Сабақ тақырыбы Модуль/пән атауы: Компьютерлік техниканы ақпараттық қамтамасыз ету



Дата07.11.2023
өлшемі0.53 Mb.
#482553
түріСабақ
Лекция 1


«Отырар» колледжі


Оқу сабағының жоспары


(теориялық немесе өндірістік оқыту)


Архиваторлар
(сабақ тақырыбы)
Модуль/пән атауы: Компьютерлік техниканы ақпараттық қамтамасыз ету
Педагог:Алдаберген Ұлбосын Ерғалиқызы
Курс,топ : ББ-2211Б,ББ-2212Б,ҚТ-219Б,ҚТ-2211Б,ЕТ-2211Б,ЕТ-2212Б,ДТ-2211Б,ДТ-2212Б
Күні: 30.01.2022
Мақсаты, міндеттері
Білімділік: негізгі түсініктерді меңгеруіне жағдай жасау: жалпы архив туралы түсінік, берілгендерді архивтеу, архивтік файл, көптомды архив, архивтен шешу, өздігінен шешілетін архивтер (SFX-архив).
Тәрбиелік: Білімгерлердің тәрбие үрдісімен қатар сабаққа деген ынта, дағдыларын кеңейту
Дамытушылық: студенттердің ойлау, есте сақтау және зейінділік қабілеттерін дамыту, компьютерлік жұмыс істеу шеберлігін одан әрі шыңдау және пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Кәсіби дағдылар тізбесі: Архиватор,архивтік файл түсініктерімен танысады.
Сабақты жабдықтау
Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер:
1. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар: оқу құралы – 390 б. Урмашев Б.А. Гусманова Ф.Р. Газиз Г.Г. Тюлепбердинова Г.А. Сақыпбекова М.Ж. Алтыбай А 2017
2. Балапанов Е.Қ. Бөрібаев Б. Жаңа информациялық технологиялар:
Техникалық құралдар, материалдар:Презентация, Ноутбук, плакаттар, интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, сабаққа зейінін шоғырландыру ( пән бойынша қызықты сұрақтар қою арқылы)
Жаңа тақырыпқа кіріспе.
Резервтік көшірмені құру үшін немесе компьютерлік желілер арқылы жылдам беру үшін файлдар архиватор деп аталатын арнайы программалардың көмегімен архивтеледі. Программалар ¬– архиваторлар бір немесе бірнеше файлдың орнына бір архивтік файл құрайды. Архивтеу компьютер жадында орынды үнемдеуге ғана емес, сонымен қатар ақпараттарды сенімді сақтау үшін де қажет. Архив – қысылған және бір файлда сақталған файлдар, қалталар және басқа да мәліметтер жиынтығы.
Архивтеу туралы түсініктеме. Архиваторлар.
Файлдарды ұзақ сақтау үшін немесе компьютер желісі арқылы оңай әрі тез тасымалдау үшін файлдар арнайы файлдық менеджерлер және арнайы архивтеу бағдарламалары көмегімен архивтеледі (сығылады).
Архивтеу алгоритмдері мен әдістері. Мәліметтерді еш нұқсансыз (жоғалусыз) архивтейтін әртүрлі архивтеу алгоритмдері бар. Мәліметтерді қайтадан қалпына келтіргенде ол бастапқы күйге келеді. Мәліметтерді сығудың ең қарапайым алгоритмі (мәтінде бірдей символдар тізбегі, ал графикалық редакторда - бір түспен боялған облыс және т.б болуы мүмкін) қайталанатын биттерді алмастыруға негізделген. Мысалы, мәтінде 10 байт болатын 10 бос орын тізбегі қатар келеді, Архивтеу барысында ол 3 байтпен (бірінші байт - алмастырылатын символды кодтайды; екінші байт - архивтеу жалаушасын көрсететін арнайы байт, ол бірінші байттағы байттарды архивтен тізбек түрінде ашу кажеттілігін көрсетеді; үшінші байт -қайталанатын байттар саны АКн көрсетеді) алмастырылады.
Файлдарды архивтеудің жоғарыда көрсетілген немесе баска да архивтеу алгоритмдерін колданатын әртүрлі (ZІР, RАR, АRJ және т.б.) әдістер бар. Архивтеу әдістері файлдарды сығу дәрежесімен, орындау жылдамдығымен және басқа да параметрлерімен ажыратылады. Мәтіндік және графикалық файлдар өте жақсы сығылады, ал архив файлдары іс жүзінде сығылмайды.
Архиваторлар. Файлдарды архивтейтін көптеген арнайы бағдарламалар -архиваторлар (WinZір, WinRAR, Роwег Аrсhіvег және т.б.) бар.
Ең көп тараған архивтеу және оларды басқару құрылғыларының бірі -МS-DОS, \Windows, Lunix және т.б. жүйелерде жұмыс істей алатын, толық орысшаланған WinRAR архиваторы болып табылады.
WinRAR RAR және ZІР архивтерімен жұмыс істеуге, сонымен бірге мәліметтерді сығудың тиімді алгоритмдерін қолданып көпатомды және өзі ашылатын архивтер және сол сияқтыларды құруға мүмкіндік береді.




Файлды архивтік файлға жазу процесі архивтеу (буып-түю, сығу), ал файлды архивтен алу – архивтен шығару деп аталады. Буып-түйілген (сығылған) файл архив деп аталады.
Программашылар көптеген архиваторларды құрды, олардың ішінде кеңінен тарағаны WinRar және WinZip, сол сияқты Windows операциялық жүйесіне деректерді Архивтеу қызметші программасы кіреді.
WinRar және WinZip архивтермен жұмыс жасауға мүмкіндік береді, жоғары нәтижелі деректерді сығу алгоритмін пайдаланады, көптомдық және архивтен шығаратын архивтерді құрады. Бұлар интернетте ең танымал архиваторлар.
Көптомдық архивтер – бірнеше бөліктен тұратын архивтер. Жалпы томдар үлкен архивті бірнеше дискетада немесе басқа сменалық тасушыда сақтау үшін пайдаланылады.
Жаңа тақырыпты бекіту
Тәжірибелік жұмыс – Компьютерде жұмыс істеу арқылы тарсырмаларды орындау.

  1. Сабақты қорытындылау

  1. Архивтеу дегеніміз не?

  2. Архиваторлардың пайдасы барма?

  3. Архиваторлардың қандай түрлері бар? Айырмашылығы бар ма?

  4. Жүмыс үстеліндегі құжатты архивтеп беру.

  5. Архивтелген құжатты орнына келтіру.

Жаңа тақырыпқа сараптама жасау;


Жеткен жетістіктерін айту;
Жіберген кемшіліктерін көрсету;
Белсенді студенттерді бағалау;
Жұмыс орнын жинастыру.
VI. Үй тапсырмасы Архиватор жұмысының принципі

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет