Адам анатомиясы кафедрасы



бет1/3
Дата15.11.2023
өлшемі2.88 Mb.
#483305
  1   2   3
Абдуллев Н Топ анатомия


«Астана медицина университеті» КеАҚ

Адам анатомиясы кафедрасы


ОБӨЖ
Тақырыбы:. Хирургиялық тігістердің түрлері,тігіс салу техникасы. Түйінді байлау ережелер: хирургиялық,теңіздік,қарапайым. Іріңді үрдістер кезінде жасалатын тіліктердің және қол жарақаттары кезіндегі қан кетуді тоқтату әдістер.
Астана,2023ж
Орындаған: Абдуллаев Нұрлыбек
Тобы: 337 ЖМ.
Факультет: Жалпы Медицина
Қабылдаған: Айтенова.Н.Д
Қан кету (haemorrhagia) деп – қантамыры қабырғасының зақымдалуы немесе өткізгіштігінің бұзылуы нәтижесінде,қан тамырларынан қан кетуді айтады.
Қан ағуды уақытша тоқтату максатында тамырды саусақпен басу , қысып тұратын байлам немесе бұрау салынады .
Қанағуды толығымен тоқтату әдісіне қан тоқтатқыш қысқышты салу , оның электрокоагуляциясы , тамырды байлау жатады .
Қан кету
Қан кетуді тоқтату әдістері
Уақытша
Біржолата
ҚАН КЕТУДІ УАҚЫТША ТОҚТАТУ ӘДІСТЕРІ
Бұрау салу.

  • Қарапайым және белсенді әдіс;
  • Көбінесе аяқ қолдан артериальді және массивті қан кетулерінде қолданылады;
  • Бұраудың ұзындығы 1,5 метр,екі ұшында ілмегі бар.Зақымдалған жерден проксимальді орналастырады.Бұраудың астына міндетті түрде мата орамал,киім,дәке қою керек.Тартып тұрып 2 -3 рет орайды,бірақ байламдар бірінің үстіне бірі жатпауы тиіс.Міндетті түрде бұраудың салынған уақытын көрсету керек,себебі оны 2 сағаттан,ал қолға 1,5 сағаттан артық байлауға болмайды.

Мойынға бұрау салу әдісі
Аяқ-қолға қан тоқтататын бұрау салу әдістері
Артерияны саусақпен басу.
  • Бұл әдіс оңай, тез орындалады;
  • Қансырауды қысқа мерзімге тоқтатуға қолданылады(тамырды 15-20 минуттан артық басу мүмкін емес);
  • Қансырауды саусақпен басып тоқтату әдісін артерия беткей және сүйек қасында орналасқан кезде ғана қолданады;
  • Басу нүктелері мен сүйек құрылымдары мыналар:
  • Ұйқы артериясы –VI мойын омыртқасының бүйір өсіндісі;
  • бұғана саты артериясы –І қабырға;
  • иық артериясы –тоқпан жіліктің ішкі беті;
  • сан артериясы –қасаға сүйегі.
  • Қан тамырын 2 қолдың бас бармақтарын бірінің үстіне бірін қою арқылы немесе алақан және жұдырықпен қысуға болады.Бұғана асты артериясын қысу қиынға түсетіндіктен,қолды артқа қатты тарту арқылы тоқтатуға болады. Осы кезде бұғана асты артериясы бұғана мен І қабырғаны аралығында қысылады.Жоғарыдағы тамырды саусақпен басуды хирургтар операция кезінде қанды біржолата тоқтатар алдында,шұғыл жағдайларда қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет