Ішкі Орда (Бөкей Ордасы) хандары мөрлерінің реконструкциясы: мөр символдары мен атрибуттарын анықтау мақала «№АР09261323-Орталық Азия көшпелілерінің этникалық мәдениетіндегі символдар мен атри- буттардың қасиеттілігі»



Pdf көрінісі
бет1/16
Дата04.11.2023
өлшемі1.3 Mb.
#482330
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Морлер



67
Ішкі Орда (Бөкей Ордасы) хандары мөрлерінің реконструкциясы: 
мөр символдары мен атрибуттарын анықтау
1
 

Мақала «№АР09261323-Орталық Азия көшпелілерінің этникалық мәдениетіндегі символдар мен атри-
буттардың қасиеттілігі» іргелі ғылыми жобасы негізінде жазылды. 
Turkic Studies Journal
Journal homepage: www.tsj.enu.kz
Turkic Studies Journal 2 (2023) 67-92
*Т. Картаева
а
, Е. Даубаев
b
, Э. Алтынбекова
c
ЭТНОМӘДЕНИЕТ/ ETHNOCULTURE/ ЭТНОКУЛЬТУРА
а
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Алматы, Қазақстан Республикасы 
(Е-mail: kartaeva07@mail.ru). *Байланыс үшін автор: kartaeva07@mail.ru
b
Т. Жүргенов атындағы Ұлттық Өнер Академиясы, Алматы, Қазақстан Республикасы
(E-mail: yestay1@mail.ru )
c
«Остров Крым» (Қырым аралы) ғылыми-реставрациялық лабораториясы, Алматы, Қазақстан Республикасы 
(E-mail: elina.altyn@gmail.com)
АННОТАЦИЯ
ХХ ғасырға дейінгі Қазақ тарихының билік жүйесі тарихында маңызды 
орын алған, қолданыста болған мөрлерді келесідей топтастыруға
жүйелеуге болады: археографиялық таңбалары бар мөрлер; өрнектері, 
кескіндемелік белгісі бар мөрлер; портреттік бейнесі бар мөрлер; 
елтаңбалық белгісі бар мөрлер; иесінің аты жазылмаған таңбалары бар 
мөрлер; иесінің аты жазылған таңбалы мөрлер; иесінің аты жазылмаған 
өрнектелген мөрлер; иесінің аты жазылып өрнектелген мөрлер. 
Қазақтың хан, сұлтандары мөрлерін жүзік түрінде соқтырғанымен, 
күнделікті қолдарына тағып жүрмеген, құжаттарды куәландырған кезде 
тұғырын саусаққа «айнатеріс» тәсілімен, яғни сүйір келетін басын жоғары 
қаратып киіп («құсмұрын» жүзіктің тағылуынан теріс) немесе тұғырынан 
қолға ұстап басқан. Ал, би, бай, болыс, тархан, батыр, старшындар 
мөрлері дөңгелек, дөңес, төртбұрыш, тасты болып келген, егер олардың 
қолында мөр болмаса, руының таңбасын сызып, қолын қуәландырған. 
Хан, сұлтандардың жүзікті мөрінің қалыбы, яғни бейнесі, әскер байрағы 
басына қондырылған байрақ басының бейнесіне сәйкес келген. Байрақ 
басы да, мөр де – билік атрибуты. Екі билік атрибутының да басының 
жоғары қарай «құсмұрын» типінде сүйір болып келуі, билік атрибутының 
дәстүрлі ортада танылған жүйесі болғанын дәлелдейді. 
Қазақ хан, сұлтандарының түпнұсқа мөрлері, отаршылдық әсерінен 
сақталмаған. Авторлар мөр реконструкциясын жасау, мөр бетіндегі 
символдар құпиясын ашу тәжірибесімен бөліседі. 
Кілт сөздер:
Ішкі Орда, 
мөр түрлері, 
хан мөрлері, 
реконструкция, 
билік атрибуты, 
символ, ою-өрнек, 
мөр тұғыры, 
дәстүрлі орта.
ХҒТАМР 03.29.00
DOI: http://doi.org/ 
10.32523/2664-
5157-2023-2-67-92 
ARTICLE INFO


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет