Сабақ тақырыбы Хаттамалар: негізгі ұғымдар және өзара әрекеттесу принциптері



Дата22.04.2024
өлшемі1.2 Mb.
#499517
түріСабақ
1 сж ақпараттық кабель 13


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
«Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжі
«Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыздандыру» бөлімшесі


ОҚУ САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ № 13
(теориялық немесе тәжірибелік оқыту)



Модуль / пән атауы

КМ 05. Ақпараттық кабельдік желілер

Сабақ тақырыбы

Хаттамалар: негізгі ұғымдар және өзара әрекеттесу принциптері

  1. Жалпы мәліметтер

Курс

Мерзімі

Тобы

Бөлімше меңгерушінің қолы

III

29.03.2024

ЕТБ 0921-3




III

.03.2024

ЕТБ 0921-2




Сабақ түрі

Тәжірибелік сабақ

Мақсаты (оқу нәтижелері)

Студенттерге хаттамалардың әрекеттесу принциптерін үйрету және ТСР/IР, OSI, IPX/SPX, NetBIOS хаттама стектерін ажыратуды көрсету.

Міндеттері (бағалау критерийлері)

  • хаттамалардың түрлерін көрсету;

  • хаттамалардың өзара әрекеттесу принциптерін білу;

  • ТСР/IР, OSI, IPX/SPX, NetBIOS хаттама стектерін ажыратуы.

Күтілетін нәтижелер

  • хаттамалардың түрлері және олардың өзара әрекеттеу принциптерін біледі;

  • хаттамалар стегі ұғымы және ТСР/IР, OSI, IPX/SPX, NetBIOS хаттамалар стектерін ажырата алады.

2. Сабақты жабдықтау

Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер

  1. Олифер В.Г., Олифер Н.А.Ақпараттық кабельдік желілер ИНТУИТ., 2018.

  2. Компьютерлік желілер. Оқу әдістемеләк құрал/ Пер. с англ. – М.: Издательский отдел “Русская редакция”. – 2014, 696 с.

  3. Компьютерлік желілердің негіздері. Чернин А.Э. 2017ж, 214с.

Техникалық құралдар, материалдар, қажетті ресурстар

Дидактикалық материалдар, оқулықтар, компьютер, интерактивті мультимедиялық проектор, т.б.

  1. https://youtu.be/M4gkgNYefaA?si=-i2n9EYLuQrKNc7a

  2. https://youtu.be/zV4kT5s5Tq8?si=-qUMWjWRuq9NeQa9

3. Сабақтың барысы Уақыт (мин)

Ұйымдастыру кезеңі



  1. Сәлемдесу, студенттерді түгелдеу, сабаққа назарларын аударту.

  2. Құрал-жабдықтарды тексеру.

  3. Сабақтың тақырыбын хабарлау, оқу нәтижесі және бағалау критерийлерімен таныстыру.




5 минут

Үй тапсырмасын тексеру

Тақырыбы: Трансиверлер, қайталауыштар, концентраторлар және маршрутизаторлар
Жоспары:

  1. Трансиверлер ұғымы, қызметі.

  2. Маршрутизаторлардың рөлі.

  3. Қайталауыштар мен концентраторлардың айырмашылығы.

«Өткенге шолу» әдісі арқылы үй тапсырмасын пысықтаймыз.

  1. Трансиверлер дегеніміз не?

  2. Маршрутизаторлар қандай қызмет атқарады?

  3. Қайталауыштар мен концентраторлардың айырмашылығы неде?

20 минут

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Жоспар:

  1. Хаттамалардың түрлерін көрсету;

  2. Хаттамалардың өзара әрекеттесу принциптері;

  3. ТСР/IР, OSI, IPX/SPX, NetBIOS хаттама стектерін ажырату жолдары.

    1. минут

4. Жаңа тақырып бойынша тапсырма орындау - 20 минут

1-тапсырма.


  1. Сабақты бекіту, кері байланыс

«Білім қоржыны» әдісі арқылы стикерлер таратып, студенттер өз-өзін бағалауы.
(оқушының білімін, білік-дағдысын пысықтау, бекіту ж/е қорытындылау)10 минут



6. Бағалау, рефлексия - 5 минут
«Білім қоржыны» әдісімен стикерлер арқылы бағалау. Смартнейшн қосымшасына бағаны қою.

  1. Үйге тапсырма – 3 минут

Әр студентке жеке-дара немесе топ бойынша тақырыптарды бөлу арқылы реферат немесе сөж дайындау.




  1. Пайдаланылған әдебиеттер - 2 минут

Дайындаған педагог

Тұрдалы Айдана Лескенқызы
(Т.А.Ә.)
__________
(қолы)

Компьютерлерді есептеуіш желілеріне біріктірудің негізгі міндеті әрбір компьютер ресурстарын барлық желі пайдаланушыларымен пайдалану мүмкіндігі болып табылады. Осындай өзара алмасуды жүзеге асыру үшін, компьютерлік желіні құрайтын барлық құрылғылардың желідегі басқа құрылғылармен өзара әрекеттесу құралдары болуы тиіс. Бұл ретте желілік ресурстарды бөлуге байланысты көптеген мәселелер шешілуі тиіс: құрылғыларды адрестеу тәсілдері, сенімді таратуды қамтамасыз ету, жіберілетін хабарламаларды қалыптастыру, алынған хабарламаларды түсіндіру және басқа да маңызды міндеттер.
















Хаттамалар стегі – желілік құрылғылардың өзара әрекеттесуін жүзеге асыру үшін әртүрлі деңгейдегі хаттамалардың келісілген жиынтығы. Желілерде хаттамалар бір уақытта жұмыс істейді, олардың жұмысы қақтығыстар мен заңсыз рәсімдер тудырмайтындай ұйымдастырылған. Осыған байланысты хаттамалардың стектері иерархиялық деңгейлерге бөлінеді, олардың әрқайсысы белгілі бір қызметтерді орындайды. Мысалы, дайындау, қабылдау, жіберу және деректермен басқа да әрекеттер.
Нақты стекке сәйкес деңгейлердің саны әртүрлі болады. Әдетте, төменгі деңгейдегі хаттамалар бағдарламалық-аппараттық құралдармен, ал жоғарғы деңгейдегі хаттамалар бағдарламалық құралдармен іске асырылады.
Желілерде пайдаланылатын көптеген хаттамалар стектері бар. Ең көп тараған хаттамалар стектері: Интернет желісінің OSI, TCP/IP, Novell фирмасының IPX/SPX, Microsoft және IBM фирмаларының NetBIOS/SMB, Digital Equipment корпорациясының DECnet және басқалар.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет