Сабақ түрі: тренинг сабақ Сынып: 2 «А» Сабаққа қатысқан оқушылар



бет8/19
Дата04.10.2023
өлшемі2.16 Mb.
#479847
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19
2а коррекциялық ойындар

Күні: .11.2015ж
Тақырыбы: «Сиқырлы кілем»
Мақсаты: Түсті шамдары бар кілемшеге отырғызу арқылы балалардың қиялын дамыту. ойындар ойнату арқылы қабылдау,ойлау, есте сақтау қабілеттерін түзете дамыту.
Көрнекіліктер: сенсорлық бөлме жабдықтары
Сабақ түрі: психологиялық тренинг сабақ
Сынып: 2 «А»
Сабаққа қатысқан оқушылар:
_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Ойын атауы, мақсаты

Психологтың іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

«Көңілді шеңбер»


Балалардың көңіл-күйлерін көтеру.

Сәлеметсіздерме балалар!
Менің қолымда әдемі балапан бар. Бір –бірімізге балапанды беру арқылы тілектер айтамыз.
Арай саған ашық аспан тілеймін.
Жарайсыңдар!

Оқушылар амандасады.
Бір-бірінің қолдарынан ұстап дөңгеленіп тұрады.

Бір-біріне тілектер айтады.



«Cәлем» есту қабілетін, көру арқылы қабылдау қабілетін дамыту.

Сәләматпа қолым
Сәлем ,сәлем
Сәламатпа қолым
Үлкен сәлем
Алақай,алақай!
Қайда болдың балақай?
Сәламатпа аяқ
Сәлем сәлем
Сәламатпа аяқ
Үлкен сәлем
Қайда болдың балақай?

«Амандасу» әнін бірге орындайды.



«Сиқырлы кілем» қиялын дамыту.

Балалар біз қазір сиқырлы кілемге отырып жұлдыздарға саяхатқа барамыз.
(кілем шамдарын қосу, түсті шамдарды қосып қою)
Балалар бұл сиқырлы кілемнің ерекшелігі қараңдаршы кілемшеміз түр-түсті шамдармен жарқырып тұр. Балалар түн болғанда аспанға қарасақ нелер көреміз?
Жұлдыздарды көреміз?
Жұлдыздар қандай?
Ендеше сиқырлы кілеммен аспанға ұшайық. (бөлме шамын сөндіріп, түсті шамдар қосу)
Балалар қараңдаршы түн болды, бірақ жұлдыздарымыз жарқырып жанып тұр. Түр-түсті солайма? Түстерін атайық.
(балаларды айнаға қаратып,түсті шамды денесіне тигизіп, жұлдыздар арасында жүргендей сезіндіру.)
Балалар күн шығып келе жатыр қанекей жерге түсейік.



Балалар кілем үстіне жайғасып отырады.

Балалар тамсанады.


Балалар ұшып жүргендей қимыл -қозғалыс жасайды.

Балалар кезекпен айнаға қарап жұлдыздар арасында жүргендей сезінеді.



«Түсті гүлдер»
Түстерді тануды, қабылдауды дамыту

Балалар қараңдаршы мына гүлдерге қандай түсті гүлдер? Кезекпен мен атаған түсті гүлдерді ұстауға тырысайық.



Балалар жылдам жанып айналып тұрған түсті гүлдерді ұстайды.

Релаксация
Оқушылардың демалуына жағдай туғызу.
Кері байланыс

Балалар сендер шаршадыңдарма? Ендеше барлығымыз аспанға қарап,аяғымызды созып, алып, ыңғайланып жатайықшы. Түнде біз ұйықтаймыз. Қанекей түн болды барлығымыз көзімізді жұмып ұйықтаймыз. Көз алдымызға жұлдыздар арасындағы саяхатымызды елестетеміз. Сөйлеуге болмайды. (1мин демалу сәті)
Таң атты. Балалар ұйқысынан ояна бастады. Орнымыздан тұрамыз, керілеміз. Сендерге бүгінгі ойынымыз ұнадыма?
Жарайсыңдар!

Көздерін жұмып жатады.
Көздерін ашады. Орындарынан тұрып керіледі, қолдарын жоғары төмен қозғалтады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет