Ойын атауы, мақсаты
|
Психологтың іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
«Көңілді шеңбер»
Балалардың көңіл-күйлерін көтеру.
|
Сәлеметсіңдерма балалар
Психологиялық жағдай
« Көңілді смайлктер»
Қазір мына көңіл-күйді білдіретін смайлктерге қарап өзіміздің көңіл күйімізді көрсетейікші.
|
Оқушылар амандасады.
Бір-бірінің қолдарынан ұстап дөңгеленіп тұрады.
Көңіл - күйді қандай бет әлпет мимикамен көрсетеді.
|
«Саяхаттау» туралы айту арқылы сөйлеу, ойлау,қабылдау қабілеттерін дамыту. туысқандарын татуға үйрету.
|
Балалар сендер қайда саяхаттадыңдар? Алматы қаласына саяхаттап барған оқушылар бар солайма? нелер көрдіңдер? Саяхаттаған жақсыма? Балалар бүгін біз мектеп ауласында саяхаттаймыз. Ол үшін бір-біріміздің қолымызды ұстап, мектеп ауласындағы әдемі ағаштарды, гүлдерді, бақшаларымызды тамашалаймыз. ( оқушылармен мектеп ауласына саяхаттау арқылы сұрақтар қою, мектеп ауласының әдемілігі туралы айту) .
|
Мектеп ауласына саяхаттау арқылы сұрақтарға жауап беріп отыру
|
. «Көңілді ойындар»
|
Балалар қазір көңілді ойындар ойнаймыз. Ол үшін екі топқа бөлініп жарысамыз. Мектеп ауласын кім өте жақсы біледі? Гүлдер қайда өседі? Жарайсыңдар! Гүлзарымызды қай топ бірінші болып айналып келеді екен? Ендеше гүлзарымызды қоршап тұрамыз. Екі топтан бір оқушыдан шығып гүлзарды айналып жүгіріп келіп,өз орнына тұрады кім бірінші тұрса сол топқа бір ұпай беріледі. Ойынымыз осылай жалғасады
|
|
Релаксация
Оқушылардың демалуына жағдай туғызу.
Кері байланыс
|
Балалар сендер шаршадыңдарма? Ендеше барлығымыз аспанға қарап,аяғымызды созып, ыңғайланып орындықтарда отырамыз.Түнде біз ұйықтаймыз. Қанекей түн болды барлығымыз көзімізді жұмып ұйықтаймыз. Сөйлеуге болмайды. (1мин демалу сәті)
Таң атты. Балалар көзімізді ашамыз. Орнымыздан тұрамыз, керілеміз. Сендерге бүгінгі т саяхатымыз ұнадыма? Қайда бардық? Нелерді көрдік? Бүгінгі саяхатымыз осымен аяқталды. Алдағы уақыттарда сендер қалаларға саяхаттауларың мүмкін.
Жарайсыңдар!
|
Көздерін жұмып жатады.
Көздерін ашады. Орындарынан тұрып керіледі, қолдарын жоғары төмен қозғалтады.
|