
б) Br2
в) Cl2
г) I2
9. Теңіз балдырларында кездесетін элемент:
а) F2
б) Cl2
в) Br2
г) I2
10. Хлор газы ауадан неше есе ауыр:
а) 2 есе
б) 1,5 есе
в) 2,5 есе
г) 3 есе
11.1774 жылы швед оқымыстысы К. Шееле күшті тотықтырғыштарға концентрлі тұз қышқылын әсер ету арқылы алынған элемент:
а) F2
б) Cl2
в) Br2
г) I2
12. Тоңазытқыш сұйықтар фреондар алуға жұмсалатын элемент:
а) F2
б) Cl2
в) Br2
г) I2
13. Тұз қышқылының тұздары:
а) хлоридтер
б) хлорсутек
в) хлорсуы
г) хлор қышқылы
14. Хлор электрондық құрылымына сай неше валентті бола алады:
а) І, ІІ, ІІІ
б) І, V, VI
в) II, IV, VI
г) I, III, V, VII
15. Хлордың салыстырмалы атомдық массасы нешеге тең:
а) 35,5
б) 34,7
в) 40,5
г) 45,5
Үйге тапсырма: «Бүгін сабақта...» эссе жазу
Бағалау. 13-15 ұпай «5»
9-12 ұпай «4»
7-8 ұпай «3» деген бағалармен бағаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |