Сабақ тақырыбы Идеал газ күйінің теңдеуі Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



Дата01.03.2024
өлшемі67.08 Kb.
#493541
түріСабақ
Идеал газ куйинин тендеуи


Бөлім

Газ заңдары

Педагогтың аты-жөні

Даулетханова Айман Кабытаевна

Күні

18.11.2020ж

Сынып

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Идеал газ күйінің теңдеуі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

10.2.2.1 -идеал газ күйінің негізгі теңдеуін есептер шығаруда қолдану;

Сабақтың мақсаты

Идеал газ күйінің негізгі теңдеуін есептер шығаруда қолдана алады

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
2 мин

5 мин


Ұйымдастыру кезеңі. Жағымды ахуал туғызу. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.


1. Белсенді оқыту әдісінің «Сұрақ қою және талқылау» түрін қолданып үй тапсырмасын пысықтаймын.
Газдың барлық үш заңының идеал газ күйі теңдеуінің салдары болатынын көрсету



Сәлемдесу
Сынып кезекшісі мәлімет береді

Дескриптор:


Оқушылармен өткен тақырып бойынша алған білімдерін айқындау,
рV =νRТ идеал газдың күй теңдеуін қорытып шығару. М ұндағы R = 8.31 ДжК-1моль-1 және ν = зат мөлшері

ҚБ: Баллдық жүйе арқылы



https://www.youtube.com/watch?v=dQeCEqkE9eE


http://bilimland.kz/kk/home#lesson=10830





Сабақтың ортасы
20 мин

8 мин


Бағалау. Топтық жұмыс. Белсенді оқыту әдісінің «Бекіту және қолданысқа енгізу» түрі арқылы «ДЖИГСО» әдісін қолдануда идеал газ күйінің теңдеуі формулаларын қолданып есеп шығарады. Басқа топтарға өкілдерді жіберіп, өз жұмысы туралы топта талқылайды.
1.
Массасы 3,6 кг судағы зат мөлшері (М(Н2О)=18*10-3 кг/моль)
m=3,6 кг
М=18*10-3 кг/моль
т/к: υ - ?
υ=m/М =0,2*103=2*102моль

2.


Массасы 2г көмірқышқыл газындағы молекулалар саны
көмірқыш.=44 г/моль, NА=6,02*1023моль-1)
m=2 г=2*10-3 кг
Мкөмірқыш.=44 г/моль=44*10-3 кг/моль
NА=6,02*1023моль-1
т/к: N - ?

3.


Қаныққан будың қысымы 4 кПа, температурасы 290С. Су буының тығыздығы (М=18 г/моль, R=8,31 Дж/К*моль)
р=4 кПа=4000 Па
Т=290С=302 К
М=18*10-3 кг/моль
R=8,31 Дж/К*моль
т/к: ρ - ?
бұдан ρ-ны анықтаса



Саралау. Қорытындылау. Топтық жұмыс. Белсенді оқыту әдісінің «Қорытынды шығару және есте сақтау» түрі бойынша «Кім жылдам» әдісі арқылы берілген сұрақтарға жауап береді және талдайды.
1.Салыстырмалы молекулық масса есептейді, mr
2. Заттың молярлық массасы ны табады, μ (кг/моль)
3. Зат мөлшерін анықтайды , ν (моль)
4. Молекулалық массаны табады , m0 (кг)
5. Ыдыстағы молекулалар санын табады , N
6. Молекулалар концентрациясын табады, n (1/м3)
7.Абсолютті температураны есептейді, T (K)
8.Газдың тығыздығын анықтайды, ρ (кг/м3)
9.Ыдыстағы газдың қысымын табады, p (Па)
10.Молекулалардың орташа квадраттық жылдамдығын анықтайды, v (м/с)
11.Молекулалардың орташа кинетикалық энергиясын есептейді , E (Дж)



Идеал газ күйінің теңдеуі формулаларын қолданып есеп шығарады. Басқа топтарға өкілдерді жіберіп, өз жұмысы туралы топта талқылайды.

Топтың пікірлерін тыңдайды.





ҚБ: Баллдық жүйе арқылы

ҚБ: Баллдық жүйе арқылы


Оқулық
Үлестірмелі карточкалар

Презентация
Үлестірмелі карточка


Сабақтың соңы
5 мин

Рефлексия. «БББ» кестесі

Білемін

Білдім

Білгім келеді










Үйге тапсырма: §31 оқу. 76-бет шығарың (3 есеп).



Жазбаша түрде толтырады




Стикерлер




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет