11 класта «Өзін өзі тану» сабағы
Мұғалімі: Т.В.Михайлова,
Ақтөбе қаласы, МГ №9
21 қыркүйек 2010 ж.
Сабақ тақырыбы: Өзіңді өзің билей біл.
Сабақтың мақсаты: оқушылардың бойынан эмоционалды мәдениет ұғымын қалыптастыру, өз эмоцияларын билеуге үйрету.
Сабақ барысы:
1.Қуаныш шеңбері
-Қайырлы күн!Өзін өзі тану сабағына қош келдіңіздер!Сендерді «қуаныш шеңберіне»шақырамын. Бір-біріңіздің қолдарыңызды ұстап, бойыңыздағы жылу,қуаныш энергиясын бір-біріңізге сыйлаңыз.
2.Эпиграфпен жұмыс.
«Сөз – ізгі істің басы» (Л.Н.Толстой)
«Адамның қылығы - өзінің бейнесін көрсететін айна» (И.Гете)
«Егер өзіңізді билей алсаңыз, сізде үлкен билік бар» (Сенека)
Қазір сабақта не туралы әңгіме болады?Кімнің қандай ойы бар?
3. Әңгімелесу.
-Қазір бойларыңды қандай эмоция билеп отыр?
- Бойларыңда қандай эмоция жиі болады?
-Өз эмоцияңды жасыру керек пе?неге және қалай?
-Өз эмоцияларыңды билеу сізге қиынға соға ма?
4. Кластер бойынша жұмыс.
«Эмоция» деген сөзді естігенде көз алдыңызға не елестейді?
Эмоция
5. Фотосуретпен жұмыс.
Тақтада әр түрлі эмоциядағы адамдардың суреті.
-Осы адамдардың қандай эмоциялық күйде екенін айтып беріңдерші.
6. «Эмоциялар» мәтінімен жұмыс.
Мәтінді оқу,талқылау.
-
Сіздің өміріңізде эмоцияның ролі қандай?
-
Не қажеттірек? Эмоция әлде қуаныш?Жауаптарыңды дәлелдеңдер.
-
Қандай адамдармен араласу жеңілірек?Эмоционалды әлде ақыл мен шешімге келетін адамдармен бе?
-
Өзін өзі бақылау деген не?оның адамға көмегі.
-
7.Оқу бағдарламасы.
Эмоция мен сезімсіз өмірді елестету өте қиын.Эмоциялар өмірімізге неше түрлі бояулар береді.Болып жатқан оқиғаларға мән береді. Егер эмоциялар болмаса,болып жатқан оқиғалар құрғақ фактілерге ғана айналар еді.
-
Эмоциялық мәдениет деген не? Оған қалай үйрену керек?
8. Шығармашылық қызмет (топпен жұмыс)
Қазір әдепті адам туралы әңгімелейміз.Сұрақтарға жауап беріңіздерші.
-
Бүгінгі өмірде әдепті адам қажет пе?
-
Неге әдепті адам болған ұтымды?
-
Әдепсіздік , мәдениетсіздік бар жерде өзіңізді қалай ұстауға болады?
-
9. Цитата бойынша жұмыс.
Тақтада В.А.Сухомлинскийдің сөзі «Жақсы сөз адамға қуаныш береді, ал дөрекі, ақылсыз сөз-қайғы береді»
Бұл сөздің шындығын өмірдегі мысалдармен дәлелдеп беріңіз.
Зейнеткер А.Н. Алексееваның астана газетіне шығарған хатын оқып ,талқылау(28-29 бет)
Өз қалаңызда «сөз тазалығы» акциясын өткізудің жоспарын жасаңыздар.
10. «Жүректен жүрекке» шеңбері.
Слайдтарды қарау. «Шеге туралы аңыз»
Достарыңызбен бөлісу: |