Пән: Қазақ тілі
Сынып: 4 «б», «в»
|
Мектеп: №40 ЖОМ
Мұғалімнің аты-жөні: Сәкен Б.
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы
|
Зергерлік бұйымдар
|
Осы сабақта
қол жеткізілетін
оқу мақсаттары
|
4.1.3.1* тыңдаған, оқыған материалдың (ұзақтығы 2-2,5 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру/сөйлемді толықтыру және
түйінді тұстарын анықтау/кесте толтыру/кластер құрастыру/болжау
|
Сабақ мақсаттары
|
Оқушылардың барлығы: мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.
Оқушылардың көпшілігі: мәтін бойынша берілген тақырыпқа қатысты сөйлемдерді толықтырады, түйінді тұстарын анықтайды. Оқушылардың кейбірі: мәтіннің оқиғасын дамытады, оқиғалар желісі бойынша кластер құрастырады, өз пікірін білдіреді.
|
Бағалау критерийлері
|
тыңдаған, оқыған материалдар бойынша сұрақтарға жауап береді;
сөйлемдерді толықтырады;
тақырыпқа қатысты тірек сөздерді орынды қолданады;
тақырыптың түйінді тұстарын анықтайды;
өз пікірін білдіре алады.
|
Тілдік мақсат
|
мыс, құжат, тиын, маңызды
|
Құндылықтарды дарыту
|
Жалпыға бірдей еңбек қоғамы. Еңбек және шығармашылық, ынтымақтастық.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Өзін-өзі тану, дүниетану, музыка
|
АКТ қолдану дағдылары
|
PowerPoint таныстырылымы
|
Бастапқы білім
|
Қолөнер
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
(5 мин)
|
Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. «Ыстық алақан» тренингін өткізу. Оқушылар сәлемдеседі, бір-біріне жақсы тілектер айтып, сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту.
- Балалар, бізге Сұлтан мен Әсет сыйлық беріп жіберіпті. Қане ішінде не бар екенін көрейік. (оқушылар суреттерді алады) Суреттер бойынша топқа бөлінеді.
1-топ «Сырға»
2-топ «Жүзік»
3-топ «Білезік»
Үй тапсырмасын сұрау (5-тапсырма)
-Ал енді, балалар, өткен сабақта алған білімімізді еске түсіріп жіберейік! Үйге қандай тапсырма беріліп еді?
(әр топтан 2 оқушыдан оқиды)
Топпен бағалайды.
( «Смайлик», «Светофор», «Басбармақ» әдістері) ҚБ
|
Қорапша, суреттер
|
Сабақтың ортасы
(30 мин)
|
Танымдық видеоролик көрсету: «Зергерлік бұйымдар» (АКТ)
Видеороликтен не көрдік?
Бұл бұйымдар қалай аталады?
Жақсы, ендеше бүгінгі сабағымыз қандай тақырыпқа арналмақ, қалай ойлайсыңдар?
Сабақтың тақырыбын айтып, мақсатымен таныстыру.
Ондай болса, бүгінгі сабақта кездесетін жаңа сөздермен танысайық! Сөздік дәптерлеріңе жаңа сөздерді жазып алыңдар.
Жаңа сөздермен таныстыру:
мыс - медь
құжат - документ
тиын – тиын (денежная единица)
маңызды - важный,значительный
шынжыр - цепь
Балалар, оқулықтағы 1-тапсырмаға қарайық.
Айтылым.Сыныппен жұмыс. «Сұрақ-жауап» әдісі.
- Зергер деген кім? Ол не істейді?
- Зергер болу үшін адамға қандай қасиеттер керек?
- Зергер қандай заттарды жасайды?
Дескриптор:
тыңдаған материал бойынша сұрақтарға жауап береді-1балл
өз пікірін білдіре алады -1балл
Ал енді ,балалар, тілдік бағдарға назар аударайық! (түсіндіру)
Қимылды білдіретін сөз
(бастапқы мағына)
|
|
Мысал
(алда орындалатын әрекет)
|
бару
келу
жасау
істеу
|
-а
-е
-й
|
барады
келеді
жасайды
істейді
|
Балалар,енді 3-тапсырмаға назар аударайық!
Жазылым. Жұптық жұмыс.
Берілген тірек сөздермен сөйлемдер құрастырамыз. «Бүгін»,
«ертең», «бүрсігүні», «арғы күні» сөздерін қолданамыз.
Үлгі: Ертең сендер сәукеле тігесіңдер. Кешке сіздер текемет жасайсыздар.
Тірек сөздер: кесене тұрғызу, құмыра жасау,кірпіш қалау, саз қосу, теңге соғу, базарлық әкелу, пышақты сәндеу, ескерткіш тұрғызу.
Жазып болған соң, дәптерлеріңмен ауысып, бір–бірлеріңді жұпта тексересіңдер.Тақтадағы дескриптор бойынша бағалайсыңдар (тақтадан көрсету, оқушылар дәптерлерін ауыстырып, бір-бірін өзара бағалайды).
Дескриптор:
Тірек сөздер арқылы 1-сөйлем құрастыра алады – 1балл
Тірек сөздер арқылы 2-сөйлем құрастыра алады – 2балл
Тірек сөздер арқылы 3-сөйлем құрастыра алады – 3балл
Тірек сөздер арқылы 4-сөйлем құрастыра алады – 4балл
Тірек сөздер арқылы 5-сөйлем құрастыра алады – 5балл
Тірек сөздер арқылы 6-сөйлем құрастыра алады – 6балл
Тірек сөздер арқылы 7-сөйлем құрастыра алады – 7балл
(тірек сөздерді қолданбаса - 0 балл) (ҚБ)
2-тапсырманы орындайық.Сөйлемдерді салыстырыңдар, айырмашылығын айтыңдар. Айтылым.Топтық жұмыс.
Қашан?
|
|
|
Бүгін
|
Алтыннан шынжыр жасаңдар
|
Алтыннан шынжыр жасайсыңдар
|
Ертең
|
Күміс теңге соғыңдар
|
Күміс теңге соғасыңдар
|
Бүрсігүні
|
Пышақ сәндеңдер
|
Пышақ сәндейсіңдер
|
Арғы күні
|
Жүзік жасаңдар
|
Жүзік жасайсыңдар
|
Топпен бағалайды. ҚБ («Смайлик», «Светофор», «Басбармақ» әдістері)
Дескриптор:
Сөйлемдерді салыстырады – 1балл
Айырмашылығын айта алады – 1балл
Сергіту сәтін өткізу
4-тапсырма. Оқылым. Айтылым. Топтық жұмыс.
Мәтінді оқимыз, топта талқылаймыз.Содан кейін берілген сөздерді сәйкестендіріп, толықтырамыз. Алдарыңда жатқан қағазға кластер түрінде көрсетіп, баяндаймыз.
Ең алдымен....
Содан соң.....
Содан кейін....
Одан кейін...
Ең соңында....
Топпен бағалайды. ҚБ («Смайлик», «Светофор», «Басбармақ» әдістері) Әр топтан бір оқушы шығып қорғайды.
Дескриптор:
Сөздерді сәйкестендіріп, сөйлемдерді толықтырады -1балл
Тақырыпқа қатысты тірек сөздерді орынды қолданады-1балл
Тақырыптың түйінді тұстарын анықтайды-1балл
|
Таныстырылым № 1
Сөздік дәптер
Оқулық
слайд
Кесте
«Қос қарлығаш»
Кесте
|
Сабақтың соңы
5 мин
|
Айтылым. «ПОПС» әдісі арқылы оқушылар алған білімдерін бекітеді.
Бүгінгі сабақ бойынша өз пікірімізді «ПОПС» әдісі бойынша айтайық (интерактивті тақтадан көрсету)
П - Менің ойымша, ...
О – Өйткені, .....
П – Мысалы, .....
С – Сондықтан, ......
(Әр топтан бір-екі оқушы өз пікірлерін айтады).
Дескриптор:
Өз пікірін білдіреді – 1 балл
Себебін түсіндіреді – 1 балл
Мысал келтіреді – 1 балл
Қорытындылайды – 1 балл (ҚБ)
«Шапалақ» әдісімен бағалаймыз.
Рефлексия:
Оқушылар өз аттары жазылған кеспе қағазды өздерінің қалауы бойынша тақтада ілулі тұрған қағазға жапсырып, кері байланыс жасайды.
Балалар, бүгінгі сабақтың қалай өткенін білу үшін алдарыңдағы кеспе қағазға аттарыңды жазып, тақтадағы ілулі тұрған қағазға «сабақ көңілді болды, ұнады» десеңдер – көңілді сабаққа, «бәрін білдім, үйрендім» десеңдер – жемісті сабаққа, «тақырып қиын болды, әлі түсінуді қажет етемін» десеңдер – қиын сабаққа жапсырасыңдар.
РЕФЛЕКСИЯ
КӨҢІЛДІ САБАҚ ЖЕМІСТІ САБАҚ
ҚИЫН САБАҚ
Үй тапсырмасы:106-бет, 5-тапсырма
|
Плакат
|
Достарыңызбен бөлісу: |