Сырттан жарықтандырылатын белгілер. Қиылыстырушы материал ретінде қалыңдығы 0,8-1,5 мм болат қаңылтыр қолданылады. Мұндай белгілерді алюминий және басқада пластмасса, әйнек-пластика қортпасынан жасау тәжірибелері де болған.
Үлкен ауданды белгілер үшін арнайы қаңқалар қолданылады. Белгінің екінші жағын және де оны бекіту элементтерін сұр түсті эмальмен бояйды. Белгіні (фонарь) немесе бірнеше шырақтармен оның астында орналасқан белгілерді жарықтандырады.Шырақты белгімен қосу үшін жарықтандыру жүйесінен жарық көзіне ток жеткізетін іші бос таяныштар (кронштейн) қолданылады.
Іштен жарықтандырылатын белгілер. Белгінің қаңқасын полимер материалдан жасайды, ішін жарық жақсы шашырауы үшін ақ түсті бояумен бояйды. Қаңқасына жарықтандыру аппаратурасын бекітеді. Органикалық әйнектен жасалған алдыңғы панельдің бет жағына белгінің бейнесін орналастырады, ал қалған жерін рең түсімен сәйкес келетін МемСТ 10807 -78 қарастырылған бояумен бояйды. Қаңқаны сыртқы жағынан азайту үшін барлық барлық тесіктерді және біріккен жерлерді резеңке астарымен және нығыздауыштармен бітейді. Жөндеу немесе жарық көзін ауыстыру кезіндегі монтаж және демонтаждың оңайлығы үшін алдыңғы панельді алынып- салынатын етіп істейді.
Жарыққайтарғыш белгілер. Бұл белгілердің бет жағында түңгі уақыттарда қажетті көру қабілеті болу үшін жарыққайтарғыш беткей болады. Сондай –ақ бейненің қара және сұр элементтерінің жарыққайтарғыш қабілеті болмау керек.Қазіргі уақытта ең көп қолданылатын –жарық қайтарғыш пленкалар. Басқа материалдар мен салыстырғанда, оларда ұзақ мерзімдік, белгінің қалқанында орнату, жөндеу оңайлығы сияқты қасиеті бар.Шағылыстырғыш қабат ретінде алюминий фольга немесе вакуумдық металл бүрку әдісімен жасалған қабат қолданылады.
Бейне таспа.
Сергіту сәті.
IV.Сабақты пысықтау.
«Бақытты сәт ойыны»
1-гейм «Бой сергіту»
2-гейм «Бөшкеден шыққан бас қатырғылар»
3-гейм «Жұмбақтас»
4-гейм «Сен маған, мен саған»
Достарыңызбен бөлісу: |