Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Шеңбер. Геометриялық салулар
|
Мұғалімнің аты-жөні: Сагынбекова Сайрасын
Күні: 01.04.2021ж
Сынып 7
|
Сабақ тақырыбы
|
Шеңбер, дөңгелек, олардың элементтері мен бөліктері.
Центрлік бұрыш
|
Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаты
|
Нүктелердің геометриялық орнының анықтамасын білу;
Шеңбер мен дөңгелектің және олардың элементтерінің (центр, радиус, диаметр, хорда) анықтамаларын білу;
|
Сабақ мақсаттары
|
нүктелердің геометриялық орнының анықтамасын білу;
шеңбер мен дөңгелектің және олардың элементтерінің (центр, радиус, диаметр, хорда) анықтамаларын білу;
центрлік бұрыштың анықтамасы мен қасиеттерін білу және қолдану;
|
Бағалау критерийлері
|
нүктелердің геометриялық орнының анықтамасын біледі;
шеңбер мен дөңгелектің және олардың элементтерінің (центр, радиус, диаметр, хорда) анықтамаларын біледі;
центрлік бұрыштың анықтамасы мен қасиеттерін біледі және қолданады
|
Тілдік мақсаттар
|
Тілдік мақсат:
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
- нүктелердің геометриялық орны;
- шеңбердің центрі, радиусы, диаметрі;
- хорда;
- шеңбердің доғасы, оның бұрыштық шамасы;
- жарты шеңбер;
- қиюшы;
- шеңберге жанама, жанасу нүктесі;
- центрлік бұрыш, центрлік бұрыштың градустық шамасы;
Диологтар мен жазу үшін қолданылытын тіркестер:
- шеңбер доғасының бұрыштық шамасы ... тең;
... шеңбердің центрі;
- центрлік бұрыштың шамасы ... анықталады;
- центрлік бұрыш ... доғасына тіреледі;
- центрлік бұрыш ... доғасына керіледі.
|
Құндылықтарды баулу
|
«Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» құндылығы бойынша оқушыларды шығармашылыққа, бірігіп,келісіп топтық жұмыс атқаруға, өмір бойы білім алуға баулу
|
Пәнаралық байланыстар
|
көркем еңбек
|
Бастапқы білім
|
Шеңбер мен дөңгелектің ұғымдарын біледі, шеңбердің элементтерін (шеңбер,дөңгелек,радиус,диаметр) анықтай алады, дөңгелектің элементтерін ажырата алады
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
( 5 минут)
|
1. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеу, сабаққа әзірлігін тексеру.
|
7 сынып оқулығы
|
Сабақтың ортасы
( 15 минут)
|
тапсырма:
Шеңбер дегеніміз не? Шеңбердің центрі деп нені айтады? Шеңбердің радиусы,диаметрі деген не?
Шеңбер сыз, диаметрін салып, радиусын анықтаңдар
Хорда деп нені атайды? Қандай хорда диаметр болады? Центрлік бұрыш дегеніміз не?
Шеңбер сызып, хорда жүргізіңіз
Дөңгелектің секторы деп нені айтады? Шеңбер доғасы деген не? Жанама дегеніміз не?
Түзу мен шеңбердің, екі шеңбердің өзара орналасуларының сызбасын сал
Оқулықпен жұмыс
А . 54.6(1)-есеп.Қарбыз екі тең бөлікке бөлінді. Кесілген бөліктегі шеңбердің радиусы 15см. Қарбыздың диаметрі қандай болып еді?
Дескриптор:
Қарбыздың диаметрін таба алады
В . 54.6(2)-есеп.Киіз үйдің диаметрлері 1м,1,2м,1,4м болса,шаңырағының(54.6.ә-сурет)құрайтын радиусын табыңдар
Дескриптор:
Шаңырақтың диаметрін біледі
С .54.8(1)-есеп. Егер киіз үйдің табанының радиустары: а)2,5м;ә)3м;б)3.5мболса,онда оның диаметрін табыңдар
Дескриптор:
Киіз үйдің табаннының диаметрін таба біледі
Саралау тапсырмасы
№1. Центрі О нүктесінде және R =4,2 см болатын дөңгелек сызыңдар . Диаметрін тап және сызып көрсетіңдер.
№2. Шеңбердің радиусы 2,5 см. Оның диаметрін табыңдар. Осы шеңбердің диаметрі 6 см болуы мүмкін бе?
№3 Радиустары 30 см және 40 см болатын екі шеңбер жанасады. Осы шеңберлер іштей және сырттай жанасқан жағдайларда центрлерінің арақашықтығын табыңдар.
Дескриптор
Шеңбердің анықтамасын біледі.
Дөңгелекті сыза алады.
Радиусты біледі
Диаметрін таба алады
Диаметрін сыза алады
Іштей жәнет сырттай сызылған шеңберлер туралы біледі.
Берілген есептерді шығара алады.
Алдын ала берілген дескриторлар арқылы оқушылар өзін –өзі бағалайды.
Қызыл,көк,сары түстер арқылы бағалаймын.
«Ұлғайтылған Венн диаграммасы» арқылы сабақты қорытындылаймын.
|
Интерактивті тақта
Кеспе қағаздар, маркер
|
Сабақтың соңы
(2 минут)
|
Рефлексия
« Аяқталмаған сөйлемдер» әдісі бойынша рефлексия жасайды:
Бүгінгі сабақта мен ............................................. үйрендім.
Бұған дейін мен: ............................................. білуші едім.
Топпен жұмыс жасау кезінде: ...............................түсіндім
Үйге тапсырма : №
|
|