Сабақ тақырыбы: Кіріспе. Тағамдық заттар және олардың мәні; ақуыздар, майлар, көмірсулар



бет1/5
Дата03.01.2022
өлшемі61 Kb.
#450186
түріСабақ
  1   2   3   4   5
1 урок физ 204


Сабақ тақырыбы:

Кіріспе.Тағамдық заттар және олардың мәні; ақуыздар, майлар, көмірсулар.

Тамақтану физиологиясы негіз салушы ғылымдардың бірі болып табылады, оны зерделеу тамақтандыру саласындағы мамандарды қалыптастыру үшін қажет. Бұл адам ағзасындағы тағамның адам денесінің энергиясы мен құрылымына айналуы туралы ғылым, ағза өміршеңдігінің негізгі заңдары туралы ғылым.

Қазіргі уақытта ұтымды ойластырылған тамақтану науқастарды емдеуге, сол сияқты аурулардың алдын алуға ықпал ететіні белгілі болған. Адам ағзасының қандай да бір қоректену заттарына деген қажеттілігі жынысқа, жас ерекшелігіне, дене салмағына және бойға, бұлшық етке түсетін күшке, эндокринді бездердің (оның ішінде тамақ қорытуға тікелей қатысатын) жай-күйіне, нерв жүйесі мен ішкі органдардың (оның ішінде асқазан мен ішектердің) жай-күйіне байланысты. Тамақтану рационы адамның кәсібі ескеріле отырып, жасалуы тиіс.

Тамақтануды ұйымдастыруға сәнге қарағандай қарауға болмайды. Бүгінгі күні кӛп айтылатыны үшін қандай да бір ӛнімге біржақты қарау жақсылыққа әкелмейді. Адам ағзасының қалыпты тіршілігін тамақтанудың кӛмегімен қамтамасыз ету тамақтану процесіндегі заттар алмасуында әрқайсысы тек өзіне тән рөлді ойнайтын тағамның алмастырылмайтын кӛптеген құрамдас бөліктері арасында барынша негізделген арақатынас сақталған жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Рационның калориялылығы, химиялық құрамы және тағамдық заттардың физикалық-химиялық жай-күйі ағзада болып жататын алмасу процестерінің ерекшеліктеріне сәйкес келгенде ғана біз ұтымды тамақтанудамыз деп айтуға құқылымыз.

Тамақтану физиологиясы тамақ ӛнімдері тауартануымен байланысты және негізі де сонда жатыр.

Тамақ ӛнімдерінің қасиеттері мен артықшылықтарын жақсы білу сапалы тағамдар дайындаудың маңызды шарты болып табылады, сондықтан аспаз тамақ ӛнімдерінің тауартануын білуі тиіс





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет