Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
|
Мектеп:
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып: 9
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы
|
Түзусызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық және орын ауыстыру 2-сабақ
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
9.2.1.6 түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі координата мен орын ауыстыру теңдеулерін есептер шығаруда қолдану
|
Сабақ мақсаты
|
Оқушыларға теңайнымалы қозғалыс теңдеулерін есептер шығаруда қолданып, жан-жақты талдау жүргізу арқылы терең түсінік қалыптастыру.
|
Бағалау критерийлері
|
Лездік және орташа жылдамдықтарды айыра біледі
Үдеудің анықтамасын және өлшем бірлігін біледі
Тең үдемелі қозғалыстың анықтамасын біледі
Теңайнымалы қозғалыс теңдеулерін біледі, оларды нақты есептер шығарғанда дұрыс қолданады
|
Тілдік мақсаттар
|
Арнайы пәндік лексика және терминология:
Лездік және орташа жылдамдықтар, бірқалыпты үдемелі қозғалыс, үдемелі қозғалысты сипаттайтын теңдеулер, тұрақты үдеу, тұрақсыз үдеу, жылдамдық пен үдеудің бағыттары.
Диалог үшін пайдалы баянды сөйлемдер:
Бір қалыпты үдемелі қозғалыста дене жылдамдығы .............. өзгереді.
Қозғалыстағы дененің жылдамдығы азайғанда үдеудің бағыты жылдамдық векторының бағытына...................болады.
|
Құндылықтарды дарыту
|
Оқушылар жұптық және топтық тапсырмаларды орындау барысында оларды өз беттерінше ізденуге, өзгенің ойын тыңдай отырып, қарсы пікір айтуға дағдыландыру.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Есептер шығарғанда екі белгісізі бар теңдеулер жүйесін шығарудың математикалық әдістерін қолданады
|
Бастапқы білім
|
Түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс, үдеу
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
0-2 минут
3-10 минут
|
Ұйымдастыру. Амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру. Сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу. Бағалау критерийлеріне қысқаша талдау жүргізу.
Жеке жұмыс. Ой қозғау, тақырыпқа ену.
Тақтадағы тапсырмаларды орындау
Бағалау критерийлері (тақтада көрсетіледі) :
Жоғары лақтырылған дененің жылдамдығы қалай өзгеретінін түсіну
Орташа және лездік жылдамдықтардың айырмашылығын түсіну
Оқушылар жауаптарын презентациядағы дұрыс жауаптармен салыстыра отыра өз-өздерін бағалайды.
|
Презентация
1-2 слайд
Презентация
3,6- слайдтар
Презентация
4,7- слайдтар
Презентация
5,8- слайдтар
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |