Сабақ ортасы
3 мин
5 мин
2 мин
5 мин
3 мин
9 мин
(4 мин-видео, 5 мин – жұптық жұмыс-ойын)
4 мин
|
2. Өмір бойы білім алу құндылығы, өз ұлтының ерекшелігі мен құндылықтарды сақтап, дамыту ұғымы сұрақтар қою арқылы жүзеге асады.
- Бұл суреттерге қарап біздің ата-бабаларымыз туралы қандай ақпарат аламыз? (саздан, металдан бұйымдар жасау білген)
- Қандай шаруашылық дамыған ерте кезде? (металл өндеу, қыш-құмыра жасау)
3. (Ұ) Мәтінмен жұмыс.
3.1. Мәтінді оқу.
Ежелгі түркілер
Біздің заманымыздың 1 мынжылдығының орта кезінде (552 жылдан бастап) Қазақстан даласында түрік тайпалары өмір сүрді. Сол кезде барлық түрік тайпалардың басын қосып - біріктірген, түрік мемлекетінің негізін салған - Бумын басшы. Халықтар Түрік мемлекетін – Түрік қағанаты деп, ал Бумынға – қаған деген атақ қойған («қаған» - жоғарғы билеуші, әскербасы).
Түрік тайпалары көшіп-қонып, көшпелі өмір сүрді. Киіз үйде тұрды. Көшуге түйе, өгіз жеккен арбаны пайдаланды. Түрік тайпалары аңшылықпен шұғылданып, жолбарыс, түлкі, қоян және басқа аңдарды аулаған. Олардың терісінен киім тігіп киді, айырбас саудаға салды. Металл кенінің бай қоры болғандықтан, олардан әшекейлер, ыдыс, қару-жарақтар жасаған.
Негізгі кәсібі мал бағу болғанымен, түріктер егін егумен де айналысты.Суармалы алқаптағы отырықшы халық егін егіп, бау-бақша өсірген. Ұлы Жібек жолының елді басып өтуі арқасында сауда-саттық өркендеді. Жол бойындағы қалалар көркейді. Тараз, Мерке қалалары сауда мен қолөнердің орталықтарына айналды.
3.2. Тірек сөздермен жұмыс.
3.3. (Ө) Жұмыс дәптерімен жұмыс. Кестені толтыру.
Алған ақпаратты пайдаланып, кестені толтыру:
(Ж) Бірін-бірі бағалау: Презентацияда берілген ықтимал жауаптармен салыстырып, жұпта тексеру.
- Екеуінің арасындағы ерекше таңғалдырған айырмашылығын атаныздар.
5.Танымдық қабілеттерді дамыту бейнематериалды көру, «Құпия сөз» ойыны арқылы жүзеге асады.
- Осы суреттердің қандай ұқсастығы бар? (барлық суреттерде ежелгі жазу кездеседі.)
- Біздің ата-бабаларымыз туралы қосымша қандай ақпарат алдық? / түріктер сауатты өмір сүрген: ежелгі түркі жазуы болған. Түркілердің төл жазуы «руна жазуы» деп аталады. «Руна»- «ескі», «көне» деген мағынаны білдіреді./
Мұғалім:
Ежелгі түркі әліпбиін / руна әліпбиін пайдаланып , сөздерді жасырып көршіге айт:
6. Уақыт лентасына ата-бабаларымызды орналастыру:
Суреттер: Томирис, Атилла, Бумын-қаған
- Әр кезеңде / дәуірде қандай тұлғалар болған?
Әр топ бір-біріне нақтылау сұрағын қойып жауап берсеңіздер.
|
Суреттер, мәтін, тірек сөздер:
айырбас сауда,
кәсіп,
егін егу,
мал шаруашылығы,
өмір салты
http://play.nis.edu.kz/resources?resourceId=195
тірек сөздер:
түрік тайпалары,
ертедегі түркі жазуы,
руна жазбасы
сауатты
|