Қазақ тілін оқытудың кейбір өзекті мәселелері



бет1/4
Дата05.02.2024
өлшемі28.45 Kb.
#490903
  1   2   3   4
Тілді жоғары мектепте оқыту 2-мөж


М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ

МӨЖ



Тақырыбы: Қазақ тілін оқытудың кейбір өзекті мәселелері

Пәні:Тілді жоғары мектепте оқыту әдістемесі


Курс: 2
БББ: 7М01723 «қазақ тілі мен әдебиеті педагогтерін даярлау
Магистрант: Қадыр А.Қ.
Оқытушы: ф.ғ.к., доцент Макулова Л.Т

Тараз, 2023


ЖОСПАР:
Кіріспе
1 Қазақ тілін оқыту жүйесінің қайнар көздері мен негізгі бастаулары

    1. Қазақ тілін оқытудың ғылыми жолдарының саралануы

    2. Қазақ тілін оқытудың өзекті мәселелері



КІРІСПЕ
Қазақ тілі – сан ғасырдан бері ата бабадан мирас болып келе жатқан киелі дүние. Ол – халықтың алтыннан қымбат кені. Тіл – адам баласының әлем бейнесін тану жолындағы түсінігінің, ойының, сезімінің, идеясының, дүниетанымының көрінісі.
Тіл – халық тарихы. Тілде халық жасаған мәдениет пен өркениеттің даму жолы жатады. Қазақ халқының барлық құнарлы ойы, құнды қиялы көркем сөзбен кестеленген. Сондықтан да тілдің болашағын бағамдау үшін, оның кешегі өткен тарихын білу – қажеттілік. Тіл бар жерде ұлт бар. Ұлттың өзгеден ерекшеленетін ең негізгі де тұғырлы белгісі - тілі. Тілдің қасиетін түйсіну – ұрпаққа парыз.Әрбір ұлт тілі өзінше ұлы, өз нақышымен қымбат. Қазақ тілі – ең бай әрі дамыған тіл. Әлемдегі санаулы әдеби тілдердің бірі.
Қазақ тілінің кешегі мәйекті қалпын, терең философиялық тұжырымды екі ауыз сөзге сыйғыза білген, мірдің оғындай өткір қалпын терең меңгеру, меңгерту парыз. Әрі бұл меңгеру мен меңгерту – ғылыми бағытта парасаттылықпен дұрыс жолға қойылса орынды. Кез келген тілдің сипаты мен өзіндік тарихы бар, оларды бірінен-бірі артық не кем деуге ғылыми негіз жоқ. Мәселе сол тіл иеленетін әлеу-меттік құндылыққа, ұлттық мәдениеттің басымдылығына, мемлекет жүзеге асыратын тілдік саясатқа, ақыр аяғы отбасына келіп тіреледі. Тілдің әлеуметтік құндылығын асыру не кеміту қоғамның өз қолында.
Қазіргі таңда ана тіліміз ғылыми ойдың, ғұламалықтың тіліне айналуда. Барлық ғылым салалары бойынша терминдер жасалу үстінде. Бұл жолы ауырлау болса да, жасампаздардың жасап жатқан жақсы жолы.
Шешен сөйлей білу – қазақ халқының маңдайына жазылған бағы. Ал оның түп мақсаты – тыңдаушысын иландыру, сендіру. Шешен сөйлеу тек бай тілге ғана тән қасиет болу керек. Қазақ халқының шешендігі – тілінің байлығы. Бұл байлық бір күнде жинала салған дүние емес. Онда заманалар ізі, ғасырлар демі жатыр. Тіл мен ой тарихи тұрғыдан бірдей пайда болды дегенге құлақ қойсақ, онда қазақ тілінің терең тарихи даму жолы көз алдымызға келуі керек.
ХІХ ғасырға дейінгі қазақ даласында ағарту ісінің белгілі жүйесі болғаны туралы дерек жоқ. Әлеуметтік-экономикалық, мәдени өмірдің кейіндеп қалуы, көшпелі тұрмыс тауқыметі, оқытудың көпшілікке арналған түрінің дамуына жағдай туғыза алмады.
Қазақстанда алғашқы мектептердің ашыла бастауы орыс үкіметінің ықпалымен болғаны да жасырын емес еді. ХҮІІІ ғасырдың аяғында, яғни 1786 жылы Омбы қаласында ең алғаш рет тілмаштар даярлайтын мектеп ашылды. Бұл мектептің ашылуының өзіндік ішкі қажеттіліктері болғаны да белгілі. Мұның өзі, түптеп келгенде, сол кезеңдегі орыс үкіметінің жүргізген саяси бағыттарымен байланыстырылады. 1789 жылы дәл осындай тілмаштар мектебі Орынборда ашылады.
ХІХ ғасырдың бірінші жартысынан бастап қазақ бай-манаптарының, ауқатты адамдарының балалары Кадет корпустарына қабылдана бастайды. Ал 1867 жылы Түркістан өлкесі құрылғаннан кейін орыс үкіметі мен жергілікті өкімет орындары да ұлт мектептерінің ашылуына көңіл бөле бастайды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет