Сабақ Тақырыбы: «Қорқыт туралы ақиқат пен аңыз»



Дата04.07.2016
өлшемі151 Kb.
#176277
түріСабақ
Танымдық сабақ

Тақырыбы: «Қорқыт туралы ақиқат пен аңыз»
Мақсаты: Қорқыт баба туралы алған білімдерін тиянақтау, іздендіре

отырып


шығармашылыққа үйрету: сынып бойынша алған білімдерін

жинақтау; ақыл - ойларын, белсенділіктерін дамыту;

оқушылардың логикалық ойлауын, ой дәлдігін дамыту.

Қорқыт туралы аңыз деректер беру.


Тәрбиелік мәні: Туған тарихын, әдеби мұраларын қастерлеуге, елді сүюге

тәрбиелеу.



Түрі: Бекіту, қорыту әрі лекция, пікірсайыс сабағы болады.
Көрнекілігі: Суреттер, плакат,альбом, буклет, портрет, ҚР картасы ,

магнитофон.


Әдісі: Сұрақ- жауап, еркін жазу,асосация әдістерімен жүргізіледі.
Пәнаралық

байланыс: Тарих,ән, география.
Сабақтың

барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқу құралын түгендеу.

Психологиялық дайындық. Оң жағындағы оқушы сол жаққа

Бұрылып, оң қолын беріп сәлемдеседі.Балалар, осылай,

бір - біріне деген жылы лебіздерін білдіреді сыйластықты

қалыптастырады. Сыныпты екі топқа бөлем. Қорқыт ата

күйлерінің, атауымен екі топқаат берем: «Аққу», «Елім – ай»

сабақтың мақсатын оқушыларға белгілету ( плакатқа жазу).

Оқушыларға сұрақ – жауап алу арқылы сауалнама жүргізу

а) Қорқыт ата туралы қандай аңыз әңгімелерді білесіңдер ?

б) Қорқыт баба кітабы жөнінде не білесіздер?

Жаңа сабақ

Кіріспе сөз

Халық шежіресі бойынша Қорқыт – VIII ғасырда Сыр бойында өмір сүрген батыр, атақты ақын, асқан күйші, аңыз кейіпкері. Қорқыттың анасы қыпшақтай апасынан; әкесі Қарақожа оғыздарынан екені мәлім. Қорқыт қапшақтармен сол кезде Сырдария бойын жайлаған оғыздар арасында екі жаққа бірдей ел ағасы атанған. Данышпан ұзақ жылдар бойы ел басқарған көсем, өз өмірінде үш хан тұсында уәзір болғанын дәлелдейтін деректер бар музыкалық шығармаларын ел арасында сақталған. Атақты күйші – бақсылар, ақын – жыраулар өздеріне Қорқыт атаны пір тұтқан. Қорқыттың Мазарын халық санғасырлар бойы қадірлеп оны «Қорқыт атаның күй тартатын жері» деп басына күзетші, шырақ жағушы адам қойып жүрді.

Қорқыт ата күмбезі шамамен IX – XI ғғ. Салынған. Соңғы кезде Сырдария арнасы – ауытқып, бұл қорымды 1960ж. су шайып кеткен.

Күй мен жыр атасының есімін мәңгілік сақтау мақсатымен оның мазары орналасқан жерді «Қорқыт» деп атаған Республика Үкіметінің қаулысы бойында, су шайып кеткен Қорқыттың күмбезі маңынан 1980ж ұлы күйшіге жаңа мазар салынды.

Аңыз бойынша, Қорқыт атаның бұрынғы күмбезінен қобыз сарыны, әдемі күйлердің толқынды үні ертелі – кеш естіліп тұрады.

Қорқыт дүниеге келерде Сыр бойы мен Қаратау өңірінің аспаны қараңғы тартып қарауытып, кетіпті бұл маңдайды «қараспан» атады. Қорқыт есіміне байланысты ел арасында көп ойлайтын шаhарлардың бірі Баршын кент. Бұл қала сол дәуірдегі ең көрнекті қала болған. Тарихшы – археологтар дәлелдеп отыр Баршын кент сұлу қаласы деген сөз Аңызда Алпамыс батырдың сүйген жары Баршын сұлу. Осында делінеді.

Өте ерте заманнан Сырдың төменгі ағысында туған Жанкент қаласы – ұзақ жылдар бойы оғыз мемелекеттің астанасы болған. «Су аяғы Қорқыт» деген мақал осыдан шыққан. Сөйтіп, Қорқыт атаның мекен еткен, күй – жырлары, ақыл ғибрат сөздерін шығарған, дүние салған жері де осы Сырдың төменгі ағысы, Қармақшы қыстағының маңы, аты аңызға айналған ұлы адамның ескі қорымы тұрған жер.

Ал енді «Қорқыт ата кітабының екі қолжазба нұсқасы сақталып келген, қазір Германиядағы Дрезден халалық кітапханасында сақталып тұр 1815ж бері мұқабасында «Қорқыт атаның оғыз тайпасы тілдеріндегі кітабы» бұл нұсқа 12 жырдан тұрады.

Екінші қолжазба нұсқасы Ватикандағы (Италия)Аростолика кітапханасында сақталып келеді, қолжазба алты Жырдан құралған,ол «Хикаят оғызноше Қазанбек үә ғайри» деп аталады. Ол кітапханадан тауып ғалым Этторе Росси тұңғыш рет Итальян тіліне аударған. Толық нұсқасын зерттеу Европа тіліне аудару ісі IXIғ бірініші жартысында бастаған еді. 1815ж неістің белгілі оренталист ғалымы Г.Ф.Диц бұл шығарманың бір тарауын сегізінші хикаясын неміс тіліне аударып баспасөзге жарияланады.Екінші неміс ғалымы Теадор Нельдеке «Қорқыт ата кітабы» неміс толық аударып шықпақ болды. Бірақ ол бұл істі аяғына жеткізе алмады да. Барлық материалдарын өзінің шәкірті В.В.бартольдке тапсыпды. В.В.Бартольд бұл кітапты зерттеу , аудару ісімен ондағы жылдарбойы айналысты. Сөйтіп ол «Қорқыт та кітабын» 1922ж орыс тіліне аударып шықты. Бірақ ғалымның көзі тірісінде аудармасы жарық көрегн жоқ. Бұл аударма 1968ж академик В.М. Жирмунский мен А.Н.Конановтың, редакциясымен 1962ж КСРО Ғалым академиясы мен баспасынан жарық көрді. «Қорқыт та кітабының» сюжеті Ivғасырда проза түрінде хатқа түскен. Оғыз – қыпшақ дәуірінің ғажайып әдеби ескерткішін зерттеуге А.Н.Самойлович В.В.Вельяменов, Зерновнекті орыс ғалымдары да мол үлес қосты.Оғыздың қаhармандық эпосын әдеби, тарихи және тілдік тұрғында комплекстік түрде зерттелген белгілі совет ғалымы көрнекті турколог Х.Ғ.Хороғлы болды Стамбул университетінің профессоры Эргин Мухаррем толық текстің латын әріпімен трансрипиция жасап басып шығады «Қорқыт ата кітабын» зерттеу, аудару, неасихаттау ісіне академик Ә.Марғұлан, профессор Ә.Қоңыратбаев. М.Жолдасбеков белсене атсалысып келедіжәне филология ғылымының кандидаты Б.Исқақовта ат салысып келеді. Европа зерттеушілері бұл кітапты жыр тілімен жазылған, яғни жыр үлгісі деп бағалайды.
Ал енді балалар ұжым болып Қорқыт атамызға асосация құрайық

Үш хан тұсында уәзір болған VIIғ. Туылған өлген жылы белгісіз




Күй мен жырдың атасы



Аңыз кейпкер,энциклопедист

Компазитор,қобызшы



Оғыз ұлысынан шыққан сәуегей Данышпан,ақылгөй

Қорқыт-оғыз қыпшақтың ұлы атасы

Асқан күйші,жырау
Ал енді балалар топ болып лекция сабағында нені білдік Қорқыт ата туралы Еркін жазу әдісімен әр топ плакаттарға жазып, әр топтың көшбасшысы өздерінің жазба жұмысымен таныстырып оны тақтаға ілеміз.


«Зерде» тобы

«Мұрагер» тобы

Бүгінгі сабақта біз көне ғасырдағы өмірі. Мен оның аңыз кейіпкері өте қызықтырды. Қорқытты туарда анасы құланның жаясына жерік болған, Жыл сайын бір рет толғатып баланы 3жыл 9 күн көтерді. Бізді таң қалдырды. Алғашында толғатқан кезде жұрт жеті басты жалмауыз болар деп қорыққан. Табиғатта қатты өзгеріс болған бүкіл жер жүзінде қара түнек басқан елге қорқыныш тудырған соң Қорқыт деп қойған.Қорқыт басты ерекшелігі сөз атасы емес, күй атасы болғанда. Ән күйді білмей тұрған кезде алғаш аспапта қолына оралтып күй шығарған. Дарынды тума талант берген шығар Қорқыт атамызға қазақтың күйіне музыкалык аспабы – қыл қобыз бейнеленген ескерткіш желмен бірге ыңылдаған, ән салып тұрады жел болғанда ерекше қобыздың сазды әуені естуге болды. Қорқыттың 20 – дан астам күйлері бар.

Осы аңызда анасының құрсағынан шыға салып, сөйлеп кеткені жазылады. Бұл да бір құдіреттің күші шығар. Қазіргі заманымызда осындай жағдайға кездесу екі талай. Ерекше қорқынышты жағдайда өмірге әкелген. Біздің бақытымыз үшін «Жер ұйық» іздеп, көптің мүддесін көздеген Қызылорда облысы Қорқыт станциясынан бес шақырым жерде бабаның бейіті бар ол тоқсан бес жасында қайтыс болған. 1952 жылы су тасқынынан бейіттің бір қабырғасы құлап қалған. 1980 жылы Алматылық жас архитектор Бек Ибраевтың жобасы бойынша жұзеге асырылған Қорқыт ата күйлерін жалғастырушылар Ықылас Дүкенұлы, Нышан Шәменұлы, Жаппас Қаламбаев, Дәулет мықтыбаев деген ағаларымыз болған.

Әр топ өздерінің жазба жұмысымен таныстырып, тақтаға ілеміз.

Келесі көрші топқа сұрақ қою, жылдам жауап беру сайысын бастаймыз.
«Зерде» тобы «Мұрагер» тобы
1. Қорқыт атаның күйлерін атаңдар? 1. Қорқыт қалай күй атасы атанған?

2. Бүгінгі сабақ сіздерге несімен ұнады? 2. Қорқыт атаға мінездеме беріңдер?

3. Тағы қандай тарихи жерлерді 3. «Қорқыт ата кітабы» жөнінде не

білесіңдер? білесіңдер?


Жаңа сабақты бекіту

1. Қорқыт кім болған?

2. Сол жылы табиғатта қандай өзгеріс болды?

3. «Қорқыт ата кітабын» кім аударды?

4. Ал енді кім қорқыттың өлеңдерін біледі? Мағжан Жұмабаевтың «Қорқыт»

атты өлеңін мәнерлеп оқу.

5. Сөзі: О. Нұрмахановтікі

Әні: Р.Таймановтікі «Қобыз – абыз» Гүлнұр Оразымбетованың әнін тыңдаймыз.


Үйге тапсырма
Қорқыт ата туралы материалдар жинақтау. Газет – журнал беттерінен іздестіру, Реферат дайындау.
Бағалау
Үзілісте галереяға саяхат жасау.


Қызылорда «Қызмет»колледжінің оқытушысы

Жапакова Анар Пірәліқызы

Еңбек өтілі :26жыл 1 санатты оқытушы

Мекен жайы Қызылорда қаласы

Иван Журба көшесі № 27 «б»

Қызылорда «Қызмет» колледжі

Үялы телефоны 87784780037

Индекс 120000



С ертификат+грамота-+диплом --өтініш жедел болса

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет