Сабақ түрі: жаңа сабақ түсіндіру



Дата29.06.2016
өлшемі18.14 Kb.
#165027
түріСабақ
Биология 7 кл. Даулетханқызы А.

Тақырыбы: Қосмекенділер класы.

Мақсаты: Қосмекенділердің өкілі кәдімгі құрбақаның мысалында осы кластың сыртқы құрылысы, қаңқасы, тыныс алуы, қоректенуі, қан айналымы, зәр шығаруы, жүйке жүйесі және сезім мүшелері, көбеюі туралы білім беру. Есте сақтау, ойлау, сөйлеу дағдыларын дамыту. Табиғаттағы маңызын түсіндіре отырып, экологиялық тәрбие беру.

Сабақ түрі: жаңа сабақ түсіндіру

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, тест шешу, интерактивті тақтамен жұмыс, мәтінмен жұмыс, электронды оқулықпен жұмыс, деңгейлік тапсырмалар орындау, баяндау, проблемалық сұрақтар шешу, өзін-өзі тексеру, өзара бағалау, биологиялық диктант, қорытындылау.

Сабақтың көрнектілігі: интерактивті тақта, электронды оқулық, мәтін, суреттер, деңгейлік тапсырмалар

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу. 2. Сабақта жоқ оқушыларды анықтау. 3.Сабақтың мақсатын айқындап, жоспармен таныстыру.

2. Жаңа сабақ түсіндіру.

А) Электронды оқулықты пайдалана отырып, мәтінді тыңдау.

Б) Төмендегі жоспар бойынша ЭО-тан мәтінді пайдалана отырып, сипаттама жазу.


  1. Бақаның сыртқы құрлысы, тіршілігі.

  2. Қаңқасы.

  3. Бұлшық еттері.

  4. Тыныс алуы.

  5. Қоректенуі.

  6. Қан айналымы.

  7. Зәр шығаруы.

  8. Жүйке жүйесі және сезім мүшелері.

  9. Табиғаттағы маңызы.

3. Бекіту.

I. Биологиялық диктант.



  1. Бақалардың дене бөлімдері. ( басы, дене, алды, арты, аяқтары)

  2. Ерекше без. ( улы)

  3. Алдыңғы аяқ бөліктері. ( сан сирақ, табан, бес сауақ )

  4. Артқы аяқ бөліктері. ( сан сирақ, табан, бес саусақ )

  5. Бақада кеуде болмағандықтан қандай сүйек болмайды (қаб)

  6. Дернәсілі қалай тыныс алады ( желбезекпен)

  7. Асты қандай бездердің сөлі қортады ( ұйқы, бауыр)

  8. Жүрегі неше бөліктен тұрады және қан айналым шеңбері нешеу? (3,2)

  9. Зәр шығару мүшесі. (бүйрек)

  10. Қандай сезім мүшесі нашар дамыған ( иіс, дәм)

II. ЭО-тағы интерактивті тапсырмаларды орындау.

III Тестік жұмыс.



  1. Көптеген қосмекенділердің аяқтары. а) 1 б) 4 в) 2

2. Омыртқа жотасында мойын омыртқасы нешеу? а) 2 б) 3 в) 1

3. Ішектің ең соңғы жуан жері қандай ат? а) клоака б) тік ішек в) тоқ ішек

4. Қарыншадан басталып, оң жақ құлақшаға құйған қан жолы қандай қанайналым шеңбері деп аталады. а) кіші б) үлкен

5. Бүйректен бөлінген несеп ағзадан қай мүше арқылы шығарылады?

А) шиек б)қуық в)клоака

6. Бас миы неше бөліктен тұрады? А)3 б)5 в)6

7. Жүйке жүйесі неше бөліктен тұрады? А)ми б) сезгіш жасуша в)жұлын

ІУ. Зертханалық жұмыс №19.



4. Қорытындылау. Оқушыларды бағалау.

5. Үйге: & 43. А,В,С –деңгелік тапсырмалар. 71-сурет салу.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет