«Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі» МЕББМ
БЕКІТЕМІН
Директордың ҒӘЖЖ орынбасары
__________ А.М.Дюсенгалиева
____ ___________ 20 ж.
Оқу сабағының жоспары
Гюйгенс принципі. Жарықтың шағылу заңы
(сабақтың тақырыбы)
Модуль /пән атауы Физика
Педагог Тайгаренова Н.С. дайындады
20_ жылғы "___" ____________
1. Жалпы мәліметтер
Курс, топ __________________
Сабақтың түрі зертханалық-практикалық сабақ
Сабақтың типі жаңа сабақ
2. Мақсаты, міндеттері
Гюйгенс принципінің көмегімен жарықтың шағылу заңын түсіндіру.
3. Күтілетін нәтижелер
жарықтың шағылу заңын Гюйгенс принципі арқылы түсіндіреді;
Гюйгенс принципін тұжырымдайды;
жарықтың шағылу заңына күнделікті өмірден мысал келтіріп, түсіндіреді.
4. Қажетті ресурстар
1. ДК экраны
2. 11-сынып оқулығы.
3. Жұмыс дәптерлері
5. Сабақтың барысы
Ұйымдастыру
Топпен амандасу. Топ оқушыларын түгендеу, назарларын сабаққа аудару: Жағымды психологиялық ахуал тудыру «Жағымды тілектер алқасы» (тренинг)
Топқа бөлу. «Мозайка» әдісі бойынша білімгерлер алдарына берілген сурет бөліктерін жинау арқылы өз топтарын тауып, сол сурет бойынша топтасады.
Үй тапсырмасын сұрау:
Белсенді оқыту: «Ойды жинақтау» Мұғалім жаңа сабақты ашу мақсатында оқушыларға сұрақтар қою:
1. Геометриялық оптика нені зерттейді?
2. Жарық сәулесі дегеніміз не?
3. Жарықтың түзу сызықты таралу заңы қалай тұжырымдалады?
4. Жарықтың тәуелсіз таралу заңы қалай тұжырымдалады?
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Жарықтың шағылу заңы корпускулалық және толқындық теория тұрғысынан
Механикалық толқындар үшін Гюйгенс принципінің нақты тұжырымы бар:ортаның тербеліс келіп жететін бөлшектері өз кезегінде , тербеліп ортаның өзара ықпалдасатын көршілес бөлшектерін қозғалысқа келтіреді.
Егер жарық сәулелері И.Ньютон тұжырымда ғандай бөлшектерден тұратын болса, онда олар гео метриялық оптикада қарастырылғандай, шағылу заңдарына сәйкес беттен серпімді шарлар сияқты (149сурет) шағылады деп болжауға болады. Х.Гюйгенс принципіне негізделген толқындық теория да осындай қорытындыға әкеледі: ортаның ауытқу жеткен кез келген нүктесі екінші ретті толқындардың көзі болып табылады.Екінші ретті толқындардың орағытып өтетін шептері қорытқы толқынның шебі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |