СабақҚа арналған әдістемелік өҢдеу қҰрылымы



бет1/2
Дата12.07.2016
өлшемі410.98 Kb.
#192904
түріСабақ
  1   2


Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы


Морфологиялық пәндер кафедрасы

Тәжірибелік САБАҚҚА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ ҚҰРЫЛЫМЫ

Пән, пән коды Гистология Gis 1205


Мамандық: 5В110400 - «Медициналық-профилактикалық іс»
Оқу сағатының көлемі (кредиттің*) 45/1
Курсы және оқу семестрі І / І

Кафедра мәжілісінде талқыланды


Кафедра меңгерушісі, проф.__________ Сисабеков К.Е.
Хаттама № _______ «______» __________

Сабақ №1

1.Тақырыбы: Жасуша - тіннің негізгі құрылымдық қызметтік бірлігі Жасуша қабығы. Жасушааралық байланыстар.

2. Мақсаты:

  • Жасушалық және жасушалық емес құрылымдарды анықтау.

  • Тинкториальді, микро- және ультрастурктуралық ерекшелері негізінде жасушалардың ядро, цитоплазма, цитолеммаларын ажырату.

  • Жасушалардың бос және байланған беттеріндегі құрылымдарды ажырата білу: микросорғыштар, кірпікшелер, жасушааралық байланыстар.


3. Оқыту мақсаты:

Клетка және оның туындылары тірі организмеің негізін құрайды, оның тіршілігін қамтамасыз етеді. Ішкі және сыртқы факторлар (гормондар, дәрілік заттар және т.б.) клетканың құрылысында және функциясында морфофункциональды өзгерістер туғызады, соңынан органдар мен тіндерде де функциональді өзгерістер туады. Тірі (биопсия) және мәйіттен алынған (аутопсия) клетканы микроскоптық зерттеу арқылы дәрігер дұрыс диагноз қоя алады.


4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1 Плазмолемманың құрылымдық ерекшеліктерін дәптерге жазыңдар



Плазмолемма қабаты

Химиялық заттар






2 Жасушаның қоршаған ортамен алмасу әдістерін ойланып, жазыңдар



Жасушаға заттардың кіру әдістері

Жасушадан заттардың шығу әдістері






3. Плазмолемманың негізгі қызметтерін атаңыздар

4 Жасушасыз құрылымдардың түрлерін атаңдар
5. Білім берудің және оқытудың әдістері: пікірталасу
6. әдебиет


  1. Гистология: Оқу құралы төрт бөлімді / Ж.О.Аяпова. Алматы; «Кітап» баспасы.- 2005.

  2. Гистология, цитология және эмбриология атласы медицина жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. /Р.Б.Абильдинов, Ж.О.Аяпова, Р.Н. Юй.-Алматы: «Эффект» баспасы, 2006.

  3. Гистология, цитология және эмбриология атласы: медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы. /П.Қазымбет, М.Рысұлы, Ж.Б. Ахметов.-Астана, 2005.

  4. Гистология: Оқу құралы. Ажаев С.А. Төрт бөлімді. Кентау: Еркін и К-ХХІ, 2004.


7. Бақылау

Сұрақтар

1 «Жасуша» деген не?

2 Жануар организмі қандай тіндерден тұрады?

3 Негізгі және қышқыл бояулармен (ядро және цитоплазма) жасушаның қайдай компоненттері боялады?

4 Жасушаның қызметіне байланысты жасушаның қайдай пішіндері мен ядроларын білесіңдер?

5 Жасушалық мембрана деген не?

6 Плазмолемманың құрылысы қандай?

7 Қандай құрылымдар (плазмолемма туындылары) жасушаның бос кеңістігінде орналаса алады және жасушаның қандай қызметімен байланысты?

8 Жасушааралық байланыстың түрлерін атаңыз?

9 Жасушаға сұйық және қатты заттар қандай жолдармен енеді?

10 Организм тіндерінде қандай жасушааралық құрылымдар кездеседі?

11 Симпласт деген не? Симпласттар қарапайым жасушалардан несімен ерекшеленеді?


Тесттер

1. Цитологияға кірмейтін ілім:

  1. ұрық туралы

  2. жасуша құрылысы

  3. жасуша даму туралы

  4. жасушалардың өмір сүру әрекеттері

  5. жасушалардың жіктелуі

2. Плазмолемма құрылысына … кірмейді.

  1. нуклеопротеидтер

  2. фосфолипидтер

  3. сфингомиелиндер

  4. холестерин

  5. көміртегі

3. Жасушаның трофикалық қосындыларына … жатады.

  1. гликоген

  2. билирубин

  3. меланин

  4. липофусцин

  5. секретті ақуызды түйіршіктер

4. ДНК – ның екі еселенуі … кезеңінде өтеді.

  1. S

  2. G1

  3. Go

  4. G2

  5. митоз

5. Лизосомалық ферменттердің синтезделуін … атқарады.

  1. түйіршікті эндоплазмалық тор

  2. Гольджи кешені

  3. тегіс эндоплазмалық тор

  4. митохондрия

  5. еркін рибосомалар

6. Мембранасыз органеллаларға … жатады.

  1. микрофиламенттер

  2. плазмолемма

  3. митохондрия

  4. лизосомалар

  5. түйіршікті эндоплазмалық тор


Есептер

1. Электронды микроскоппен қарағанда шет жағында 9 жұп және ортасында екі жұп микротүтікшелері бар жасушаның бөлігі көрінеді. Бұл құрылым қалай аталады және қандай қызмет атқарады?

2. Электронды микроскоппен қарағанда жасуша плазмолеммасының көптеген ұсақ бүрлері және ашық түсті көпіршіктер көрінеді. Бұл бақылаулар қандай үрдісті көрсетеді?

3. Жара жазыла бастаған кезде жасушалармен, содан соң талшықтармен толығады. Қандай жолдармен жасушалар және талшықтардың саны көбейеді?


2 сабақ.

1.Тақырыбы: Жасуша және жасуша құрылымдарының репродукциясы. Митотикалық цикл. Митоздың фазалары. Жасушаның тіршілік циклы. Эндорепродукция. Көбею, оның және биологиялық рөлі.

2. Мақсаты:

  • Митоздың негізгі фазаларын анықтау: профаза, метафаза, анафаза, телофаза.


3. Оқыту мақсаты: Жасуша және оның туындылары тірі организмнің негізін құрайды, оның тіршілігін қамтамасыз етеді. Ішкі және сыртқы факторлар (гормондар, дәрілік заттар және т.б.) жасушаның құрылысында және функциясында морфофункциональды өзгерістер туғызады, соңынан органдар мен тіндерде де функциональді өзгерістер туады. Тірі (биопсия) және мәйіттен алынған (аутопсия) жасушаны микроскоптық зерттеу арқылы дәрігер дұрыс диагноз қоя алады.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1 Митоз, оның фазалары



2 Митоздың биологиялық маңызы
5. Білім берудің және оқытудың әдістері: презентация

6. Әдебиет

  1. Гистология: Оқу құралы төрт бөлімді / Ж.О.Аяпова. Алматы; «Кітап» баспасы.- 2005.

  2. Гистология, цитология және эмбриология атласы медицина жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. /Р.Б.Абильдинов, Ж.О.Аяпова, Р.Н. Юй.-Алматы: «Эффект» баспасы, 2006.

  3. Гистология, цитология және эмбриология атласы: медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы. /П.Қазымбет, М.Рысұлы, Ж.Б. Ахметов.-Астана, 2005.

  4. Гистология: Оқу құралы. Ажаев С.А. Төрт бөлімді. Кентау: Еркін и К-ХХІ, 2004.


7. Бақылау

Сұрақтар

  1. Профаза уақытында не болады?

  2. Метафаза уақытында не болады?

  3. Анафаза уақытында не болады?

  4. Телофаза уақытында не болады?

  5. Митоз кезінде органеллалар қандай күйде болады?

  6. Митоз кезінде ядрошықта қандай әдістер болады?


Тесттер

1. Цитокинез … өтеді.

  1. телофазада

  2. профазада

  3. метафазада

  4. анафазада

  5. интерфазада

2. Кірпікшелердің базальді денесі … тұрады.

  1. микротүтікшелерден

  2. тонофибрилдерден

  3. актин филаменттерінен

  4. миозин филаменттерінен

  5. аксонемадан

3. Ядрошықтың құрамына ... кірмейді.

  1. гетерохроматин

  2. РНК

  3. рибосоманың суббірліктері

  4. ДНК

  5. нуклеопротеидтер

4. Пиноцитоз дегеніміз …

  1. микромолекулалар мен судың жасушаға өтуі.

  2. Na+ және К+ иондарының жасушаға өтуі.

  3. макромолекуллар мен бактериялардың жасушаға өтуі.

  4. метаболиттердің жасушадан шығарылуы.

  5. Na+ және К+ иондарының жасушадан шығарылуы.

5. Актин филаменттері ... құрамына кіреді.

  1. микрофиламенттердің

  2. центриольдердің

  3. ұршықты бөліну жіпшелерінің

  4. микротүтікшелердің

  5. кірпікшелердің

6. Са2+ иондары … жиналады.

  1. тегіс эндоплазмалық торда

  2. митохондрияларда

  3. Гольджи кешенінде

  4. түйіршікті эндоплазмалық торда

  5. жиекті көпіршіктерде


Есептер

  1. Тәжірибеде жасанды жолмен жасушаны екіге бөлген: ядролы және ядросыз бөлікке. Бұл бөліктердің өмір сүру қабілетілігі қалай?

  2. Жасушада екі жас жұлдызды фигура көрінеді. Бұл митоздың қай фазасы?

  3. Адамның соматикалық жасушасының митоз жолымен бөліну кезінде екі жасуша түзіледі. Олардың әрқайсысында қанша хромосома бар?

  4. Жасуша митоз жағдайында. Осы кезеңде ақуыз синтезі өтеді ме?

  5. Пиронин бояуымен өңдегенде жасуша цитоплазмасы мен ядрошық қызыл түске боялған. Бұл неге байланысты?

3 сабақ.



1. Тақырыбы: Қан және лимфа. Қан және лимфаның құрамы, олардың негізгі қызметтері.

2. Мақсаты:

1. Қанның тін ретінде морфофункциональдік сипаттамасын беру.

2.Гистопрепаратта эритроциттерді, нейтрофилдерді, эозинофилдерді, базофилді гранулоциттерді, лимфоциттерді және моноциттерді ажырата білу.

3. Гистопрепаратта лейкоциттердің пайыздық ара қатынасын санай білу.


3. Оқыту мақсаты:

Қан жүйесінде барлық элементтер дамуы мен қызметтеріне қарай бір-бірімен байланысқан және нейрогуморалдық реттеуге бағынады. Қанның барлық жасушалары жалпы полипотентті бағаналы жасушадан дамиды және түрлі жасушаларға дифференциялануы микроорта мен гемопоэтин әсерлеріне байланысты


4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Ішкі ортаның тіндік гистогенезі және морфофункционалды ерекшеліктері.

2. Қанның тіндік сипаттамасы.

3. Қанның пішіндік элементтерінің қызметтері мен морфологиясы.



4. Лимфалардың құрамы.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері: презентация

6. Әдебиет

  1. Гистология: Оқу құралы төрт бөлімді / Ж.О.Аяпова. Алматы; «Кітап» баспасы.- 2005.

  2. Гистология, цитология және эмбриология атласы медицина жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. /Р.Б.Абильдинов, Ж.О.Аяпова, Р.Н. Юй.-Алматы: «Эффект» баспасы, 2006.

  3. Гистология, цитология және эмбриология атласы: медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы. /П.Қазымбет, М.Рысұлы, Ж.Б. Ахметов.-Астана, 2005.

  4. Гистология: Оқу құралы. Ажаев С.А. Төрт бөлімді. Кентау: Еркін и К-ХХІ, 2004.


7. Бақылау

Сұрақтар

  1. Гемограмма дегеніміз не, қалыпты жағдайда адамдарда қандай болады.

  2. Қалыпты жағдайдағы адамның лейкоциттарлы формуласы деген не?

  3. Гранулоциттердің морфологиялық және химиялық сипаттамасы және олардың қызметтік маңызы қандай?

  4. Агронулоцит дегеніміз не, олардың морфологиялық және қызметтік маңызы қандай?

  5. Эритроциттер мен қан пластикаларының (тромбоциттердің) морфологиялық және химиялық сипаттамасы.


Тесттер

1. Базофилдің негізгі қызметі:

  1. гистамин және гепарин шығару.

  2. антидене шығару.

  3. гистаминді ыдырату.

  4. коллаген бөлу.

  5. микробтарды фагоцитоздау.

2. Нейтрофилдің негізгі қызметі:

  1. фагоцитоз.

  2. коллаген синтездеу.

  3. антидене шығару.

  4. оттегіні тасымалдау.

  5. гистаминді синтездеу.

3. 1 литр қанда тромбоцит құрамы … болады.

  1. 180 - 320 X 109

  2. 150 - 320 X 109

  3. 180 - 300 X 109

  4. 150 - 300 X 109

  5. 190 - 320 X 109

4. Эритроциттің қалыпты өлшемі … мкм болады.

  1. 4 - 6

  2. 6 - 9

  3. 5 - 10

  4. 10 -12

  5. 4- 12

5. Ересек адамдағы гемоглобиннің негізгі түрі … болады.

  1. Нb А

  2. Нb Ғ

  3. Hb S

  4. Нb М

  5. Hb G

6. Әйелдердің 1 литр қанында эритроцит саны … болады.

  1. 3,9 - 4,7 X 1012

  2. 3,9 - 5,0 X 1012

  3. 4,0 - 4,7 X 1012

  4. 4,0 - 5,0 X 1012

  5. 3,9 - 5,1 X 1012

7. 1 литр қанда лейкоцит саны … болады.

  1. 4,0 - 9,0 х 109

  2. 2,0 - 15,0 х 109

  3. 2,0 - 9,0 х 109

  4. 4,0 - 15,0 х 109

  5. 1,0 - 17,2 х 109

8. Қандағы ретикулоциттердің мөлшері … болады.

  1. 2-10%

  2. 1-15%

  3. 0-10%

  4. 2-15%

  5. 3-15%

9. Эритроциттің қалыпты пішіндерінің көбі … болып келеді

  1. дискоциттер

  2. планоциттер

  3. стоматоциттер

  4. эхиноциттер

  5. сфероциттер

10. Лейкоцитоз дегеніміз қандағы лейкоциттердің ...

  1. көбеюі

  2. азаюы

  3. көпмөлшерде бұзылуы

  4. қарым-қатынастың өзгеруі

  5. толық жетілмеген пішіндердің пайда болуы


Есептер

  1. Үлкен көрсеткіште қан жағындысының микросуреті берілген. Эритроциттер мен лейкоциттер бар қандай клеткаларда гранулоциттерге жатқызасыңдар, базофилдер, лимфоциттер, нейтрофилдер, моноциттер, эозинофилдер.

  2. Препаратта 2 лейкоцит көрінеді. Біреуінде ядросы 2 сегменттен тұрады, ал екіншісінде 5 сегментті. Қай клетка эозинофилге жатады. Қандай қосымша тұжырымдар керек.

  3. Лаборант барлық лейкоциттердің 1% құрайтын танылмаған лейкоцит бар деп хабар береді. Бұл клетканы анықтау үшін қандай қосымша тұжырымдар керек.

  4. Лейкоцитарлы формулада моноциттің мөлшері қандай: 1%, 6%, 8%, 3%, 6,7 м, 200-400 мың?

  5. Қан пластинкасының құрылымы қайсысы: 1. Мегакариоцит фрагменті. 2. Жоғарғы мамандалған ядросыз клетка. 3. Сопақша ядросы мен жұқа цитоплазмасы бар клетка. 4. Цитоплазмасы оксифилді 2 сегментті клетка.

4 сабақ



1. Тақырыбы: Қаңқа тіндері.

2. Мақсаты:

  • Пластинкалы сүйек тінін ірі талшықты тіннен айырмашылығын және оның гистофункциональды ерекшеліктері.

  • Сүйек тінінің гистогенезінің негізгі этаптары және регенерациясының сипаттамасы.

3. Оқыту мақсаты:

Қаңқа тіндері көптеген органдардың, тіндердің құрамына кіреді. Қаңқа тіндерінің әр түрінің морфофункциональді ерекшеліктерін білу келешек дәрігердің организмнің әртүрлі органдарының тіршілігін дұрыс түсіну үшін қажет.


4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Морфофункционалды сипаттамасы, жіктелуі.

2. Сүйек тінінің жасушалық элементтері.

3. Сүйек тінінің жасуша аралық заты, оның физикалық, химиялық құрылысы мен құрамы.

4. Іріталшықты және пластинкалы сүйек тіні.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері: кіші топтар

6. Әдебиет


    1. Гистология: Оқу құралы төрт бөлімді / Ж.О.Аяпова. Алматы; «Кітап» баспасы.- 2005.

    2. Гистология, цитология және эмбриология атласы медицина жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. /Р.Б.Абильдинов, Ж.О.Аяпова, Р.Н. Юй.-Алматы: «Эффект» баспасы, 2006.

    3. Гистология, цитология және эмбриология атласы: медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы. /П.Қазымбет, М.Рысұлы, Ж.Б. Ахметов.-Астана, 2005.

    4. Гистология: Оқу құралы. Ажаев С.А. Төрт бөлімді. Кентау: Еркін и К-ХХІ, 2004.


7. Бақылау

Сұрақтар

  1. Жұқа талшықты сүйек тінінің - құрылымдық функционалды бірілігі деген не?

  2. Түтікшелі сүйектің тығыз затының құрылымдық функционалды бірлігі деген не?

  3. Сүйек тінінің қандай жасушалары оның түзілу мен бұзылуына қатысады?


Тесттер

1 Моноцит сүйек тініне енген соң ... айналады.

  1. остеокластқа

  2. остеоцитке

  3. остеобластқа

  4. хондрокластқа

  5. ретикулоцитке

2 Ересектердегі ірі талшықты сүйек тіні ... орналасады.

  1. ми сауытының бітіскен тігісінде

  2. түтікті сүйек эпифизінде

  3. түтікті сүйек диафизінде

  4. түтікті сүйек метафизінде

  5. жалпақ сүйектерде

3 Ұзын сүйектің ұзарып өсуі ... есебінен жүреді.

  1. эпифизарлық табақшалар

  2. эндост

  3. периост

  4. өсуші остеондар

  5. буын шеміршегі

4 Сүйек затынан кальцидің шайылуын ... күшейтеді.

  1. паратиреоидтық гормон

  2. кальцитонин

  3. D3 витамин

  4. эстроген

  5. соматотроптық гормон


Есептер

  1. Сүйек тінінің екі препараты берілген. Біреуінде-қабатталған сүйек табақшалары көрінеді, екіншісінде сүйек табақшалары болмайды. Сүйектің қай түріне жатады және қайда орналасады?

  2. Электронды микросуретте цитоплазмасында жақсы жетілген түйіршікті эндоплазматикалық торы бар сүйек тінінің жасушасы берілген. Бұл ультрақұрылым жасушаның қай қызметімен байланысты және жасуша қалай аталады?

  3. Электронды микросуретте сүйек тінінің жасушасы берілген. Бұл жасуша цитоплазмасында көп мөлшерде лизосома бар. Бұл құрылым жасушаның қандай қызметімен байланысты? Бұл қандай жасуша?


Тапсырмалар

1. Сүйек тінінің әртүрлі жасушааралық затының құрылымдық ерекшеліктерін кестеге толтырыңдар.



Тіндер

Сүйек пластинкалары

Ретсіз орналасқан талшықтар

Пластинкалы







Ретикулофиброзды






2. Сүйек тінінің жасушаларының даму тегін, қызметін, құрылымдық ұйымдасуын кестеге жазыңдар.



Жасушалар

Органеллалардың сипаты

Қызметі

Даму көзі

Остеоцит










Остеобласт










Остеокласт










5 сабақ



1. Тақырыбы: Нерв тіні - І.

2. Мақсаты:

  • Нейроциттердің және глиоциттердің түрлерін ажырату.

  • Нерв жасушалары және олардың өсінділерінің ерекшеліктерін микроскопиялық және ультрамикроскопиялық деңгейде түсіндіру.

  • Нейроциттердің функционалдық белсенділігінің деңгейін анықтауда олардың құрылымдық қасиеттерін қолдау.


3. Оқыту мақсаты:

Нерв тіні – тітіркенуді қабылдаушы, қозушы және нерв импультарының өткізуші жүйке жүйесінің негізгі құрылымдық және функционалдық элементі болып табылады. Нерв ұлпасының гистофизиологиясын білу, жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметін түсіну үшін керек.


4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Нейроциттердің құрылысын атаңдар.

  2. Нейроциттердің қызметтік және морфологиялық жіктелуі

  3. Нейроциттердің жасушалық циклдың ерекшеліктері.


5. Білім берудің және оқытудың әдістері: кіші топтар

6. Әдебиет

  1. Гистология: Оқу құралы төрт бөлімді / Ж.О.Аяпова. Алматы; «Кітап» баспасы.- 2005.

  2. Гистология, цитология және эмбриология атласы медицина жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. /Р.Б.Абильдинов, Ж.О.Аяпова, Р.Н. Юй.-Алматы: «Эффект» баспасы, 2006.

  3. Гистология, цитология және эмбриология атласы: медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы. /П.Қазымбет, М.Рысұлы, Ж.Б. Ахметов.-Астана, 2005.

  4. Гистология: Оқу құралы. Ажаев С.А. Төрт бөлімді. Кентау: Еркін и К-ХХІ, 2004.


7. Бақылау

Сұрақтар

1. Нерв жасушасының аксоны мен дендриті бір-бірінен қандай морфология-лық және қызметтік белгілерімен ерекшеленеді?



  1. Нерв жасушалары қалай жіктеледі?

  2. Нерв жасушаларының денесінде, нейритінде, дендритінде қандай арнайы органеллалар орналасады?


Тесттер

1 Қаңқалық бұлшық еттерде нерв – бұлшық еттік импульстарды өткізуде медиатор ... қатысады.

  1. ацетилхолин

  2. дофамин

  3. серотонин

  4. гистамин

  5. норадреналин

2 Жалғануниполярлық нейрон ... нейроциттің біртүрі болып табылады.

  1. биполярлық

  2. аполярлық

  3. униполярлық

  4. мультиполярлық

  5. нейробластық

3 Нейроциттегі хроматофилді Ниссль заты ... болып табылады.

  1. түйіршікті эндоплазмалық тор

  2. тегіс эндоплазмалық тор

  3. Гольджи кешені

  4. жасуша орталығы

  5. мембраналық көпіршіктердің шоғыры

4 Нерв тіні ... дамиды.

  1. эктодермадан

  2. мезодермадан

  3. мезенхимадан

  4. спланхнотомнан

  5. энтодермадан

5 Гематонейрондық тосқауыл құрамына ... кірмейді.

  1. нейрон өсінділері

  2. глиоцит өсінділері

  3. нейрон мен гемокапилляр қабырғасы арасындағы жанасу

  4. гемокапилляр эндотелиоциттері

  5. гемокапиллярдың базалды мембранасы


Есептер

    1. Суретте 1 өсіндісі бар нерв жасушасы көрінеді. Бірақ тақырыпта бұл нерв жасушасының дендритті шетке, ал аксоны орталыққа барады деген. Тақырып осы суретке сәйкес келе ме?

    2. Оқулықта 3 нейроцит берілген мультиполярлы, биполярлы, псевдоуниполярлы. Бұл жасушалардың әрқайсысында қанша аксоннан болады?

    3. Кестеде 1 өсіндісі жұлынға, ал дендрит деп аталатын өсіндісі бұлшықет талшығына баратын нейроцит берілген. Бұл нейроциттің қызметтері қандай?

    4. Нейроцит аксонын кескенде оның шеткі бөлімі өледі. Студент оның екі себебі болуы мүмкін депті: 1-сі аксонның шеткі бөліміндегі ақуыз синтезінің бұзылуы. 2-сі оның оттегі мен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі. Сендер қалай ойлайсыңдар?


Тапсырмалар

1. Нерв жүйесінің қызметін және тіндік элементтерінің аталуын дәптерге жазыңдар.

2. Нейроциттің базофилді заттарына сипаттама беріңдер (хроматофилді субстанция).

Нейроциттердің орналасуы

Химиялық құрамы

Қызметі









3. Нейроциттің нейрофибрилдеріне сипаттама құрастырыңдар.



Нейроцитте орналасуы

Пайда болу ерекшеліктері (бояу)

Қызметі









4. Нейроциттердің морфологиялық және функционалдық қызметтерін дәптерге жазыңдар.

5. Нейроциттің негізгі бөлімінің суретін дәптерге салыңдар және нерв импулсын көрсетіңдер.
6 сабақ

1. Тақырыбы: Нерв тіні -ІІ.

2. Мақсаты:


  • Глиоциттердің әртүрлілігін ажырату.

  • Нерв ұштарын ажырату.

  • Микроскопиялық және миелинсіз нерв талшықтарын түсіндіру.


3. Оқыту мақсаты:

Нерв тіні – тітіркенуді қабылдаушы, қозушы және нерв импультарының өткізуші жүйке жүйесінің негізгі құрылымдық және функционалдық элементі болып табылады. Нерв ұлпасының гистофизиологиясын білу, жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметін түсіну үшін керек.


4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Глиоциттердің жіктелуі және олардың функционалдық маңызы.

2. Нерв талшықтары туралы түсінік, олардың жіктелуі және құрылыстарының ерекшеліктері.

3. Нерв ұштары туралы түсінік және олардың жіктелуі.

4. Нейрон аралық синапстар. Электрлі және химиялық синапстардың құрылымдық ұйымдастыру үрдістері.

5. Синапстардың жіктелуі.


5. Білім берудің және оқытудың әдістері: екеу ара жұмыс істеу

6. Әдебиет

  1. Гистология: Оқу құралы төрт бөлімді / Ж.О.Аяпова. Алматы; «Кітап» баспасы.- 2005.

  2. Гистология, цитология және эмбриология атласы медицина жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. /Р.Б.Абильдинов, Ж.О.Аяпова, Р.Н. Юй.-Алматы: «Эффект» баспасы, 2006.

  3. Гистология, цитология және эмбриология атласы: медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы. /П.Қазымбет, М.Рысұлы, Ж.Б. Ахметов.-Астана, 2005.

  4. Гистология: Оқу құралы. Ажаев С.А. Төрт бөлімді. Кентау: Еркін и К-ХХІ, 2004.


7. Бақылау

Сұрақтар

  1. Глия (глоциттер) жасушалары қалай жіктеледі?

  2. Нерв талшығының құрылысында нерв жасушасы мен глия жасушалары қандай қызмет атқарады?

  3. Нерв талшығының түрлерін атаңдар. Олардың қайсысы тез және қайсысы баяу?

  4. Химиялық синапстар қандай бөлімдерден тұрады және оларды қандай морфологиялық белгілердің көмегімен ажыратуға болады?

  5. Синапстар қалай жіктеледі?

  6. Сезімтал нерв жасушасындағы қандай өсінділер рецепторлармен аяқталады?

  7. Рецепторлар қалай жіктеледі?

  8. Қозғалтқыш нерв жасушасындағы қандай өсінділер нервті-бұлшықеттің ұштарымен аяқталады?


Тесттер

1 Миелиннің басты биохимиялық компоненті:

  1. липидтер

  2. ақ уыздар

  3. рибонуклеопротеидтер

  4. дезоксирибонуклеопротеидтер

  5. полисахаридтер

2 Фагоцитозға қабілеті жоқ нерв жүйесінің жасушаларына …жатады.

  1. нейроциттер

  2. талшықты астроциттер

  3. микроглиоциттер

  4. протоплазмалық астроциттер

  5. Шванн жасушалары

3 Жылу әсерлерін қабылдайтын сезімтал нерв ұштарына ... жатады.

  1. бос нерв ұштары

  2. Фатер – Пачини денешіктері

  3. Мейсснер денешіктері

  4. Краузе колбасы

  5. гениталді денешіктер

4 Нейрондардың көбісі … қызмет атқарады.

  1. ассоциативтік

  2. рецепторлық

  3. сезімталдық

  4. қозғалтқыштық

  5. секреторлық

5 Капсуласы бар нерв ұштары … аспаптарға жатады.

  1. рецепторлық

  2. секреторлық

  3. қозғалтқыштық

  4. орталық нерв жүйесіндегі нейронаралық

  5. шеткі нерв жүйесіндегі нейронаралық

6 Нейрондардың көбісі өсіндісілерінің саны жағынан ... болып келеді.

  1. мультиполярлық

  2. униполярлық

  3. жалғануниполярлық

  4. биполярлық

  5. аполярлық

7 Нейрондар цитоплазмасындағы арнайы құрылымдарға ... жатады.

  1. нейротүтікшелер мен нейрофиламенттер

  2. тонофибрилдар мен миофибрилдар

  3. аксонемалар

  4. микроглия

  5. макроглия

8 Нерв талшықтарының қабығын жасауда ... қатысады.

  1. нейролеммоциттер (Шванн жасушалары)

  2. микроглиоциттер

  3. талшықты астроциттер

  4. астроциттер

  5. эпендимоциттер


Есептер

  1. Кестеде нейроглия жасушалары берілген. Біріншісі білікті цилиндрі бар цилиндр пішінді жасуша, екіншісі шекаралық мембрана құрайтын көп - өсінділі жасуша. Нейроглия түрлерін анықтаңдар.

2. Суретте көп өсінділі нейроцит және глия жасушалары, нейроциттің денесін қоршаған өсінділер көрінеді. Нейролеммоциттер және мантилі глиоциттер глия жасушалары болып табылады. Нейроциттің бөлімдерін және глиоциттің түрлерін атаңдар.

3. Препаратта біріншісі осмилі қышқылымен, ал екіншісі нитратты күміспен боялған көлденең кесілген нерв талшықтары көрінеді. Бірінші препаратта осмилі цилиндр талшықтары жарық, ал оны қоршаған қабықтары қараңғы. Бірінші және екінші препараттарда нерв талшықтарының қай түрі берілген және олардың қабықтары қалай аталады?

4. Екі суретте де синапстар берілген сияқты. Алайда, бірінші суретте синаптикалық көпіршіктер көрінеді, ал екінші суретте олар көрінбейді. Суреттерде шын мәнінде синапстар берілгенбе?

5. Нерв талшықтарын кескеннен кейін қозғалтқыш нерв ұштары қаңқалық бұлшықетінде жоғала бастады. Қандай өсінділер және қандай нейроцитттер кесілген?

6. Суретте синапс берілген. Оның оң жағында майда көпіршіктер көрінеді, ал сол жағында олар көрінбейді. Бұл синапста пресинаптикалық бөлім қай жағында (оң немесе сол) орналасқан. Қандай бағытта (солдан оңға қарай немесе керісінше) бұл синапс қоздырылады?
7 сабақ

1.Тақырыбы: Жүректің бұлшықетті тіндері. Кардиомиоциттер. Жүректегі жиырылғыш және өткізгіш бұлшықет тіндері.

2. Мақсаты:

1.Эндокард, миокардтың ұқсастығы, сонымен қатар жүрек қабырғасының қабығын құрайтын тіндер.

2. Жүректің жиырылғыш және өткізгіш жүйесінің морфофункционалды ерекшеліктерінің сипаттамасы.
3. Оқыту мақсаты:

Жүрек қан тамыр жүйесі ағзада мынадай маңызды функциялар атқарады: мүшелерге қанды өткізу, бөлу, ұлпалармен қан арасындағы зат алмасу т.с.с. Жүрек қан тамыр жүйесінің әртүрлі бөлімдерінің құрылысымен функциясы бұзылған жағдайда әртүрлі ауыр патологияларға соқтырады: жүрек ақауы, инфаркт миокардасы, атеросклероз, гипертониялық ауру және т.б.



4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

Органеллалар мен қосындылардың дамуы және кардиомиоциттер мен жүректің өткізгіш жүйе жасушаларына сипаттама беріңдер.




Миоциттер

Органеллалар және қосындылар

митохондриялар

миофибрилалар

гликоген

Жұмыс істейтіндері










Өткізгіш жүйесі











5. Білім берудің және оқытудың әдістері: презентация

6. Әдебиет

  1. Гистология: Оқу құралы төрт бөлімді / Ж.О.Аяпова. Алматы; «Кітап» баспасы.- 2005.

  2. Гистология, цитология және эмбриология атласы медицина жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. /Р.Б.Абильдинов, Ж.О.Аяпова, Р.Н. Юй.-Алматы: «Эффект» баспасы, 2006.

  3. Гистология, цитология және эмбриология атласы: медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы. /П.Қазымбет, М.Рысұлы, Ж.Б. Ахметов.-Астана, 2005.

  4. Гистология: Оқу құралы. Ажаев С.А. Төрт бөлімді. Кентау: Еркін и К-ХХІ, 2004.


7. Бақылау

Сұрақтар

1. Жүректің қабақтары және тіндік құрамы.

2. Микардтың жиырылғыш және өткізуші бұлшықет тіндерінің функционалдық маңызы және құрылыс ерекшеліктері.

3. Миокардтың қондырғылы дискілерінің қызметтік маңызы

4. Жүректің құрылымдық және жасқа байланысты ерекшеліктері.
Тесттер

1 Ересек адамдарда миокардтың жасушалық регенерациясы ... есебінен жүреді.



  1. жасушаішілік регенерация

  2. миобластар

  3. миосателлитер

  4. кардиомиоцитер

  5. бастамалық жасушалар

2 Тегіс миоцит цитолеммасының үңгіршелері ... қызметін атқарады.

  1. Са2+ иондарын жинақтау

  2. миозин филаменттерін бекіту

  3. актин филаменттерін бекіту

  4. С тропонинді бекіту

  5. тегіс миоциттер арасында қозуды өткізу

3 Көлденең жолақты жүрек бұлшық ет тіні ... дамиды.

  1. спланхнотомның висцералды жапырақшасынан

  2. сомиттер склеротомынан

  3. сомиттер дерматомынан

  4. сомиттер миотомынан

  5. мезенхимадан

4 Қондырғы дискінің жасушааралық жанасулары дегеніміз - …

  1. нексустар

  2. интердигитациялар

  3. тығыз байланыстар

  4. жартылай десмосомалар

  5. десмосомалар

5 Саркомер - деп симпластта немесе кардиомиоцитте ... арасында орналасқан бөлімін атайды.

  1. екі телофрагма

  2. екі анизотроптық дискілер

  3. екі изотроптық дискілер

  4. екі мезофрагма

  5. анизотроптық және изотроптық дискілер


Есептер

1. Гипоксия кезінде жиырылғыш кардиомиоциттер өткізуші жүйенің жасушаларына қарағанда оттегінің аздығынан көп зақымдалады. Жүректің типті және атипті бұлшықет жасушаларының ультрақұрылымдық және гистохимиялық ерекшеліктерін біле отырып, осы құбылысты түсіндіріңіз?


8 сабақ

1. Тақырыбы: Эпителий тіні.

2. Мақсаты:

  1. Микроскоптық деңгейде эпителиалдық тіндерді ажырата білу.

  2. Эпителиалды тіндердің морфофункционалдық және гистогенетикалық ерекшеліктерін сипаттау.

3. Оқыту мақсаты:

Эпителий тіні немесе эпителийлер адам денесінің үстін жауып тұрады, сондықтан жабынды эпителий деп аталады. Ал кейбір эпителийлер ішкі органның қуыстарын төсейді және көптеген бездерді құрайды. Атқаратын қызметтеріне байланысты, жабынды және безді эпителий деп бөлінеді. Жабынды эпителий шекаралаушы тін болып саналады, себебі ол организімнің ішкі ортасын сыртқы ортадан ажыратып тұрады және зат алмасу процесіне қатысады.


4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Эпителиалды тіндердің морфофункционалды және гистогенетикалық ерекшеліктері.

  2. Эпителилердің жіктелуі.


5. Білім берудің және оқытудың әдістері: Кіші топтар

6. Әдебиет

  1. Гистология: Оқу құралы төрт бөлімді / Ж.О.Аяпова. Алматы; «Кітап» баспасы.- 2005.

  2. Гистология, цитология және эмбриология атласы медицина жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. /Р.Б.Абильдинов, Ж.О.Аяпова, Р.Н. Юй.-Алматы: «Эффект» баспасы, 2006.

  3. Гистология, цитология және эмбриология атласы: медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы. /П.Қазымбет, М.Рысұлы, Ж.Б. Ахметов.-Астана, 2005.

  4. Гистология: Оқу құралы. Ажаев С.А. Төрт бөлімді. Кентау: Еркін и К-ХХІ, 2004.


7. Бақылау

Сұрақтар

  1. Жабынды эпителидің жалпы заңдылық құрылысы қандай?

  2. Жабынды эпителий құрылысы бойынша қалай жіктеледі?

  3. Қандай құрылымдар көмегімен эпителиоциттер бір-бірімен байланысады?

  4. Көп қабатты мүйізденуші эпителий қандай қабаттардан тұрады?

  5. Көп қабатты эпителий құрамында қандай жасуша түрлері бар?


Тесттер

1 Көп қатарлы кірпікшелі эпителидегі шырыш бөлетін жасушалар ...

  1. бокал тәрізді

  2. ұзын қондырғы

  3. қысқа қондырғы

  4. кірпікшелі

  5. жиекті

2 Бір қабатты текше эпителий ... ішкі бетін төсейді.

  1. бүйрек түтікшелерінің

  2. асқазанның

  3. аш ішектің

  4. өңештің

  5. жатыр және жатыр түтігінің

3 Эпидермис құрамында элеидин заты ... қабатта орналасады.

  1. жылтыр

  2. тікенекті

  3. дәнді

  4. базалды

  5. мүйізді

4 Көп қатарлы кірпікшелі эпителидегі бастама жасушалар ...

  1. қысқа қондырғы

  2. бокал тәрізді

  3. жиекті

  4. кірпікшелі

  5. ұзын қондырғы

5 Энтеродермалды эпителий түрі ... тән.

  1. тоқ ішекке

  2. өңешке

  3. ауыз қуысына

  4. бүйрек түтікшелеріне

  5. қуыққа

6 Бір қабатты эпителий мен көпқабатты эпителидің айырмашылығы ...

  1. барлық жасушалары базалды мембранамен байланысуында

  2. қан тамырының болмауында

  3. қалпына келтіру ерекшелігі жоғары болуында

  4. жасуша аралық затының болмауында

  5. нерв ұштарының көп болуында


Есептер

  1. Тері кесіндісінде екі тін көрінеді. Біріншісі қан тамырлары бар орган тереңінде жатқан араларында талшықты жасушааралық заттары бар жасушаладан тұрады. Екіншісі беткейінде жатады, қан тамырлары мен жасушааралық заттары жоқ, жасуша пластарынан тұрады. Бұл тіндердің қайсысы эпителиалды тінге жатады?

  2. Ядролары базалды мембранада әртүрлі орналасқан, бірақ барлығанда базалды мембранамен қатынасы бар жасушалар берілген. Бұл эпителийдің қай түріне жатады?

  3. Эпителий пласты берілген: біреулері базалды мембранамен байланысты ал үстінгілерінде байланыс жоқ. Пластың жоғарғы беткейіндегі жасушалары алмұрт пішінді. Бұл эпителийдің қай түріне жатады?

  4. Орган кесіндісінде эпителий тіндері беткейінде және қабырғасының тереңінде жатады. Эпителий түрлерін және қызметтерін атаңдар.


  5. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет