Сабақ тақырыбы XX ғасырдың 40-80 жылдарындағы Қазақстандағы әдебиет пен өнердің дамуы



Дата21.12.2023
өлшемі29.2 Kb.
#487285
түріСабақ
ҚМЖ 9 Қазақ өнері мен әдебиеті 40-80жж


Сабақ жоспары



Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
9.2 Кеңестік Қазақстанның мәдениеті (1946-1985 жылдар)



Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:




Сабақ тақырыбы

XX ғасырдың 40-80 жылдарындағы Қазақстандағы әдебиет пен өнердің дамуы






Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.2.2.1 кеңестік әдебиет пен өнер туындыларында қоғамдық өмірдің бейнеленуін талдау;
9.2.2.2 Мұхтар Әуезов шығармаларының әлем әдебиетіндегі орнын бағалау

Сабақ мақсаты

ХХ ғ. ІІ жартысындағы Кеңестік Қазақстанның әдебиеті мен өнерін сипаттау;
М. Әуезовтың әлем әдебиетіндегі орнын бағалау

Бағалау
критерийлері

Тоқырау кезіндегі өнердегі жаңа есімдерді, туындыларды біледі;
М. Әуезовтың әдебиеттегі орнына баға береді;
Кеңестік идеологияның қазақ мәдениетіне әсерін «PRES» формуласы арқылы түсіндіреді.

Тілдік мақсаттар



3 есте қалар есімді, 3 есте қалар туындыны дәптерге жазады, «PRES» формуласымен тұжырымдайды (жазылым дағдысы)
М.Әуезов туралы тұжырымдарды оқып, сұрақтарға ауызша жауап береді (оқылым, айтылым дағдылыары)

Құндылықтарды дарыту

- патриотизм
- ұлттық сана-сезім
- еркіндік

Тарихи концепт

себеп пен салдар

Пәнаралық байланыстар

Қазақ әдебиеті, бейнелеу өнері

АКТ қолдану дағдылары

Интернет ресурстарды пайдалану

Бастапқы білім



ХХ ғ. ІІ жартысындағы білім мен ғылымның дамуы.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин




БЫМ. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту үшін кеңестік заманның ақын-жазушыларының аты-жөндерін жазып қойып, қайсымен, қандай шығармасымен таныс екендігін сұрау: М.Әуезов, Б.Момышұлы, Ә.Нұрпейісов, С.Мұқанов, М.Мақатаев, І.Есенберлин, М.Мағауин, О.Сүлейменов.
Оқушылардың жауаптарын тыңдап болғаннан кейін, мұғалім аталған авторлардың шығармаларын атап, кеңестік замандағы өнер мен мәдениеттің негізгі ерекшеліктеріне шолу жасайды, одан кейін сабақ тақырыбы мен мақсаттарымен таныстырады.




Сабақтың ортасы

13 мин
22 мин



18 мин

15 мин


3 мин

Ж. Оқушыларға Білімланд платформасы ұсынған бейнетүсіндіруді көрсету. Көру барысында әркім дәптерге 3 есте қалар есімді, 3 есте қалар туындыны жазып, негіздеу керек. Орындап болғаннан кейін сынып ішінде бірнеше оқушы өз жазғандарын оқып шығып, талқылау ұйымдастырады.
Есте қалар есім Есте қалар туынды
1.
2.
3.
Себеп:


Т. Үлестірмелі материалға, интернет көздеріне негізделе отырып, топтар тоқырау жалдарындағы мәдениет саласындағы болған өзгерістерді, жаңа есімдерді талдайды.
І топ. Әдебиет

Есімі__туындылары__Мазмұны,_негізгі_идеясы__құндылығы'>Есімі

туындылары

Мазмұны, негізгі идеясы

құндылығы

Ә. Нұрпейісов










І. Есенберлин










С.Мұқанов










Б. Момышұлы










Ғ. Мүсірепов










Дескриптор:_1._Аталған_музыка_саласы_өкілдерінің_рөлін_анықтайды(әнші,_композитор,_т.б)_2._Сол_кезеңдегі_жетістіктерін_анықтайды___III_топ_Кинематография'>Дескриптор: 1. Жазушылардың туындыларын атайды, шығармалардың негізгі идеясын анықтайды
2. Кеңес дәуірінде, бүгінгі күндегі құндылығын атайды


ІІ топ. Музыка

Есімі

ролі

жетістіктері

Р.Бағланова







Р.Рымбаева







Ә.Дінішев







Ш. Қалдаяқов







Н.Тілендиев









Дескриптор:
1. Аталған музыка саласы өкілдерінің рөлін анықтайды(әнші, композитор, т.б)
2. Сол кезеңдегі жетістіктерін анықтайды


III топ Кинематография

Атауы

Режиссері, мазмұны

жетістіктері

Қыз Жібек







Менің атым қожа







Транссібір экспресі







Біздің сүйікті дәрігер







Алдар Көсе









Дескриптор:
1. Аталған фильмдердің режиссерін, негізгі сюжетін анықтайды
2. Қандай жетістіктерге ие болғандығын анықтайды


IV топ Ақындар

Есімі

шығармалары

жетістіктері

М.Шаханов







О. Сүлейменов







М.Мақатаев







Қ.Мырзалиев







Ф.Оңғарсынова









Дескриптор:
1. Аталған ақындардың шығармаларын, негізгі тақырыптарын анықтайды
2. Сол кезеңдегі жетістіктерін анықтайды
Критерийлер:

  • Берілген саладағы танымал тұлғаларды/туындыларды анықтау;

  • Негізгі бағыттарын, мазмұнын сипаттау, дәлелдер келтіру;

  • Кеңес заманындағы рөлін анықтау

Берілген критерийлер бойынша әр топ бір бірінің жұмысын бағалайды.
Б. Оқушыларға М.Әуезов туралы бейнетүсіндіруді ұсыну, сыныппен мына сұрақтарды талқылау:

  • М.Әуезовтың қазақ әдебиетіндегі орны қандай?

  • Неліктен Әуезов әлемге танымал болды?

  • М.Әуезовтың әлемдік деңгейде танылуының қазақ ұлты үшін маңызы қандай?

Сөздерге дәлел болу үшін Әуезов туралы түрлі пікірлерді көрсету және сыныптан сұрау:


Әуезов туралы пікірді мына тұжырымдар дәлелдей алады ма?
«Мен оның (М.Әуезовтің) шығармаларын туған еліме таныстырушы болуды өзіме үлкен абырой санаймын. Эпикалық роман «Абай» менің ойымша, XX ғасырдағы ең үздік шығарманың маңдай легінен орын алады деу аздық қылады, ондай шығарманы табу қиын»
Луи Арагон.
«Әуезовтің үніндей үнмен, Әуезов жырлаған ұлылықпен, керемет махаббатпен жырланған бақытты халықтың шіркін не арманы бар екен»
Француздың белгілі сыншысы Бержарон

«Біздің көз алдымызда Абай ақынның өмір тарихы тар кемерінен тасып шыққан жеңімпаз, өрен өзен сықылды, сол кездегі көшпелі қазақ халқының тарихына астасып кеткен. Әуезов үлкен суреткерге тән нәзіктілікпен, толып жатқан әсем детальдармен, үш ұрпақты көрсететін туған халқының келелі кезеңін көзімізге елестетеді»
Австрияның журналы
«М.Әуезовтің «Абай жолында» өткен ғасырдың екінші жартысындағы қазақ халқының өмірі, сол кездің әдет-ғұрып тұрмысы, сол күйінде, әр қырынан, өз сатысымен тамаша бейнеленеді.»
Неміс сыншысы Герберт Кремпиен


Ж.Сабақты қорытындылау мақсатында оқушыларға мынадай жеке жұмыс жасау ұсынылады:


«Кеңестік идеология қазақ мәдениетінің дамуына үлкен әсер етті» сіз бұл тұжырыммен қаншалықты келісесіз?
Дескриптор:

  • Өзінің позициясын білдіреді;

  • Себебін түсіндіреді:

  • -Позициясына кемінде екі дәлел (мысалдар) келтіреді;

  • -Қорытынды ой-түйін жасайды.


P
(point
of view) – көзқарас;


R
(reason) - себеп;


E
(example) – мысалы;


S (summary) – қорытынды.

Оқушылардың жазбалары талқыланғаннан кейін сабаққа қорытынды жасалады, мұғалім кері байланыс береді.





https://bilimland.kz/kk/subject/qazaqstan-tarihy/9-synyp/xx-hasyrdyng-4080-zhyldaryndahy-adebiet-pen-onerding-damuy?mid=3abf14f0-c569-11e9-b595-391f97737328



https://bilimland.kz/kk/subject/qazaqstan-tarihy/9-synyp/xx-hasyrdyng-4080-zhyldaryndahy-adebiet-pen-onerding-damuy?mid=09994410-c56c-11e9-b595-391f97737328


Мухтар/Әуезов және әлем әдебиеті.
http://www.uniface.kz/index.php?post=article§ion=2&id=152


Мұхтар Әуезов 
http://e-history.kz/kz/video/view/341#scontent



Сабақтың соңы
4 мин



Сабақ соңында оқушылар «3 Қ» формуласы бойынша рефлексия жүргізеді:

  • Құнды.....

  • Қызықты....

  • Қиын....





Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы













Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?
Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет