Қазақстан Республикасының мұнай өнеркәсібі экономиканың жетекші саласы болып табылады



бет1/4
Дата12.11.2023
өлшемі22.81 Kb.
#483071
  1   2   3   4

Алғы сөз
Қазақстан Республикасының мұнай өнеркәсібі экономиканың жетекші саласы болып табылады.
Қазақстан Республикасы қазіргі таңда дүние жүзіндегі ірі мұнай өндіруші елдердің қатарына қосылып, дүние жүзі бойынша мұнайдың дәлелденген қорынан -13, газ және конденсаттан - 15, мұнай өндіру көлемі жағынан 28 орын алады. Қазақстан дәлелденген қоры және мұнай өндіру көлемі бойынша ТМД елдерінің арасында екінші, ал газ бен конденсаттың қоры бойынша - 4 орын алады.
Еліміздің территориясында 200 - ден астам мұнай және газ кен орындары бар.
Өнеркәсіптік категориядағы мұнай қоры Қазақстанның алты әкімшілік облысында шоғырланған.Еліміздің батыс аймағының төрт облысында алынатын мұнай қорының 90 % - ы шоғырланған.
Атап айтсақ осы аймақта; Теңіз, Қарашығанақ, Өзен, Жаңажол, Кенбай сияқты және мұнай-газ қоры 100 млн тоннадан асатын ірі кен орындары шоғырланған.
Табиғи газдың негізгі қоры екі облыста шоғырланған; Батыс Қазақстандағы (Қарашығанақ) және Ақтөбедегі (Жаңажол).Мұнай кен орындарындағы ілеспе мұнай газының потенциалы зор.
Қазақстан Республикасындағы шикізаттардың дәлелденген мол қорымен қатар болжамды ресурстар көлемі де баршылық.
Республикамыздағы мұнайдың құрлықтағы болжамды алынатын қоры 7,8 млрд.тонна және оның 2/3 бөлігі Батыс Қазақстанда шоғырланған,ал табиғи газдың болжамды қоры 7, 1 трил. м 3 болып табылады.
Каспий теңізінің Қазақстандық секторындағы мұнай газ қоры да мол.Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігіндегі Шығыс Қашаған құрылымына бұрғыланған барлау ұңғыларының нәтижесінде мұнай мен газдың өнеркәсіптік мол қоры дәлелденген.
Қазіргі кезде Каспий маңы ойпатында, Солтүстік Үстіртте, Маңғышлақ пен Оңтүстік Торғай ойпатында орналасқан 60-қа жуық кен орны игерілуде. Қазақстан Республикасындағы Мұнай және конденсатты өндіру көлемі 2004 жылы 59 млн. 200 мың тоннадан асты,ал газ өндіру көлемі 20,5 млрд.м3 құрады.
Мұнай өнеркәсібінің қарқынды дамуына байланысты ұңғы өнімін кәсіпшілікте жинау, тасымалдау және дайындау жүйесін жетілдіру мәселесіне көп көңіл аудару қажет.
Мұнайгаз өндіру кәсіпорындары мұнай өндіруді; мұнайды жинау, дайындау және тасымалдауды; мұнай газын жинау және дайындауды; қабат қысымын ұстап тұту жүйесінде пайдаланатын тұщы және қабат суларын қабатқа айдау үшін дайындауды қамтамасыз ететін негізгі және қосалқы міндеттерді атқаратын құрылымдардың күрделі кешені болып табылады.
Тұтқырлығы жоғары шайырлы және парафинді мұнайларды өндіруде, ұңғы өнімінің құрамында күкіртсутегі және көмірқышқыл газы болғанда арнайы мәселелер туындайды.
Мұнай кен орындарының тұрғызу жобасын жасауда және мұнай мен газ кен орындарын игеру кезінде жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғауға, топырақтың, судың және атмосфералық ауаның ластануынан сақтауға үлкен көңіл бөлінеді.
Мұнай ұңғыларының өнімдерін кәсіпшілікте жинау және дайындау жағдайында өтіп жатқан құбылыстардың, үрдістердің және туындайтын мәселелердің сан алуандығы сонша оны бір кітап көлемінде ашып көрсетіп, тереңірек үңілуге толық мүмкіндік бермейді. Мұнай кен орындарын игерудің қазіргі таңдағы дүниежүзілік тәжірибесі әртүрлі жағдайларда мұнайды, ілеспе газды және суды тиімді жинау және сапалы дайындауды қамтамасыз ететін әртүрлі техникалық және технологиялық және технологиялық шешімдерді, тәсілдер мен жабдықтарды қлоданумен сипатталады. Технологиялық үрдістерде өнімділігі жоғары, толығымен немесе бір бөлігі ғана автоматтандырылған, саңылаусызданған блокты аппараттар мен жабдықтар қолданылады. Химиялық реагенттердің кең спектрі қолданылады.
Бұл кітапта ұңғы сағасынан бастап туралық мұнай мен газды тұтынушыға дейін жеткізудің технологиялық тізбегіндегі ұңғы өнімдерін жинау мен дайындауға арналған барлық үрдістер мен жабдықтар мен химиялық реагенттердің техникалық сипаттамасы беріледі. Теңіз кен орындарындағы мұнай, газ және суды жинаудың негізгі ерекшеліктері келтірілген.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет