3. Ұлттық-демократиялық интеллигенцияны қалыптастыру. «Алаш» қозғалысы - 3. Ұлттық-демократиялық интеллигенцияны қалыптастыру. «Алаш» қозғалысы
- ХХ ғасырдың басында қазақ жеріндегі отаршылдық күшеюі ұлт-азаттық қозғалысының өрлеуіне әсер етті. Бұл кезде қазақ ұлт интеллигенциясы өкілдерінің арасында Петерборг, Мәскеу, Варшава, Қазан, Омбы, Орынбор жоғарғы оқу орындарын бітіргендерден либерал-демократиялық тобы қалыптасты. Оның басында ірі саяси қайраткер, көрнекті экономист-ғалым, «Алаш» партиясының негізін қалаушы, кадет партиясы орталық комитетінің мүшесі, Мемлекеттік Думадағы мұсылмандар тобының мүшесі Әлихан Бөкейханов тұрды.
- Ұлттық қозғалыстың Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов бастаған жетекшілері халықтың азаттық қозғалысын конституциялық монархия, либерал-демократиялық реформалар жүргізу үшін күреске бағыттағысы келді. Олар паша үкіметінің аграрлық саясатын қатты сынға алды, Қазақстанға орыс шаруаларын қоныстандыру саясатын тоқтатуды талап етті. 1905 ж. қазанда ұлттық интеллигенция өкілдері Оралда 5 облысындағы қазақтардың делегаттарының съезін өткізіп, онда олардың ұлттық мүддесін қорғауға тиісті Ресейдің конституциялық-демократиялық партиясының филиалын құрмақшы болды. 1906 жылы Семейде қазақтардың екінші съезі болып өтті. Ол съезд кадеттердікіне жақын бағдарламаны мақұлдады. Оған өлкеде орыс шаруаларының қоныс аударуын тоқтату, Қазақстанның барлық жерлерін бұрыннан тұрғылықты халықтың меншігі ретінде тану, мектептер ашу және тағы басқа да талаптер енгізді. Олар өздерінің дін тұту ерекшелігін алу, ұлттық мәдениетін дамыту, Қазақстанда қазақ тілін басқа тілдермен теңестіре жүргізу жөнінде мәселелер көтерді. Бұл кезде сондай-ақ демократиялық бұқара халықты жақтаушы бағытындағы топтар құрылды. Олар Мұхамеджан Сералин редактор болған «Айқап» журналының төңірегіне топтасты. «Айқап» журналы 1911-1915 жж. шығып тұрды. Оның жұмысына Ж.Сейдалин, Б.Қаратаев, С.Сейфуллин, Б.Майлин т.б. араласты. Қазақ еңбекшіл бұқарасының 1905-1907 жж. ұлт-азаттық қозғалысы көп жағдайда ұйымдаспаған түде өтті.
-
Достарыңызбен бөлісу: |