Ірі масштабты геологиялық-экологиялық зерттеулер. Жоспар: 1



Дата16.01.2024
өлшемі14.63 Kb.
#489246
лекция23


Ірі масштабты геологиялық-экологиялық зерттеулер.
Жоспар:
1 Зерттеулердің негізгі міндеттері.
2 Бөлікшелерді таңдау және мөлшері.
3 Аквальді ландшафттардың шегіндегі зерттеулер.


1 Зерттеулердің негізгі міндеттері.

Ірі масштабты (1:25 000 – 1:10 000) жұмыстар сатысына жатқызылатын геологиялық-экологиялық зерттеулердің негізгі міндеті бұрын анықталған аномальді бөлікшелердің және жеке аномалиялардың шектерінде қоршаған ортаның жағдайын (ластану дәрежесін) түпкілікті бағалау болып табылады.


Үшінші сатыға жатқызылатын ірі масштабты зерттеулер фондық аудандарды таңдау және жағдайын бағалау мақсатында аномалиялардың шектерінен тыс та жүргізілуі мүмкін. Соңғысы өзіндік биосфералық эталондарды құру үшін және режимдік бақылауларды (қатты саты) алдағы жүргізу үшін қажет. Бұл жағдайда ірі масштабты зерттеулер қоршаған ортаның жағдайын кешенді бағалау үшін, оған тигізілетін техногенді ықпалдардың ізі жоқ бөлікшелерде жүргізіледі, олар алдыңғы сатылардағы зерттеулердің нәтижелері бойынша таңдалады.
Ірі масштабты зерттеулер орташа масштабтыларға жатқызылатын экологиялық-геохимиялық жұмыстар аяқталған соң жүргізілу керек. Ерекше жағдайларда олар аймақтық зерттеулер кезінде анықталған аномалияларда жүзеге асырылуы мүмкін, сонымен қатар үй тұрғызылған және өнеркәсіптік ландшафттардың жағдайын бағалау үшін қолданылуы мүмкін.


2 Бөлікшелерді таңдау және мөлшері.

Ірі масштабты зерттеулерді жүргізгенде аудандарды таңдауда мынадай жерлерде орналасқан бөлікшелер артықшылыққа ие болады:



  1. санитарлық-саяжай аймақтарының және осы аймақтарға ластаушы элементтердің (олардың қоспаларының) жерүсті және жерасты ағуы мүмкін ландшафттардың территорияларында

  2. ауыз су және шаруашылық сутартқы аймақтарының шектерінде, сонымен қатар сутартқы аймағына ластаушы заттардың тікелей түсуі мүмкін территорияларда

  3. жаппай демалыс пен рекреация аймақтарында

  4. территориясында балаларға арналған және емдік-сауықтыру мекемелері орналасқан аймақтарда

  5. азық-түлік өнімдері (ең алдымен көкөністер мен жемістер) жиналатын ауылшаруашылық жерлерде

Ірі масштабты зерттеулер үшін таңдалатын бөлікшелердің мөлшері олардың контурларында бұрын анықталған аномалиялардың барлығы толық сыятындай болуы тиіс.
Ірі масштабты зерттеулердегі жұмыстардың нәтижелері бойынша зерттелетін аномалиялардың пайда болуын тудырған ластану көздері анықталу керек, бөлікшенің бұдан ары ластануының алдын алу және болған ластанудың салдарын жою үшін ұсыныстар құрастырылу керек.


3 Аквальді ландшафттардың шегіндегі зерттеулер.

Ірі масштабты зерттеулердің негізгі міндеті – аквальді ландшафттардың жағдайын (ластану дәрежесін) түпкілікті бағалау. Бұл жұмыстар аномальді бөлікшелерде жобалануы мүмкін, ал сандық бағалау кезінде ірі аномалиялардың шектерінде және фондық аудандарда. Орта масштабты жұмыстардың нәтижелері алынғаннан кейін ғана оларды жүргізу тиімді. Ерекше жағдайда бірінші сатыда жұмыстарды аяқтаған соң бірден анықталған аномалияларда ірі масштабты зерттеулерді жүзеге асыруға болады.


Ірі масштабты зерттеулердің нәтижелері бойынша ортаның жағдайын сандық бағалау кезінде сулар мен түп түзілімдерінің ластану көздері мен себептері белгілену керек, сонымен қатар ластаушы заттар шоғырланатын негізгі геохимиялық кедергілер анықталу керек. Сонымен бірге бірнеше геохимиялық кедергінің жапсарлануы жүзеге асырылатын бөлікшелерге ерекше назар аудару қажет. Тек осы міндеттерден кейін бұдан ары ластанудың алдын алу және анықталғанды мүмкін жою бойынша ұсыныстар құрылу керек.


Бақылау сұрақтары.



  1. Ірі масштабты зерттеулердің негізгі міндеттері.

  2. Ірі масштабты зерттеулер кезінде бөлікшелерді таңдау және олардың мөлшері.

  3. Аквальді ландшафттар шектеріндегі ірі масштабты зерттеулердің негізгі міндеттері.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет