Процесі: «Химия» оқу пәнінің



бет1/4
Дата12.06.2024
өлшемі32.14 Kb.
#502548
түріҚұрамы
  1   2   3   4
8сынып ХиМиЯ 2023-24


Түсінік хат
Химия 8 сынып
8-сыныптарда білім беру процесі:


«Химия» оқу пәнінің мақсаты:
Заттар мен олардың айналымы, заттар қасиеттерінің, олардың құрамы мен құрылысына тәуелділігін түсіндіретін заңдар мен теориялар туралы білім жүйесінқалыптастыру, заттар және химиялық реакциялар туралы білімін өмірде пайдалану біліктерін дамыту.
Химия курсын оқып аяқтағаннан кейін оқушылар:
Заттардың атомдармен молекулаларының құрылымын, химиялық реакция барысында заттардың қасиеттерінің өзгеруін;
химиялық реакциялар кезіндегі зат массасы мен энергия сақталу заңдарын;
химиялық реакцияның жылдамдығының әртүрлі жағдайда өзгеру заңдылықтарын;
химиялық реакцияларды жүргізу ережелерін, өмір мен қоршаған орта қауыпсіздігі үшін қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтауды;
жоспалаудың ғылыми әдістерін эксперименттерді жасау және нәтижелерін талдауды;
6)химияның басты заңдылықтарын химиялық үдерістермен олардың заңдылықтарын болжау және түсіндіру үшін қолдану және бағалауды білулері қажет.
Бұл бағдарлама жалпы білім беретін мектептің 8 сынып оқушыларына арналған.8 сыныптың аптасына 2 сағаттық оқу жүктемесі,бағдарлама 72 сағатқа жүктелінді.
Оқу бағдарламасы мынандай бөлімдерден тұрады:
1.Атомдағы электрондардың қозғалысы
2.Заттардың формулалары және химиялық реакция теңдеулері
3. Металл белсенділігін салыстыру
4. Зат мөлшері
5. Стехиометриялық есептеулер
6. Химиялық реакциядағы энергиямен танысу
7.Сутек.Оттек және озон
8.Химиялық элементтердің периодтық жүйесі
9. Химиялық байланыс түрлері
10. Ерітінділер мен ерігіштік
11.Бейорганикалық қосылыстардың негігі кластары.Генетикалық байланыс
12. Көміртек және қосылыстары 13. Су
Бағдарламада 7 сыныптың мәселелерін қайталау бойынша: қауіпсіздік техника ережелері,атом құрылысы,Д.И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесі және периодтық заңы, валенттілік тақырыптары кіріктірілді.Бөлім бойынша алғашқы 20 химиялық элементтердің электрондық конфигурациясын және графиктік формуласын жазу,химиялық реакция теңдеулерін құру, химиялық реакция типтері:қосылу,айырылу орынбасу және алмасу реакция теңдеулеріне,металдардың жемірілуі және олардың алдын алу,жылыжай эффектісі,сутектің қасиеттері,оттектің алыну,қасиеттері және оксидтер,озон,аллотропия,периодтық жүйенің маңызы,1-20 химиялық элементті периодтық жүйедегі орны мен атом құрылысы негізінде сипаттау,сілтілік металдар,галогендер және инертті газдар,Д.И.Менделеевтің өмрі мен қызметі,донорлы-акцепторлы байланыс, ерітінділердің маңызы,тұздар, бейорганикалық қосылыстардың арасындағы генетикалық байланыс,су мен ерітінділердің өнеркәсіптегі,ауылшаруашылығындағы және тұрмыстағы маңызы,Қазақстандағы сумен қамтамасыз ету проблемалары тереңдетілді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет