№3 Мәртөк орта мектебі
Бекітемін:
мектеп директорының
міндетін атқарушы
Бектемирова Г.Р.
Факультативтік ашық сабақ
Тақырыбы: «Т.Айбергенов.Бір тойым бар...»
8 «Б» класс
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
мұғалімі: Ботанова Г.О.
2013 2014 оқу жылы
Тақырыбы: «Төлеген Айбергенов. Бір тойым бар...»
Мақсаты:
Білімділік мақсаты: Төлеген Айбергеновтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, сол арқылы олардың бойында поэзия әлеміне, жалпы сөз өнеріне деген сүйіспеншілікті берік қалыптастыру.
Дамытушылық мақсаты: Оқушының сөз мәдениеті дұрыс меңгеріп, жырларды мәнерлеп оқуға, өленді өміріне серік еткен ақынға еліктеп ақынжанды болып өсуіне кең жол ашу, рухани танымын кеңейту.
Тәрбиелік мақсаты: Туған халқының талантты ақынына, әдебиетіне, туған еліне деген сүйіспеншілік сезімін оятып, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: факультативтік, дәстүрлі емес.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, ақынның суреті, өмірбаяны, естеліктері бейнеленген слайдтар, видео және аудио таспалар.
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, тарих, музыка.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Бүгін факультативтік сабақтан «Төлеген Айбергеновтың шығармашылығы бойынша ашық факультативтік сабақ өткізгелі отырмыз.
Сабақтың мақсатын қою.
Жаңа сабақ.
Оқушылар Төлеген Айбергеновтың «Бір тойым бар» әнін тыңдайды. Сосын ұлы ақынның өмір жолы туралы қысқаша баяндалады.
Ақын Төлеген Айбергенов 1937 жылы наурыз айының 3 (8) жұлдызында Қарақалпақстанның Қоңырат ауданында туған. 1959 жылы Ташкент педагогикалық институтын бітіріп, Қоңырат ауданындағы орта мектептерде мұғалім, 1962-65 жылдары Шымкент облысының Сарыағаш ауданындағы орта мектеп директоры, 1965-67 жылдары Қазақстан жазушылар одағының Әдебиетті насихаттау бюросында ұйымдастырушы болды. Алғашқы туындылары 1957 жылдан республикалық газет-журналдарда жариялана бастады. Туған жерге деген ыстық сағыныш пен мөлдір махаббатқа толы бір топ өлеңдері «Жас дәурен» атты жас ақын-жазушылар шығармалары жинағына енді.
Ақын қазақ поэзиясына өзіндік жаңа ырғаққа құрылған, тегеурінді екпін, асау сезімге бай, әсем нақышпен өрнектелген бояуы қанық жырлар әкелді. «Арман сапары», «Өмірге саяхат», «Құмдағы мұнаралар», «Мен саған ғашық едім», «Бір тойым бар», «Бақшаға саяхат» атты өлеңдер мен поэмалар топтамаларында замандастарының рухани өрісін, сезім байлығын, тыныс-тіршілігін, туған елдің ізгі тілегі мен ақ ниетін тебірене жырлады. «Мир созвездий» деген атпен таңдамалы жырлары орыс тілінде жарық көрді.
/1-слайд /
Бір тойым бар,
болатыны сөзсіз менің.
Дәл қай күні екенін айта алмаймын.
Бірақ,бірақ…
Ешкімді де билетпей қайтармаймын.
/2-слайд/ Ғұмырдария
/3-слайд/ «Айбергенов әлемі» атты видеоның 1-бөлімі көрсетіледі.
Төлеген Айбергенов қазақ поэзиясы әлемінде Мұхтар Шаханов, Фариза Оңғарсынова, Жарасқан Әбдірашев, Есенғали Раушанов, Тынышбай Рахым т.б. жас ақындарға ұстаз бола білді.
Патриоттық сезім мен адам бойындағы асыл қасиеттерді ту еткен талантты ақын 1967 жылы Қарақалпақстанның астанасы Нөкіс қаласында көз жұмды. Дүниеден өткеннен кейін “Құмдағы мұнаралар” атты жыр-жинағына 1974 жылы әдебиет, өнер және сәулет саласы бойынша “Қазақстанның Ленин комсомолы” сыйлығы берілді.
/4-слайд/
Күйсе күйсін күншілдер күйігінде,
Өз ғасырым өзімнің иінімде.
Ақ жаңбырлар тоздырған тау сияқты,
Мен өлемін өзімнің биігімде.
Төлегенге институтта оқып жүрген кезінде сабақ берген ұстаздардың бірі Тұрар Айдаров өз естелігінде былай деген болатын:
Төлеген Айбергенов қазақ поэзиясы әлемінде Мұхтар Шаханов, Фариза Оңғарсынова, Жарасқан Әбдірашев, Есенғали Раушанов, Тынышбай Рахым т.б. жас ақындарға ұстаз бола білді.
/5-слайд/
Төлеген Айбергеновты өмірі өлеңіне, өлеңі өміріне айналған ақын деп біз нық сеніммен айта аламыз.
/6-слайд/ Өлеңі оқылады.
/7-слайд/ «Айбергенов әлемі» атты видеоның 2-бөлімі көрсетіледі.
Төлеген Айбергеновтың сөзіне музыка жазылып, көптеген әндерін эстрада әншілері орындап жүр.
/8-слайд/ «Каспий» тобының орындауында «Ақ еркем-Ақ жайық» әні тыңдалады.
/9-слайд/
Төлеген Айбергенов туралы «Жан еді өлең үшін дара туған» атты естеліктер кітабы жарық көрді.
/10-слайд/
Ақындардың артында мәңгілік аты қалған ақынға арнап жазған өлеңдері оқылады.
Төлеген Айбергеновтың өлеңдеріне қазіргі заманның сазгерлері де музыка жазып, жас әншілеріміз сол әндерді орындап жүр. Сол әндердің бірі «Мені ойла» деп аталады. Енді осы әнді «Заман» тобының орындауында тыңдап көрейік.
/11-слайд/
Қорытынды.
Мұғалімнің сөзі:
Сабақты Ерлан Шарафи ақынның Төлегенге арнаған өлеңімен аяқтағым келеді.
/12-слайд/
Өмір-өзен айдынында,
аз жүздіңде көп ықтың
Ну қамыстың арасынан,
бір шоқ гүлдей боп шықтың.
Ерте солып кетсең-дағы,
сол гүл болып қалдыңда,
Хатың қалды хош иістей,
мәңгі бақи артыңда.
Бір тамаша сол тойыңды,
бере алмадық біздерде,
Дәл қай күні екенін,
ұрпақ әлі іздеуде.
Шырылдамасын рухың сенің,
шайқалмасын қәбірің,
Мәңгілікте күнде болар,
сөзсіз сенің сол тойың.
Достарыңызбен бөлісу: |