Сабақ тақырыбы Санның пайызын табу және пайызы бойынша санды табу Екі санның пайыздық қатынасы


Numbers Based on Percentage Five Pack of Worksheets



бет4/6
Дата03.04.2024
өлшемі44.9 Kb.
#497483
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
6-sabak-zhospary

Numbers Based on Percentage Five Pack of Worksheets 

Презентация слайд1-3
Слайд 4-5

(үлестірме 1)


Калькулятор



7 минут

6 минут


10 минут

4. Есептер шығару
Пайызға берілетін есептердің негізгі түрлерін қайталау.
Пайызға арналған есептер өмірде кең қолданыста.
1. Сары майдың бір орамы 60 тенге тұрады. Зейнеткерлерге дүкен 5% жеңілдік жасайды. Зейнеткер майдың бір орамы үшін қанша тенге төлейді?
2. Мектепте 124 оқушы француз тілін оқиды, бұл мектептегі барлық оқушылардың 25% құрайды. Мектепте қанша оқушы оқиды?
3. Шалбар 8500 тенге тұрады. Арзандатылғаннан кейін оның бағасы 6800 тенге тұрды. Шалбардың бағасы қанша пайызға арзандатылды?

5.Топтық жұмыс
Пайызға берілген есептердің түрін анықтау.
Топқа бөлу еркін түрде жүзеге асады.
Әр топқа бірдей есептер таратылады, олар пайызға берілген есептің түрін анықтауы керек: 1) Берілген санның пайызын табу. 2) Пайызы бойынша санды табу. 3) Екі санның пайыздық қатынасын табу. 

Пайызға берілген есептің түрін анықтаңыз:


№1. Алма бағында алма жиналды. Бір күнде 4840 кг жиналды. Жиналған алманың 25% дүкенге жіберді, ал қалғанын – қоймаға. Қоймаға неше килограмм алма жіберілді? (1 түр)
№2. 80т күрішті өңдеу барысында 60 т дақыл алды. Күрішті өңдеу барысында қанша пайыз дақыл шыққанын тап. (3 түр)
№3. Жұмысшылар бригадасына ұзындығы 760 м болатын жол бөлігін жөндеуден өткізу тапсырылды. Бригада жолдың қанша метрін жөнеуден өткізеді егер: тапсырманың 30%; 50%; 10% орындайтын болса. (1 түр)
№4. Мотоциклші қандай-да бір қашықтықты жүріп өтті. Жолдың 1% -ын ол ауыларалық жолмен жүрді, бұл 3,2 км құрады. Мотоциклші бір күнде қандай қашықтықты жүріп өткен? (2 түр)
№5. Оқушы кітаптың 138 бетін оқып бітірді, бұл кітаптағы барлық бет санының 23% құрайды. Кітапта неше беттен тұрады? (2 түр)
№6. Қарқынды технологияларын қолдана отырып, бригада жоспарланғаннан 250 деталды артық орындады, солайша ол жоспарды 5%-ға артық орындады. Бригада қанша детал дайындады? (2 түр)
№7. Слесарь мен оның оқушысы 1200 бұйым жасады. Оқушы барлық бұйымның 30% жасады. Оқушы қанша бұйым жасады? (1түр)
№8. Бір бөлменің ауданы 12 м2 , және ол пәтердің барлық ауданының 25% құрайды. Пәтердің барлық ауданын тап. (2түр)
№9. Геологтар ұзындығы 2450 км болатын жерді жүріп өтті. Жолдың 10%-ын олар ұшақпен ұшты, жолдың 60% -ын қайықпен жүзіп өтті, ал қалған бөлігін жаяу жүрді. Геологтар қанша километрді жаяу жүріп өтті? (1 түр)
№10. Сүттің 10% -нан ірімшік жасалады. 32,8 кг сүттен қанша ірімшік жасалады? 58,7 кг сүттен ше? (1түр)
№11. Автотурист бірінші күні 120 км жолды жүрді, ол барлық жоспарланған жолдың 15%-ын құрайды. Жоспарланған жолдың ұзындығы қандай? (2 түр)
№12. Егістіктің 24 % -на егін екті. Осы егістіктің қалған бөлігі 45,6 га егін егу қалды. Барлық егістіктің ауданын табыңыз.
№13. Сыныпта 17 ұл, ал қыздар 6 –ға артық. Сыныптың қанша пайызын қыздар құрайды және қаша пайызын ұлдар құрайды?
№14. Сыныптағы 40 оқушының «4» пен «5»-ке 18 оқушысы оқиды. Сыныптың оқу сапасы қанша пайыз? (3 түр)
№15. Кептірілген алма массасы жаңа алманың 16 % -ын құрайды. 4 т кептірілген алма алу үшін, қанша таза алма алу қажет? 4,5 т таза алмадан қанша кептірілген алма шығады? (1 түр)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет