Тарау 5.3В Тірі табиғаттағы үдерістер
|
Мектеп:
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып: 5
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы
|
Тірі табиғаттағы үдеріс
|
Оқыту мақсаты
|
5.4.2.6 өсімдіктерде пигменттердің болуын зерттейді
5.4.2.7 фотосинтездің жүруі үшін қажетті жағдайларын зерттейді
|
Сабақ мақсаттары
|
өсімдіктерде пигменттердің болуын зерттейді,
фотосинтездің жүруі үшін қажетті жағдайларын біледі.
|
Бағалау критерийлері
|
өсімдіктерде пигменттердің болуын зерттей алса және фотосинтездің жүруі үшін қажетті жағдайларын білсе
|
Дағдылар
|
Білімін қолдану, түсіну
|
Тілдік мақсаттар
|
Қазақша
|
Орысша
|
Ағылшынша
|
Фотосинтез
|
Фотосинтез
|
Photosynthesis
|
Өсімдіктер
|
Растения
|
plants
|
Пигмент
|
Пигмент
|
Pigment
|
|
Алдыңғы білімі
|
Өсімдіктердің жарыққа жауап қайтаруы, көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегін бөлетінін білу (3сынып).
Фотосинтез үдерісін білу және түсіну. Өсімдіктер бөлген оттегінің тірі ағзалар үшін мағызын түсіну. (3 сынып).
|
Оқытудың тілдік мақсаты
|
Оқушылар орындай алады:
Фотосинтез формуласын жазады
Фотосинтез үдерісін түсіндіре алады
өсімдіктерде пигменттердің болуын зерттейді
|
Қысқаша шолу
|
Бұл бөлімде тірі табиғаттың құрылымдық деңгейлері және қасиеттері жайлы ұғымдарын дамытады. Оқушылар тірі табиғаттың құрылымдық деңгейлерінің үлгісін жасайды. Оқушылар өсімдіктердің оттегіні бөлуі мысалында фотосинтез үдерісін зерттейді. Бұдан әрі олар алдын –ала өздерінің микропрепараттарын дайындау арқылы жасушаның құрамдас бөліктерін анықтау үшін микроскопты қолданады.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар/ Оқушылардың іс- әрекеті
|
|
Амандасу. Өзбек халқындай амандасады.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару үшін білімге деген тақпақты оқып береңіз.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын сыныпқа таныстыру, оқушылармен бірге талдау арқылы зейіндерін шоғырландыру
|
Презентация
|
|
(Э) Оқушылар жапырақтардағы пигменттерді бөлу үшін қағазда хроматографияны қолданулары тиіс. Жапырақтарды үккіш пен түйгіш көмегімен ұсатып эталонмен араластырулары тиіс (немесе веб-сайттағы нұсқауларды қолданулары тиіс). Тамшылар хроматография немесе сүзгіш қағазға салынады. Сонан соң қағазды пигменттер бөліну үшін этанолға салады (ерітінді ретінде).
Этанолды қолдану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Сонымен қатар оқушылардан табиғи пигменттерді бояу ретінде қолдануларын сұрау. Олар пияз бояуын алып, ұлпаны бояу үшін пигментті қолдана алады, немесе жеміс cығындыларын бояу ретінде қолдана алады.
Оқушыларға әдістеме ретінде ұсынуға болады:
Түрлі жапырақтан 3 г өлшеп алу.
Қайшымен жапырақтарды ұсақтап, үккішке салу. 2 г кварц құмын салып, езу.
Езілген жапырақтар жұмсағына 3 мл этил спиртін қосып араластыру.
Сүзгіш қағаздың төменгі ұшынан 10 мм жерде қарындашпен көлденең бастау сызығын сызу. Сызықтың тең ортасын белгілеу.
Белгіленген орынға 1 тамшы пигмент ерітіндісін тамызу.
Стаканға 3 мм шамасында этил спиртін құю.
Пигмент ерітіндісі тамызылған қағаздың бір шетін малып, стақанға орналастыру.
Пигменттердің таралуын бақылау.
|