Сабақ түрі: теориялық Сабақ мақсаты мен міндеттері Ақпарат ұғымына түсінік



Дата29.09.2023
өлшемі24.7 Kb.
#479115
түріСабақ
1-Ақпараттық ресурстар


ТЕКЕЙ БАТЫР ҚАРПЫҚҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ



Бекітемін
Колледж әдіскері
___________Жалғасова О.А.



Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 6 сәуірдегі
№ 130 бұйрығына
8-қосымша



ОҚУ САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ №__


Ақпараттық ресурстар. Желілік ақпараттық ресурстар
(сабақтың тақырыбы)
Модуль /пән атауы: КМ 11-2. Ақпаратты ресурстар және есептеу желілері
Педагог: Мүсірәлі Бекзат Бауыржанқызы дайындады
Күні:
1.Жалпы мәліметтер
Курс ІV, топ: А-20-9
Сабақ түрі: теориялық
2.Сабақ мақсаты мен міндеттері

  1. Ақпарат ұғымына түсінік

  2. Желілік ақпараттық ресурстарды түсіндіру

3.Күтілетін нәтижелер
а) Ақпарат ұғымын қалыптастыра алады
б) Ақпараттық ресурс түрлерін ажырата алады
4.Қажетті ресурстар: оқулық, презентация, интерактивті тақта
5.Сабақтың барысы
5.1.Ұйымдастырушылық кезең: 3 мин
5.2 Білім алушылармен сәлемдесу, танысу, сабаққа дайындығын тексеру.
5.3 Журналға белгі соғу.
5.4 Назарларын сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын тексеру: 30 мин
Жаңа сабақты түсіндіру: 10 мин
Ақпараттық ресурстар. Желілік ақпараттық ресурстар
Ақпарат дегеніміз - қайта өнделген мәліметтер немесе мән-мағынасы бар мәліметтер.
Ақпараттық ресурстар (Информационные ресурсы; information resources) — 1) ғылыми теорияларымен, процестер мен құбылыстарды зерттеулерімен, өнер табыстарымен, машина жобаларымен, ғимараттарымен, зауыттарымен, табиғат пен қоғам туралы мағлұматтарымен сипатталатын мемлекеттің рухани пәрмені (күш-қуаты); мекеме үшін құнды болып есептелетін және материалдық ресурс ретінде қабылданатын мәліметтер жиынтығы. Оған сыртқы жадта сақталатын негізгі және қосалқы мәліметтер жиымы мен кірістік құжаттар жатады; 2) кітапханаларда, мұрағаттарда, қорларда, мәліметтер банкілерінде және басқа да ақпараттық жүйелерде жеке құжаттар немесе олардың жиымдары түрінде шоғырланған мағлұматтар жиынтығы.
Басқару дегеніміз - ұйымның мақсатқа басқа адамдар арқылы жету үшін жүргізілетін жоспарлау, ұйымдастыру, түрлендіру және бақылау процестері. Бүгінгі таңда басқарудың тәжірибесі мен теориясының дамуына айтарлықтай үлес қосатын: басқару мектептері, процестік, жүйелік және ситуациялык деп аталатын төрт негізгі түрғыдан қарастырылады.
• Басқарудың әр түрлі мектептері бар. Олар ғылыми басқару, әкімшілік басқару мектебі, адамдық қарым-қатынас мектебі немесе мінезқұлық ғылымы, сонымен қатар баскару ғылымы немесе сандық тәсілдер мектебі.
• Басқаруды процестік тұрғыдан бір-бірімен өзара тығыз байланыстағы басқару функцияларының үзілмес сериясы ретінде қарастырады.
• Жүйелік тұрғыда басшылар ұйымды әртүрлі мақсаттарға өзгермелі сыртқы орта жағдайына орай ыңғайланған технология, тапсырмалар, құрылым, адамдар сиякты өзара байланысты элементтер ретінде қарастыру керек екендігін айқындайтын болады.
• Ситуациялық қарастыру басқарудың әртүрлі әдістерінің қолайлығы ситуациялармен анықталады. Нақты жағдайда оған сәйкес келетін әдіс өте тиімді болып табылады.
Жүйелік қарастыруға басқару ғылымының дамуындағы қазіргі кезге сай тоқталайық.
Жүйе дегеніміз - әрқайсысы бүтіндік сипаттамасына өзіндік үлесін қосатын және өзара байланысты айнымалылардан құралған кейбір тұтастық болып табылады. Егер олардың біреуі жоқ немесе дүрыс жүмыс атқармайтын болса, онда барлық жүйе дұрыс жұмыс істемейтін болады.
Барлық ұйымдар жүйе болып табылады. Жүйенің: ашық және жабық деп аталатын екі негізгі типі бар.
Жабық жүйенің белгілі бір қатаң шекаралары бар және оның қызметі сыртқы ортаға тәуелсіз.
Ашық жүйе сыртқы ортамен өзара эрекетке түсуімен сипатталатын жүйе. Мұндай жүйе өзін-өзі қамтамасыз ететін жүйеге жатпайды, ол сырттан келіп түсетін ресурстарға тәуелді,
Сонымен қатар ашық жүйенің сыртқы орта өзгерістеріне бейімделу қабілеттігі бар және оны өзінің қызметін жалғастыру үшін қолданады. Барлық ұйымдар ашық жүйе болып табылады.

Біз ресурстар түрлерінің топтамасына мәліметтер мен ақпараттарды біріктірдік, бірак ол түсініктер бірдей емес. Мәліметтер пайдаланушы үшін аз мағына беретін сандар мен фактілерден алынады. Мысалы, Ұйымның әр қызметкерінің жұмыс істеген сағаттарының саны мәлімет бола алады. Егер осы санды әр сағаттағы үлеске көбейтсе, онда жалпы табыс шығады. Ал егер жалпы табысты барлық қызметкерлерге бөлсе, онда алынған сомма фирманың төлем ведомосы бойынша жалпы қорытындыға әсер етеді. Осы қорытынды ұйым басшысы үшін акпарат болады.




6. Жаңа тақырыпты бекіту: 40 мин


Бақылау сұрақтарына жауап.
1 Ақпарат дегеніміз не?
2 Жүйе дегеніміз, түрлері?


7. Үй тапсырмасы: 2 мин
Бақылау сұрақтарына жауап
8.Сабақ/оқу қорытындысын жасау, бағалау: 5 мин
9.Әдебиеттер:
1 Техникалық реттеу туралы ҚР заңы (2004 жылдың 9 қарашасы № 603 -11 (03.07.2013 ж. өзгерістер мен толықтырулармен)



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет