Өзін-өзі тану пәнінің жоспары
Мектеп: «А.Байтұрсынов атындағы ЖББМ
Мерзімі: 27.01.2022
Сабақ№20
Сабақтың тақырыбы: Менің сыныптасым
Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: кешірімшіл болу, адамдарға риясыз қызмет ету, жанашырлық. Мұғалімі: Сатылганова А.Д.. Сыныбы: 8А,8Б
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға «Менің сыныптасым» - туралы түсініктерді сүйіспеншілік құндылығы арқылы ұғындыру
Міндеттері:
Білімділік: оқушыларға кешірімшіл болу туралы түсініктерді кеңейту;
Дамытушылық: оқушылардың бойында жанашырлық қасиеттерін дамыту;
Тәрбиелік: оқушыларды адамдарға риясыз қызмет етуге тәрбиелеу.
|
Ресурстар
Оқулық, бейнефильм, дәптер т.б.
|
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Тыныштық сәті: (Баяу музыка)
Жағымды күйге бөлену. Ойша орманға саяхат.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
«Менің сыныбым, менің мақтанышым» тақырыбына жазып келген эсселерін оқиды.
Жұбаныш Рәзиямен арада болған жағдайдан қандай сабақ алды деп ойлайсыңдар?
Адамның өзгелерді сыйлауының мәні неде?
Сыныптағы ұлдар мен қыздардың арасындағы сыйластық қандай қасиеттерді арттырады?
Бірлігі жарасқан сыныпты қандай мінездемелермен сипаттар едіңдер?
Өздерің сыныпта қаншалықты сыйласып жүрсіңдер?
Сыныбыңның қандай қасиеттері басым деп ойлайсың? Неге?
Жағымсыз қасиеттері болса өзгерткің келеме? Қалай өзгертер едің?
|
Музыка қойылады
Тыныштық сәті (топқа бөліну)
|
3.Дәйексөз
«Дос жылатып айтады,
Дұшпан күлдіріп айтады». Халық мақалы
Дос жылатып айтады дегенді қалай түсінесің?
Нағыз дос деп қандай адамды айтамыз?
Дұшпан неліктен күлдіріп айтады?
Дәйексөзден қандай ой түййдіңдер?
|
Дәйексөзді талқылау.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |