Сабақ Тақырыбы: Презентациялар. Презентацияны құру. Безендіру шаблондары



Дата09.07.2016
өлшемі3.38 Mb.
#186412
Темірастау орта мектебі

Бекітемін: __________

Оқу ісінің меңгерушісі: Ж.Мұхтар

Ашық сабақ


Тақырыбы: Презентациялар. Презентацияны құру. Безендіру шаблондары

(8-класс)



(жаратылыстану және техникалық пәндер бірлестігінде)

Өткізген: Мұхтарова Гүлшат Жарасқызы

Информатика пәнінің мұғалімі

2013-2014 оқу жылы




Мақсаты:

Білімділігі: Microsoft Power Point бағдарламасы туралы толық мәлімет беру, жұмыс жасаудың алғы кезеңдерін көрсету, меңгерту . Танымдық белсенділіктерін, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Оны басқа пәндерде пайдалануға үйрету.

Дамытушылығы: Оқушыларды шығармашылыққа баулу. Олардың шығармашылық сауаттылығын және компьютерлік шеберлігін дамыту.

Тәрбиелілігі: Оқушылардың ойлау қабілеттерін кемелдендіру, ақпараттық мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Ақпараттық сабақ.

Сабақтың әдісі: Алгоритмдік әдіс, ойын элементтері

Көрнекіліктер: Электрондық оқулықтардағы тесттер мен тапсырмалар, ауызша сұрақтарға слайдтар.

Техникалық құралдар: Компьютер, видиопроектор.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. 2 мин.

  2. Қызығушылықты ояту кезеңі 3 мин

  3. Жаңа сабақты түсіндіру. 10 мин.

  4. Практикалық жұмыс 20 мин

  5. Бекіту 7 мин.

  6. Бағалау. 2 мин.

  7. Үй тапсырмасы. 1 мин.




  1. Ұйымдастыру кезеңі. 2 мин.



  1. Қызығушылықты ояту кезеңі 3 мин



  1. Жаңа сабақты түсіндіру. 10 мин.

Power Point деген не?

Көрме – егер сіз қандайда бір қызметіңізге байланысты материалды ұсінуға арналып, компьютерде жасалған слайдтардың көрсетілімдік жиынтығы. Power Pointтың негізгі міндеті – ақпаратты қабылдаудың және есте сақтаудығ тиімділігін арттыру мақсатымен көрмелерді жоспарлау, жасау және өңдеу.

Көрме бұл диафильмдердегі сияқты, бірақ қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып әзірленген слайдтардан тұрытын қысқа ғана әңгіме.Жаңа өнім тұтынушылар нарығына шыққанда, өндіруші өз өнімін тұтынушыларға ұсынып, көрсетуі тиіс.Мұны әртүрлі әдістер арқылы жүзеге асыруға болады: қала көшелеріне тақтайшаларға үлкен үлкен жарнамалар іліп тастау арқылы немесе өз фирмаңыздың белгісі бар күнтізбе шығару арқылы. Электронды презентация- өнімді жарнамалаудың кең қолданылатын, әрі тиімді түрі. Бүгінгі таңда Power Point осы мұмкіндікті жүзеге асыратынбірден бір құрал болып табылады.

Слайдтар- қызықты суреттермен, сызбалармен және эффектілермен безендірілген жобаның мазмұндық бөлігін қамтиды.

Презентацияларды жасау

Жаңа презентацияны әртүрлі үш тәсілмен құруға болады:


  • Автомазмұн шебері көмегімен

  • Ұсынылған шаблондар негізінде

  • Бос презентация қолдану арқылы, яғни «жаңадан» құру арқылы

Автомазмұн шебері көмегімен презентация құру­-ең жеңіл стандартты тәсіл болып табылады.Бұл кезде шебер басқа көптеген Microsoft Office шеберлері сияқты нақты сұрақтар қойып,қажетті ақпараттарды жинайды және осының негізінде көрсетілген тақырып бойынша слайдтар жиынын ұсынады. Программамен жаңадан жұмыс істеуді бастаған пайдаланушы үшін, бұл тәсіл ең оңай әрі ыңғайлы болады, өйткені шебердің сұрақтарына сауатты жауап бере отырып, ол презентацияны құрудың барлық кезеңдеін орындайды.

Ұсынылған шаблондар негізінде презентация құру үшін екі шаблон бар,олар:



  • Презентация шаблондары

  • Безендіру шаблондары

Презентация шаблондарының атаулары сату жобасы, бизнес жобасы, қаржылық күйге шолу және т.б. сәйкес келеді. Пайдаланушы шаблон ұсынған мәтіндерді қабылдап немесе оны толығымен өзі алмастыра алады. Безендіру шаблондарын кәсіби әсемдеушілер құрған және презентацияның барлық слайдтарына бірыңғай безендіруді қолдану мүмкіндігін береді. Шаблонның әрқайсысы анықталған түстік гамманы, фонды және өзінің стилистикасын, әртүрлі грфикалық элементтерді, өлшем параметрлерін және қаріптер көрсетілімін, арнайы эффектілерді қамтиды.

Карточкалар:

Power Point программасын іске қосу үшін мына мәзірлерді бас:


  • 1. «Пуск» батырмасын шертіңіз

  • 2. «Все программы» командасын таңдаңыз

  • 3. «Все программы» менюінен «Microsoft Office» папкасын таңдаңыз.

  • 4. «Microsoft Office» папкасының ішінен «Microsoft Power Point» командасын таңдаңыз

  • 5. Программаның беті іске қосылады.



Power Point программасын іске қосу үшін мына мәзірлерді бас:



  • 1. «Пуск» батырмасын шертіңіз

  • 2. «Все программы» командасын таңдаңыз

  • 3. «Все программы» менюінен «Microsoft Office» папкасын таңдаңыз.

  • 4. «Microsoft Office» папкасының ішінен «Microsoft Power Point» командасын таңдаңыз

  • 5. Программаның беті іске қосылады.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет