Өлкенің гүл жайнаған балғындары



Дата05.06.2022
өлшемі12.46 Kb.
#458979
Балаларды қорғау күніне арналған музыкалық іс-шара. Өлкенің гүл жайнаған балғындары


1.Балаларды қорғау күніне арналған музыкалық іс-шара.
"Өлкенің гүл жайнаған балғындары"
-Мақсаты:Балалардың жеке қасиеттерін дамыту, тақпақ, өлең, әндерді нақышына келтіре үйрету. Бір-бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай ұстауға жетелеу.
Жүргізуші:Армысыңдар балалар, бармысыңдар.
Жазда келді, жайнаған гүлді шыңдар.
Алдыменен алайық амандасып,
Армысыңдар бәріңде, армысыңдар.
1-Маусым 1950 жылдан бастап Халықаралық балаларды қорғау күні болып келеді. Бүгін біз осы мерекені атап өтпекшіміз.
Осы мерекені шарамызды бастамас бұрын балаларға деген жылы лебізін білдіру үшін сөз кезегін балабақшамыздың директоры Н.Сатыбалдыеваға береміз.
-Әнге кезек.
-Сайқымазақтар кіріп келеді.
-Сәлеметсіздерме балалар, біз бүгін сіздердің мерекелеріңізге құр қол келген жоқпыз.Сендермен би билейміз, ойындар ойнаймыз. Балалар сендер бізбен би билеуге дайынсыңдарма? Олай болса биге дайындалыңдар.
Жүргізуші енді кезекті балаларымыздың тақпақтарына береміз.
1.Рабия:Біз бақыттымыз баламыз
Ақылдымыз данамыз
Ертеңгі күн еліміздің
Батырлары боламыз.
2.Салауат:Первый день июнья-это,
Наступила снова лето.
Пусть от края и до края,
Расцветет земля родная.
3.Райымбек:Басты қоссақ бәріміз,
Біздер елдің сәніміз.
Шаттық, Бақыт, Қуаныш,
Елімізге сыйлаймыз.
1.Назым:Алақай-ау,алақай
Той тойлаймыз балақай
Қызарғанша алақан
Қол соғайық балақан
2.Нұртас:Гүлмен келсін келер күн
Бала бағы бар елдің
Балалардың күлкісі
Көркі, Сәні әлемнің.
3.Ж.Айару:Бізбен бірге бар әлем
Қуанады балаша
Қуанышқа бөленген
Өмір қандай тамаша.
1.Амира:Балалардың бақшасында бүгін той.
Балаларды қорғау күні біліп қой.
2. Исатай:Тақпақ айтып кезектесіп бір-бірлеп,
Кел қосылып ән шырқайық би-билеп.
3.Аяулым:Тілін алып тәрбиеші тәтелер,
Гүл жинайық елімізде мәпелер.
Ендігі кезек"Сайқымазақтардың алып келген ойындарына"беріледі.
1."Кім жылдам?"
2."Жыланша ирелеңдеу"
Жүргізуші:Сайқымазақтар сендерге көп рахмет. Сендер балаларымыздың көңілдерін көтердіңдер. Ендеше балалардың "Әрқашан күн сөнбесін"әнін бірге орындаңдар.
Балалардың асфальтқа сурет салуына кезек беріледі (жетекшілердің көмегімен).Ендігі кезек балалар сайқымазақтармен "Флешмоб"билейді.Ал осы көңілді бимен "Өлкенің гүл жайнаған балғындары" атты мерекелік іс-шарамыз аяқталды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет