Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін театр түрлерін қолдану арқылы дамыту. Негізгі мақсаты



бет1/10
Дата24.11.2023
өлшемі51.73 Kb.
#484339
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
00071d2b-7b1af236


Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін театр түрлерін қолдану арқылы дамыту.


Негізгі мақсаты:
- Мектепке дейінгі жасындағы баланы театр түрлері арқылы шығармашылық және парасаттылық қабілеттерін жан-жақты дамыту;
- Сөз өнерін қастерлей білуге, өз білімін көтеруге, шешендікке баулу.
- Балалардың сөздік қорларын байытып, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге тәрбиелеу;
- Театрлық іс - әрекетті ертегілерді пайдалана отырып – ойын дамыту.
Міндеттері:

  • Балалардың тілін дамыту, сөйлеу мәдениеті мен ой - өрісін, дүниетанымын жетілдіру.


  • Балаларды адамгершілікке баулу, ойын нақты тапқыр сөйлеуге, ақылды, салмақты ой айтуға баулу.


  • Баланың қиялын есте сақтауын шығармашылық қабілетін дамыту, ойдан әңгіме, ертегі шығарып айтуға дағдыландыру.


  • Баланың әлеуметтік және эмоционалдық дамуына жағдай жасап, әр баланың жеке дара әртістік, шығармашылық қасиеттерін ескере отырып, өзін қоршаған ортаға, адамдарға, құрбыларына, өзіне деген қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.

Мектепке дейінгі жасөспірім баланы тәрбиелеу мен дамыту ісіне байланысты мақсаттарды шешуде театр ерекше рөл атқарады. Театр әр балаға қуаныш ұмтылмас әсер сыйлайды, оның көркемдік талғамын, еліктеуі мен қиялын дамытады.


Әдетте адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады екен. Сондықтанда да баланың жан-жақты қалыптасуы үшін мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре білу керек. Бала әр нәрсеге құмар, қызыққыш, ол өзінің айналасында болып жатқан өзгерісті, тамаша құбылыстарды сеізінуге тырысады. Оның жан-жақты дамып, жеке тұлға болып тәрбиеленуіне, тілінің дамыуын театрландырылған ойындар арқылы жетілдіруге болады. Ал театрландырылған ойындарды балалар қызықтап ойнайды. Театрландырылған ойындар желелі рөлдік ойындардан тек желісі ғана емес, содай-ақ ойнау іс-әрекетінің сипатымен ерекшеленетіні айқындалған. Театрландырылған ойындар ойын – қойылымдары болып саналады, бұл жерде балаларға арналған көркемдік шығармаларды саханалық қойылымдарға айналдырып, оларды кейіпкер ретінде қатыстырудың маңызы зор. Баланы саханада кейіпкер ретінде ойната отырып, оның жеке тұлғасын жан-жақты дамыту. Оның бойында әдебиетке, мәдениетке, өнерге деген құштарлықты ояту. Бүлдіршіндер саханада шағын рөлдерде ойнау арқылы байланыстыра сөйлеуге, әдемі киініп, жинақы жүруге, үлкендермен және өзге де балалармен тіл табыса білуге үйренеді. Жетілген диалог балалардың өз пікірін жеткізе білуге жетелейді.
Ойын барысында ойын ситуациясына бейімделу, алғашқы да жекелеген элементерді, кейінен рөлді толығымен ойнау арқылы баланың ой-өрісі,қиялы дамиды. Рөлді ойнау арқылы өз кейіпкерін алдына елестетіп қана қоймай, бала оның әрекеттерін, сезімдерін сезінеді. Осындай эмоциялық күйлер баланы бұрын байқамаған өмір көрністеріне таңқалдырып,өз сезімін мимика, ым-ишара, тағы басқа көріністер арқылы біреуге үйретеді.
Театрландырылған ойындар балалардың ой-өрісін кеңейтеді, балаларды әңгімеге араласуға, спектакль туралы ата-аналарына, жолдастарына әңгімелеп беруге итермелейді. Бұның бәрі сөйлеу қабілетінің дамуына, диалог түрінде сөйлеуге өзі алған әсерін монолог түрінде сөйлеп жеткізуге септігін тигізеді.
Балабақшадағы театрландырылған іскерлік бағдарламасы: 5 бөлімнен тұрады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет