2-топ: Газ бен сұйықтар қысымының кемшіліктері
3-топ: Қызықты факторлар.
|
2. «БФЕ» стратегиясы бойынша талдау жүргізіп, басқа топтармен бөліседі.
|
«Екі жұлдыз, бір тілек»
|
www.bilimland.kz
www.twig-bilim.kz
|
2 мин.
|
Қысымды азайту, үлкейту қимыл қозғалыс жаттығуларын жасату арқылы сергіту.
|
Оқушыларды физиологиялық және психологиялық тұрғыда тақырыппен байланыстыру арқылы сергіту.
|
Сергіту сәтін өтілген жаңа тақырыппен байланыстырып, оқушылардың қызығушылығын арттырады
|
Оқушылар ойын жаттығуларын қысыммен байланыстырады.
|
Бір-біріне жақсы эмоция сыйлау
|
Музыка, анимацияланған слайд
|
7 мин.
|
3. «Әткеншек» әдісі арқылы есептер шығару
|
Сұйықтың ыдыс түбіне түсіретін қысымын анықтау.
|
1. Оқушыларға эксперименттік есептерді шығаруға қажетті құралдарды, яғни су құйылған ыдыс, сызғышты дайындап береді.
2. Эксперименттік есептерді реттілігімен орындауына бағыттаушы болады.
Сызғыш көмегімен стакандағы су биіктігін анықтаңдар. (1 балл)
Стақан түбінің ауданын қолданып, сұйық көлемін анықтаңдар V = S h. (1 балл)
Судың тығыздығын пайдаланып, сұйықтық массасын анықтаңыздар. m = V p. (1 балл)
Сұйықтың стакан түбіне қандай күш түсіретінін есептеңдер. F = mg (1 балл)
Стақан түбіне сұйықтың түсіретін қысымын есептеңдер. P -? (1 балл)
Есептеулерді дәптерге жазыңдар.
|
Оқушылар «Әткеншек» әдісі бойынша эксперименттік есептер шығарып білімдерін жүйелейді.
1. Әр топтан 3 оқушы www.bilimland.kz сайтындағы виртуалды зертханадағы эксперименттік есепті шығарып көрсетеді.
2. Әр топтан оқушы үстелдің үстіндегі құралдар арқылы гидростатикалық қысымды есептейді.
3. Әр топтан 2 оқушы 1 логикалық есеп пен 2 деңгейлік есепті шығарады.
1. Бес бірдей ыдыс берілген. Біріншісі сумен, екіншісі сүтпен, үшіншісі керосинмен, төртіншісі күнбағыс майымен, бесіншісі спиртпен толтырылған. Қандай сұйықтық құйылған ыдыста 1) түбіне түсірілген қысым үлкен? 2) түбіне түсірілген қысым аз?
2. Стақандағы сынап биіктігі – 8 см. Сынаптың ыдыс түбіне түсіретін қысымы неге тең?
3. Су құйылған мұнарадағы судың биіктігін анықта, егер оның ең төменгі жағына орналастырылған манометр көрсеткіші 220 кПа көрсетіп тұрса.
|
Критерий бойынша бағалау
|
www.bilimland.kz
«Физика және Астрономия» есептер жинағы
7 сынып
https://cloud.mail.ru/public/JzyY/VVpH8nTNa
|
2 мин.
|
Рефлексия
|
ББҮ кестесінің соңғы бағанасын шығару «нені үйрендім?»
|
Мақсатқа жеткенін анықтау.
|
Оқушылардың ББҮ кестесінің «үйрендім» бағанасын толтыруын қадағалау және сабақтың мақсатына жеткеніне кері байланыс алады.
|
Оқушылар ББҮ кестесін толтыра отырып сабақтың мақсатына жеткенін анықтайды.
|
Өзін-өзі бағалау
|
ББҮ кестесі
|