Сабақ Тақырыбы: «Өзің таңдаған өмір»



Дата12.04.2023
өлшемі41.39 Kb.
#472152
түріСабақ
ПСИХАЛОГИЯЛЫҚ САБАҚТАР


Психологиялық сабақ
Тақырыбы: «Өзің таңдаған өмір»
Мақсаты: жеткіншектердің өзін-өзі тануын қалыптастыру, өзін-өзі іштей бақылауға және тежеуге үйрету, негативті импульсті шығару, жою.
Керекті заттар: түрлі түсті қарындаш, гуашь, А4 қағазы, бейджик.
Сабақтың барысы:
Жүргізуші: бүгінгі біздің кездесуіміз әрбіреуіңе қызықты әрі қажет болады деген сенімдемін. Бүгін біз бір бірімізді тыңдауға, өз өзімізге сенімді болуға, әрі өзімізді қорғай білуге үйренеміз.

  1. Сергіту жаттығуы «Мейірімді жануар»

Жүргізуші: - Балалар, біз сендермен топ ұйымдастырып отырмыз. Өзімізді бір бүтін топ ретінде сезіну үшін «Мейірімді жануар» жаттығуын ұсынамын. Шеңбер жасап бір біріңе иық тіресіп, қолдарыңнан ұстаңдар. Жануарлар демалады. Бір қадам алға аттап, дем аламыз, бір қадам алға аттап, дем шығарамыз. Жануарлардың жүрегі соғады. Екі қадам алға, екі қадам артқа қадымда. Рахмет.

  1. Жаттығу «Ойлануға арналған балықтар»

Бір бірімізді жақын тану үшін әрбіреуіңе «балық аулауды» ұсынамын. Топтың әр қатысушысы «балық аулайды», жәшіктен аяқталмаған сөйлемі бар карточканы алады да, өз сөздерімен аяқтайды.
Карточкадағы сөйлемдер:
Ең үлкен қорқыныш – бұл.......
Мен мынандай адамдарға сенбеймін.......
Мен ренжимін, егер........
Мен ұнатпаймын, егер..............
Маған көңілсіз,егер...................
Егер маған дауыс көтерсе, мен.................
Мен қарсыласқанда .................
Егер мен сенімсіз болсам, онда................
Жүргізуші: Сөйлемді аяқтағанда, сіз қандай сезімде болдыңыз? Әрине, әрқайсымыз қорқыныш? Сенімсіздік? Сәтсіздік сезімдерінен өттік. Ренжіген, нашар көңіл күй немесе көңілсіздік болған шығар. Бұл сәтте қолдау мен сүйенішті қажет етеміз. Ежелгі кезде адамдар өздеріне бойтұмарлар ойлап табатын. Бүгін біз өзімізге сондай қолдау ойлап табамыз.

  1. »Коллаж «Менің бойтұмарым

Жүргізуші: 15 ғасырдың екінші жартысында Еуропалықтар қоғамдағы өз орындарын білдіру үшін арнайы эмблемалар пайдаланған. Атақты адамдар өз таңбаларын мақтан тұтқан. Бұл таңбалардан адамның жеке ерекшеліктерін, отбасы жетістіктерін, мінезін білуге болған. Таңба – негізгі қалқан болып табылған. Қалқан қиын кезде қорғаныш, көмекші. Қазір әрқайсымыз өзімізге таңба жасаймыз. Ол үшін сендер таңба бейнесі бар парақтар аласыңдар, ол бес бөлікке бөлінген. Сендер ең бірінші нені істей аласыңдар, соны бейнелеу керек. Екіншіде, өздеріңді жақсы сезінетін жер (отбасы, мектеп, достарының ортасы, т.б.), үшіншіде – ең үлкен жетістігім. Төртіншіде – сенімді үш адам.
Осының бәрін сөз, символ, сурет арқылы көрсетіңдер. Бесіншіде – өзң туралы естігің келетін үш сөз.
15 минут уақыт беріледі. Қатысушылар қалаулары бойынша өз жұмыстарын көрсетеді.

Мен жақсы өзімді жақсы
Істей аламын сезінетін орта

Өзім туралы естігім келетін үш сөз


Ең үлкен мен сенетін


Жетістігім үш адам







Жүргізуші: Біз дайындаған бойтұмар өзімізге көмектеседі. Осыны әрқайсымыз есімізде сақтауымыз керек:

  • Ішің пысқан кезде өзің істей алатын жұмысты еске түсір.

  • Жалғыздықты сезгенде өзіңнің ойларыңды бөлісе алатын адамдарды есіңе түсір.

  • Өз жетістіктеріңді еске түсіріп, сенімді түрде қандай жетістікке жете алатының туралы ойлан.

  • Өзіңе жайлы, демалатын жерді ойла.

Қорытынды: Рефлексия.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет