Ұжымдық жұмыс Географиялық карталарда қалалардың арақашықтығы, үйдің планында үйдің өлшемдері қалай кішірейтіліп беріледі. Мысалы, кітап беті тік төртбұрыш пішінді: ұзындығы 2 дм 1 см, ені 1 дм 4 см. Кітап бетін дәптерге кескіндейік. Ол үшін: Өлшемдерді бір өлшем бірлігіне келтіру қажет. 2 дм 1 см =21 см, 1 дм 4 см = 14 см; Өлшемдердің мәндерін 7 есе кішірейтейік: 21 : 7 = 3; 14 : 7 = 2. Дәптердегі кітап бетінің сызбасы ұзындығы 3 см, ені 2см тік төртбұрыш Сызбадағы 1 см кітаптың нақты өлшемінің 7 см-іне тең. Мұны масштабы 1:7 немесе 1/7 болатын кітап бетінің кескіні дейміз. Географиялық карталар белгілі бір масштабпен дайындалады. Анықтама: Картадағы кескін ұзындығының оған сәйкес жер бетіндегі қашықтыққа қатынасын масштаб деп атайды. Мысалы: географиялық картаның масштабы 1 : 100 000 болса, онда картаның ұзындығы 1 см кесіндіге жер бетінде 100 000 см = 1000 м = 1 км қашықтық сәйкес келеді. Керісінше, жер бетіндегі 1 км қашықтық географиялық картада 1 см кесіндімен кескінделеді. 1- есеп. 1- есеп. Екі қаланың картадағы арақашықтығы 3,5 см. Жер бетіндегі арақышықтығы 175 км. Картаның масштабын табыңыздар. Шешуі: 175 км = 175 000 м =17 500 000 см 3,5 : 17 500 000 =1 : 5 000 000 Жауабы: Картаның масштабы: 1 : 5 000 000 немесе 1/5 000 000 2-есеп 1 : 2 500 000 масштабымен берілген картада екі қаланың арақашықтығы 6 см. Екі қаланың жер бетіндегі арақашықтығын табыңыздар. Шешуі: х- екі қаланың жер бетіндегі арақашықтығы. Масштаб анықтамасын пайдаланып, пропорция құрамыз: Жауабы: 150 км Әр түрлі сызбаларда масштаб әртүрлі сандық мәндерге ие болады. Масштаб географиялық карталарда : 1 : 250 000 000; 1 :1 000 000; үй бөлмелерінде: 1 :200; 1: 250; бөлме ішіндегі заттар үшін: 1 :50; 1: 10 т.с.с. болады. Кішкене жәндіктердің , ұсақ бөлшектердің өлшемдері сызбада үлкейтіледі. Мұндай жағдайда қатынастың алдыңғы мүшесі оның соңғы мүшесінен үлкен болады. Мысалы: 5:1; 10 :1; 100:1. – үлкейту масштабтары. Бірлескен жұмыс № 1. Сырдария өзені Нарыннан басталып, Арал теңізіне құяды . Сырдария өзенінің ұзындығы 2220 км, оның 1:7 500 000 масштабымен сызылған картадағы ұзындығын табыңыздар. Шешуі: 2220 км=2220 000 м=222 000 000 см х:222 000 000 = 1:7 500 000 х=222 000 000 : 7 500 000=29,6 Жауабы: 29,6 см №2. Екі елді мекен арасын мотоциклші 40 км/сағ жылдамдықпен 1 сағ 24 мин жүрді. Осы екі елді мекеннің картадағы арақашықтығы 7 см ; 2) 4 см болса, картаның масштабын табыңыздар. Шешуі: S=40 км/сағ * 1,4 сағ = 56 км 56 км=56 000м= 5 600 000см 1) 7 : 5 600 000 = 1 : 800 000; 2) 4 : 5 600 000 = 1 400 000; Жауабы: 1) 1: 800 000 2) 1 : 1 400 000 Жеке жұмыс №1 Үлкен Алматы каналының ұзындығы 170 км, оның картадағы ұзындығы 17 мм. Картаның масштабын табыңыздар. №2. Картадағы 4,6 см кесіндіге Жер бетіндегі 230 км арақашықтық сәйкес. Жер бетіндегі 575 км арақашықтыққа осы картада неше сантиметр кесінді сәйкес?
Достарыңызбен бөлісу: |