Ұ 1-тапсырма
лы Отан соғысы жылдарындағы Қазақ КСР мәдениеті
Ой толғау ,
XX ғасырдың басындағы қазақ интеллегенциясының көрнекті өкілдерден кімдерді танып тұрсыздар?
Қазақ зиялылары дегеніміз кім?
Қазақ зиялыларын атқарған еібектерін білеміз бе?
Қазақ зиялылары қоғамының дамуына қалай әсер етті.
Алаш – ұғымын қалай түсіндіре аламыз?
Қазақ зиялылары қазақ қоғамында үлкен беделге ие болды.
ХХ ғ.алғашқы онжылдығында қазақ ұлттық интеллигенциялық үшін жалпы елдік зәру мәселелерді көтеретін қоғамдық ойға қозғау слып, бағыт бере алатын газет журналдар шығару үлкен қоғамдық мәселеге айналды. М. Сарин «Айқап» журналын шығарып, отарлық саясаттың қазақ қоғамына тигізіп жатқан зардаптарын ашып көрсетуге күш салды және қазақ халқы арасында ағартушылық қызмет атқарды. Ал 1913 жылдан – 1917 жылдар арасында шығарылған «Қазақ» газеті тәуелсіздік, егемендік дербес мемлекет құру туралы алғашқылардың бірі Ә. Бөкейханов, газет редакторы . Байтұрсыновтар болды. Бұл газетте Алаш Орда өкіметінің бағдарламасы жарияланды.
Ал, балалар, өз ізденістеріңе сүйеніп, қазақ зиялыларымен танысайық.
Оқушылар портрет тану
Сонымен балалар ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамында мәдениет пен ағарту ісінде баспасөз – негізгі үгіт насихат құралы болып есептеледі.
Қазақстанның қоғамдық санасы еркіндік ұғымы мен шовинистік отаршылдық пиғылдың текетіресіне түсіп, қазақ зиялыларының жөн сілтеуімен алға жылжыды.
Ахмет Байтұрсынұлы (5 қыркүйек 1872 жыл,қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Ақкөл ауылы – 8 желтоқсан 1937, Алматы) — қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі