3 белгілі бір температура кезінде сақтау



Дата08.02.2023
өлшемі28.1 Kb.
#469296
Документ Microsoft Word


 1) айқаспа контаминациясы – өндіру немесе сақтау процесінде бастапқы материалдың, аралық өнімнің немесе соңғы өнімнің өзге бастапқы материалмен немесе өніммен ластануы;
2) аймақ – дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қабылдау, сақтау және өткізу процесінде әртүрлі функцияларды арнайы орындау үшін арналған үй-жай немесе үй-жайдың бөлігі.
3) белгілі бір температура кезінде сақтау:
терең салқындату -150С төмен;
тоңазытқышта +20С-ден +80С-ге дейін;
салқын жерде +80С-ден +150С-ге дейін;
бөлме температурасы жағдайында +150С-ден +250С-ге дейін;
4) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау – жарамдылық мерзімі ішінде олардың қауіпсіздігінің, тиімділігі мен сапасының сақталуын қамтамасыз ететін жағдайларда өнімді орналастыру (қоймаға жинау;
5) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жөніндегі нормативтік құжат – дәрілік зат пен медициналық бұйымдардың сапасына, сондай-ақ олардың қауіпсіздігі мен сапасының бірдей өлшемдерін қамтамасыз ететін оны анықтау әдістемелеріне қойылатын талаптар кешенін белгілейтін құжат;
6) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тасымалдау – олардың сақталуы мен тұтастығын, қоршаған орта факторларының әсерінен қорғауды, қажетті температуралық режимнің (сақтау талаптарының) сақталуын қамтамасыз ететін, сондай-ақ жалған өнімге жол бермейтін жағдайларда көлік құралының көмегімен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды бір тұтынушыдан екіншісіне тасымалдау, жеткізу;
7) дәрілік заттың жарамдылық мерзімі - мерзімі өткеннен кейін дәрілік затты қолдануға болмайтын күн;
8) дәрілік заттың қаптамасы - дәрілік затты бүлінуден және шығынынан қорғауды қамтамасыз ететін, сондай-ақ қоршаған ортаны ластаудан сақтайтын құрал немесе құралдар кешені;
9) дәрілік субстанция - шығу тегіне қарамастан, дәрілік препараттарды өндіруге және дайындауға арналған белгілі бір фармакологиялық белсенділігі бар зат немесе заттардың қоспасы;
10) дезинфекция – бұйымның үстіңгі қабатындағы немесе бұйымдағы микроағзалардың патогенді түрлерін термиялық, химиялық әдістермен және құралдармен жою процесі;
11) денсаулық сақтау субъектісі – денсаулық сақтау ұйымдары, сондай-ақ жекеше медициналық практикамен және фармацевтикалық қызметпен айналысатын жеке тұлғалар;
12) дератизация – инфекциялық аурулардың көзі немесе оларды тасымалдаушы болып табылатын кеміргіштерді жою;
13) қараңғы жерде сақтау – дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жарық түспейтін жерде сақтау;
14) құрғақ жерде сақтау - дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды ауаның салыстармалы ылғалдылығы 65 пайыздан аспайтын үй-жайларда сақтау;
15) медициналық көрсетілетін қызметтер – нақты адамға қатысты профилактикалық, диагностикалық, емдік немесе оңалту бағыты бар денсаулық сақтау субъектілерінің іс-әрекетт;
16) медициналық ұйым – медициналық көрсетілетін қызметтерді көрсететін денсаулық сақтау ұйымы;
17) медициналық техниканы пайдалану құжаты – медициналық техниканы өндіруші тұтынушылар үшін әзірлейтін, медициналық техниканың, оның құрамдас бөліктерінің құрылымы, іс-әрекет қағидаттары, өлшемдері, сипаттамалары (қасиеттері) туралы мәліметтерді; медициналық бұйымды дұрыс және қауіпсіз пайдалану (мақсатты пайдалану, техникалық қызмет көрсету, сақтау және тасымалдау) үшін қажетті нұсқауларды; кәдеге жарату жөніндегі мәліметтерді; бұйымды өндіруші, жеткізуші және олардың кепілдікті міндеттеру туралы ақпаратты қамтитын құжат;
18) сақтау үй-жайы - дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтауға арналған, арнайы бөлінген және жабдықталған өндірістік үй-жай;
19) таңбалау - тұтынушыға арналған ақпарат бар және дәрілік заттардың затбелгілеріне (жапсырмаларына), контрзатбелгілеріне, кольереткаларына, жазба белгілеріне, қаптамасына және тікелей медициналық бұйымға жазылған мәтін, тауарлық белгілер, шартты белгілер және суреттер;
20) термоконтейнер - жоғары температураның әсерінен қорғауды қажет ететін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тасымалдауға арналған жылу өткізбейтін қасиеті және тығыз жабылатын қақпағы бар контейнер (жәшік немесе сөмке), мұнда оңтайлы температуралық режим (+20С-ден +80С дейін) оның қуысына орналастырылған мұздатылған тоңазытқыш элементтерінің көмегімен қамтамасыз етіледі;
21) тоңазытқыш бөлме (камера) - 00С жоғары қажетті температуралық режимді сақтап тұруды қамтамасыз ететін тоңазытқыш жабдықпен жабдықталған арнайы герметиктелген камера;
22) тоңазытқыш элемент (бұдан әрі - тоңазытқыш элемент) - тығынмен тұмшаланып жабылатын, су құюға арналған және қолданар алдында мұздатылып, контейнерлерде +20С-ден +80С-ге дейінгі шекте температураны ұстап тұру үшін қызмет ететін төртбұрышты нысандағы пластик немесе металл ыдыс;
23) шатыстыру – дәрілік заттардың бірнеше түрлерін әртүрлі серияларын/партияларын араластыру немесе сақтау, тасымалдау кезінде өнімнің бір түрін басқасымен ауыстыру.
Дәрілік заттарды сақтауда арнайы талаптарды сақтау қажет (температуралық немесе жарық әсерін).
1. Енгізілуіне қарай сақтайды. Парэнтеральді жолмен енгізілетін дәрілер процедура кабинетінде сақталуы қажет.
2. Сыртқа қолданатын дәрілік заттар жеке шкаф сөрлерінде сақталуы қажет.
3. Энтеральды жолмен енгізетін дәрілік заттар тағайындауына байланысты жүйелеп, жеке сақталады (антибиотиктер, САП-тар, витаминдер және т. Б.)
4. А тобына жататын дәрілік заттар сейфте сақталады.
5. Тез бұзылатын дәрілер мұздатқышта сақталады (тұнба, қайнатпалар), олардың сақтау мерзімі 3 күн. Сонымен қатар мұздатқышта арнайы температураны қажет ететін препараттар сақталады, (вакциналар, сывораткалар, мазьдер, тік ішек балауыздары және т. Б.).
6. Спиртті тұнбалар арнайы флаконда, тығыз тығындалған, жабық болу қажет, себебі буланса олардың әсері жоғарлап және мөлшері көбеюі мүмкін.
7. Жарыққа әсері бар дәрілік заттар арнайы қоңыр флаконда шығады және жарық жоқ жерде сақтайды.
8. Исі өткір дәрілер жеке сақталады (йодоформ, лизол және т. Б.).
9. Дәрілік заттарды зарарсыздандыру ерітінділерімен бірге сақтауға болмайды.
10. Сөрелердің артқы жағына үлкен флакондар және қорапшаларды қояды, себебі аттарын оқуға ыңғайлы.
11. Залалсызданған ерітінділердің сақтау мерзімі арнайы флаконда темір қақпақшасы болса 10 күн, ол қағаз қақпақшалы 3 күн.
12. Дәрілік заттардың сақталу мерзімі өтіп кетсе қолданылмайды.
Сақталу мерзімі өткен белгілері:
- залалсызданған ерітінділердің түсі, мөлдірлігі өзгерсе, тұнбалар пайда болса;
- таблеткалармен ұнтақтардың түсі өзгерсе;
- мазьдердің түсі өзгерсе;
- тұнба, қайнатпалар лайланса, түсі өзгерсе.
Ескерту:Мейірбикенің құқы жоқ:
- дәрілік заттардың қорабын ауыстыруға;
- әр түрлі қорапшалардағы дәрілерді бір қорапшаға жинауға;
- дәрілік заттардың жолдамасын ауыстыруға, өзгертуге;
- этикеткасыз дәрілерді сақтауға.
Наркотикалық дәрілік заттарды тіркеу және сақтау ережелері:
1. Наркотикалық дәрілерді дәріханадан жазып алуға, арнайы талап қағазын 3 дана етіп толтырып, онда мөр және бас дәрігердің қолы тұрады.
2. Наркотикалық дәрілер сейфте сақталады, ішкі жағында дәрілердің мөлшері жазылған журнал болады.
3. Сейфтің кілті кезекші дәрігерде немесе мейірбикеде сақталады.
4. Наркотикалық дәрілердің тізімі арнайы журналда жазылады. Бұл журнал арнайы тігілген және әр беті саналған (нөмері қойылған) болады. Журналдың соңғы бетінде журнал бетінің саны көрсетілген жеріне жібтің соңы қағазбен жабыстырылады. Осы бетте бас дәрігердің қолы және мөр тұрады.
5. Наркотикалық дәрілерді тек дәрігердің қатысуымен және аурудың даму тарихына тағайындағаннан кейін ғана енгізеді.
6. Қолданған бос ампулаларды тастамай, қолданбаған ампулалармен бірге өткізеді.
7. Кезекшілікті өткізер алдында журналдағы жазылған тізім бойынша қолданған ампула мен қолданбаған ампулалардың саны тексеріледі.
Наркотикалық дәрілер («А») сейфінің кілтін беру дәптері.

Күні

Кілтті беру туралы мәлімет

Мейірбике қолы (тапсырады - қабылдап алды)

Дәрігер қолы

Наркотикалық дәрі аты, ампула саны
















10.01.2005ж

Тапсырған: Қабылдаған:

Оспанова. С Исаева. К

Байбосынов. А.

Промедол - 10 мпула

Бөлімшедегі (кабинеттегі) наркотикалық дәрілер есеп журналы.

Қабыл- даған күні

Мекеме аты, құжат №

Саны

Мейірбике аты, жөні

Берілген күні

Пациенттің аты, жөні. Мед. карта №

Жұмсалған ампула саны

Қалдық

Жауапты қызметкер

Дәрігер аты































10.01. 2005ж

Дәріхана талап қағазы

10 ампула проме дол

Оспанова

10.01. 2005ж

Асанова Ж а 16

1 ампула

9 ампула

Ким. Е

Омаров.

Медбике дәріханадан дәрілерді жаздырып алып, оларды сақтауға жауапты. Рецепт жазғанда өте мұқият болу керек. Әсіресе қатты әсер ететін және улы заттарды жазып бергенде қате жібермеу, дәрілерді дұрыс сақтау ережелерін білу керек. Дәрілерді күнде жаздырып алдыру қажет.



  1. Дәрігер бөлімшеде науқастарды тексеру барысында, ауру тарихына немесе нұсқау қағазына қажетті дәрілерді, олардың мөлшерін, енгізу санын және жолдарын жазады.

  2. Палаталық медбике күнделікті нұсқауларды іріктеп, дәптеріне тағайындалған дәрілерді көшіреді. Егу туралы деректерді, оларды орындайтын процедура мейірбикесіне береді.

  3. Постта немесе ем жасайтын бөлмеде тағайындалған дәрілер болмаса олардың тізімі қажет жағдайда бөлімшенің аға медбикесіне беріледі.

  4. Белгілі формада, латын тілінде, 2 данада жазылған, бөлім меңгерушісінің қолы қойылған дәрілерді дәріханадан алуға арналған талап ету құжатын аға медбике (қажет болған жағдайда) толтырады.

  5. Улы (мысалы: строфантин, атропин, прозерин,т.б) және есірткілік дәрілер (мысалы: промедол, омнопон, морфин), сонымен қатар, этил спиртіне талап ету құжатын бөлек бланкіге, 3 данада латын тілінде жазады. Осы талап ету құжаттарына ЕПҰ-ның бас дәрігері немесе оның емдеу жөніндегі орынбасарының мөрі басылып, қолы қойылады.

  6. Аса тапшы және қымбат дәрілерге арналған талап ету құжаттарында емделушінің аты-жөнін, ауру тарихының нөмірін, диагнозын көрсетеді.

  7. Аға медбике дәріханадан дәрі-дәрмектерді аларда олардың тапсырысқа сәйкестігін тексеріп отырады. Дәріханада жасалған дәрілік формаларда бір түсті этикеткалар болуы керек: сыртқы қолдануға арналған дәрілер сары түсті, ішкі қолдануға арналған дәрілер ақ түсті, парентералды жолмен енгізілген дәрілер көк түсті (стерильды ерітінділері бар флакондары). Этикеткаларда дәрілердің анық атаулары, концентрациялары, мөлшері, даярлау мерзімі және осы дәрілік формаларда фармацевттің қолы болуы керек.

«А» тізіміне кіретін кейбір (улы дәрілер) дәрілік заттар:
1. атропин 7. прозерин
2. кокаин 8. стрихнин
3. дикаин 9. строфантин
4. морфин 10. резерпин
5. омнопон
6. промедол
«В » тізіміне кіретін кейбір (әсері күшті дәрілер) дәрілік заттар:
1. никотин қышқылы 11. нитроглицерин
2. адонизид 12. лобелин
3. амилнитрит 13. люминал
4. инсулин 14. эфедрин
5. мезатон 15. кордиамин
6. фталазол 16. кофеин
7. преднизолон 17. хлоралгидрат
8. эуфиллин 18. аминазин
9. дибазол
10. викасол
Бөлімшелерде дәрілерді сақтауға қойылатын жалпы талаптар
1. Мейірбике бөлмесінде дәрі дәрмектерді сақтауға арналған кілтпен жабылатын шкафтар болуы керек.
2. Дәрілік заттар шкафы ішіндегі сөрелерде дәрілер топтарға бөлініп орналасады (стерильды, ішке, сыртқа). Әр сөреде тиісті нұсқаулар («сыртқы қолдануға арналған», «ішкі қолдануға арналған» және т.б.) болуы керек.
3. Парентеральды және энтералды енгізулерге арналған дәрілік заттарды сөрелерге тағайындау бойынша (антибиотиктер, витаминдер, гипотензивті дәрілер т.б.) орналастырған жөн.
4. Артына үлкенірек, ал алдына кішірек ыдыс пен қорапшадағы дәрілерді қойған жөн. Бұл кез-келген этикетканы оқып және қажетті дәріні тез алуға мүмкіншілік береді.
5. Емделуші күтіміне арналған және дезинфекциялаушы заттарды дәрі дәрмектермен бірге сақтауға қатаң тыйым салынады.
6. «А» тізіміне кіретін дәрілік заттар сейфте сақталады.
7. Күннің әсерінен ыдырайтын дәрілерді күннің сәулесі түспейтін жерлерде (оларды әдейі қоңыр флаконда шығарады) сақтайды.
8. Иісі аңқыған дәрілерді (иодофарм, лизол және басқалар) басқа дәрілерге иісі тарамау үшін бөлек сақтайды.
9. Тез бұзылатын препараттарды (тұнбалар, қайнатпалар, микстуралар) және майлар, вакциналар, сарысу, ректалдық, балауыздарды және т.б. тоңазытқышта сақтайды.
10. Спиртті сығындылар, тұнбалар, тығыз тығындалған флакондарда сақталады, өйткені спирттің булануына байланысты уақыт өткен сайын олар қоюланып дозасының ұлғаюын туғызуы мүмкін.
11. Дәріханада даярланған металдық қақпақпен жабылған флакондағы стерильді ерітінділердің сақтау мерзімі 10 тәулік, ал қағазбен оралғандар 3 тәулік бойы сақталады. Тұнбалар, қайнатпалар мен микстураларды сақтау мерзімі 3 тәуліктен аспауы керек. Сол уақыт ішінде пайдаланбаса да, жарамсыздық белгілері болмаса да оларды төгіп тастау керек.
12. Жарамсыздық белгілеріне жатады:
· Залалсыз ерітінділерде түсінің, мөлдірлігінің өзгеруі, үлпектердің болуы;
· Тұнбалар, қайнатпаларда лайлану, түсінің өзгеруі, жағымсыз иістің пайда болуы;
· Ұнтақтар, таблеткалардың түсінің өзгеруі.
Мейірбикенің құқығы жоқ :
· Дәрілердің формасы мен қорапшаларын өзгертуге;
· Түрлі қорапшалардағы бірдей дәрілерді бір қорапшаға біріктіруге;
· Дәрілердің этикеткасын ауыстыруға және жөндеуге;
· Дәрілерді этикеткасыз сақтауға.Науқастарға дәрілерді тарату
Мейірбике дәрілерді дәрігердің тағайындауымен таратады. Дәрілерді тағайындауға, тоқтатуға немесе басқасымен ауыстыруға мейірбикенің құқығы жоқ. Тек қана кейбір жағдайларда, мысалы - шұғыл көмек қажет болғанда немесе дәріге жоғары сезімталдық байқалғанда өздігінен дәрі беруге немесе дәріні тоқтатуға болады. Бұл жағдай жылдам дәрігерге хабарланады.
Көп жағдайда науқастар өздеріне белгіленген дәрілерді қабылдаудан бас тартады, дәрі ешбір жақсы өзгеріс әкелмейді деп дәрілерді лақтырады. Осы кезде мейірбике сабырлық сақтап, емделу барысында дәрі-дәрмектерді белгілеген уақытта арнайы тәртіппен қабылдау қажеттігін, қатаң сақтау керектігін байыппен түсіндіру керек. Мейірбике дәрілерді тарату кезінде науқастардың дәріні қабылдағандығын мұқият қадағалауы керек. Науқастар тарапынан оларға белгіленген дәрілік препараттар жөнінен көптеген сұрақтар туындайды, бұл жағдайда мейірбике өз деңгейінде толық жауап беруге (дәрінің көмегі, ерекшелігі) тиіс. Кейбір жағдайда науқастар дәрілік заттарды тік ішек арқылы енгізуді ұят деп ойлайды, сондықтан олар келіспейді. Мейірбике науқасқа бұл емнің дәрігердің тағайындауымен жүргізілетіндігін түсіндіре отырып, емді жеке бөлмеде, ешқандай ыңғайсыздық туғызбайтын жағдайда өткізу керек.
Емделушілерге дәрілерді тарату алдында жылжымалы үстел үстіне дәрілері бар ыдыстарды (қатты және сұйық), пипеткалар (әрбір флаконға бөлек), мензуркалар, су құйылған графин, қайшылар, белгілеу қағаздарын қойыңыз.
1. Дәрігердің нұсқауына сәйкес дәріні емделушілердің төсектері алдына
таратыңыз.
2. Емделушіге дәріні бере отырып, дәрінің ерекшеліктері туралы
ескертіңіз: ащы дәм, жаман иіс, қабылдаған соң зәр иісі, нәжіс түсінің
өзгеруі.
3. Емделуші Сіздің көзіңізше дәріні қабылдауы керек
Дәрілерді осы тәртіппен тарату өте ұтымды болады, себебі:
· Медбике емделушінің дәріні қабылдауын бақылайды;
· Медбике белгіленген дәрі туралы емделуші сұрақтарына жауап бере
алады;
· Дәрілерді таратқанда қателіктер жіберілмейді.
Дәрілерді таратқан кезде есте сақтау керек:

  1. Дәрілерді тарату кезінде көбінесе дәрілерді тамақтанудан 15-30 минут бұрын береді, себебі дәрілер тамақпен араласып сорылуын баяулатады.

  2. Ас қорыту жолдарының кілегей қабатын тітіркендіретін (темір препараттары, ацетилсалицил қышқылы, кальций хлориді ерітіндісі және т.б. дәрілерді) ас ішіп болған соң 15-30 минуттан кейін қабылдайды.

  3. Ас қорыту процесін жақсартатын ферментті препараттарды (фестал, панзинорм, асқазан сөлі және т.б.) емделушіге аспен бірге береді.

  4. «Ашқарынға» белгіленген дәрілер емделушілерге таңғы астан 20-60 минут бұрын беріледі.

  5. Ұйықтатын дәрілер ұйқыдан 30 минут бұрын қабылданады.

  6. Нитроглицерин, валидол (қажет болса) емделушінің тумбочкасында үнемі болады.

  7. Тұнбалар, қайнатпалар, ерітінділер, микстуралар әдетте ас қасықпен (15 мл) белгіленеді. Ал ауруханада мөлшерленген мензурка қолданған ыңғайлы.

  8. Спирттік тұнбалар, сығындылар мен кейбір ерітінділер (мысалы, 0,1% атропин ерітіндісі, сасық шөп тұнбасы) тамшы ретінде белгіленеді. Дәрі толтырылған флаконның тамызғышы болмаса, пипетканы қолданады. Әрбір дәріге арналған бөлек тамызғыш болуы керек.

  9. Құрамында темірі бар пилюля, драже, капсула және таблеткалар өзгермеген күйінде қолданылады.

Көптеген емдеу бөлімшелерінде медбикелер уақытты үнемдеу мақсатында ұяшықтарға бөлінген астаушаға дәрілерді алдын ала салып қояды. Әр ұяшықта емделушінің аты-жөні, палата нөмірі көрсетілген. Медбике осы астаушамен дәрілерді емделушілерге палаталар бойынша таратады.
Осы тәртіппен таратудың кемшіліктері:

  1. Дәріні қабылдағанда бақылаудың болмауы емделуші дәрі қабылдауды ұмытып кетеді, дәріні лақтырып кетеді немесе кешіктіріп қабылдайды.

  2. Дәрілерді таратудың жекешелендірілген кестесімен қабылдаудың тәртібі сақталынбайды («астан бұрын», «астан кейін», «аспен бірге»).

  3. Тарату кезінде қателер болуы мүмкін (медбикенің мұқиятсыздығынан дәрілік заттар басқа ұяшыққа салынуы мүмкін немесе емделуші қателесіп, оған белгіленбеген дәрілерді алуы мүмкін).

  4. Астаушаның ішінде дәріханалық қорапшасыз жатқан дәрілік препараттар. Емделушіге белгіленген препараттар жөнінде сұрақтарға жауап беру қиын, өйткені олар астауша ішінде дәріхананың қорапшасынсыз жатады.

1. Дәрі –дәрмекті сырқатқа енгізудің әртүрлі тиімді әдістері.
Хирургиялық кеселдері бар балаларды емдеудің негізгі жолы операция жасау болғанымен және сауықтыру мақсатында берілген дәрі-дәрмектердің атқаратын ролі өте күшті. Операция қаншалықты шебер жасалғанмен операциядан кейін сырқат дәрі-дәрмексіз қалса, созылмалы қабынуы асқына береді. Егер операция арқылы бүйрек кеселін кесіп алып тастағанда, одан несеп бөлінуін қалпына келтіргенмен, бүйректің созылмалы қабынуы сақталып қала береді. Оны тек операциядан кейін 2-3 айға дейін үздіксіз жүргізілетін ем-дом көмегімен ғана емдеп шығаруға болады. Операциядан кейін жөндеп емделмесе, онда бүйректің созылмалы қабынуы біртіндеп өрши береді.
Дәрілер әсері. Кейбір дәрілер кеселдің туу себебіне қарсы әсер ету үшін қолданылады. Мұны этиологиялық емдеу дейді. Бала ішегінде өмір сүретін аскорида, острица деп аталатын құрттардың көзін жою үшін, пиперазин дәрісін береді. Сол сияқты баланың бойында әртүрлі қабынулар мен іріңді құбылыстарды тудыратын микробтарды өлтіру үшін пенициллин, стрептомицин, эритромицин, тетрациклин, ампицилин деп аталатын антибиотиктерді пайдаланады.
Кеселдің одан әрі дамуын емдеуге арналған патогенетикалық дәрі-дәрмектер болады. Мысалы, жаңа туған нәрестелердің асқазанының ұлтабарға өтер жері тырысып (пилороспазм), уақытша тамақ жүрмей, құса беретін кеселі болады. Мұндайда тырысуды кетіру үшін атропин, аминозин деп аталатын дәрілерді беріп емдеуге болады.
Денедегі кейбір ағзалардың органикалық немесе функционалдық жетіспеушілігінің салдарынан туындайтын кеселдерді емдеуге арналған орнын басу емі болады. Оған ұйқы безіндегі аралдық клеткалардың бөліп шығаратын, денедегі көмір сутегі алмасуын реттеп тұратын, инсулин деп аталатын уыттың жетспеушілігі салдарынан дамитын, сусамыр (қант диабеті) деген кеселді емдеу үшін жасайды, инсулин қолданылады.
Баланың бойындағы кеселдің салдарынан пайда болатын нышандарын болдырмауды симптоматикалық емдеу дейді. Егер баланың жілік майы өткір қабынса, оның жұрегі де, өкпесі де бүйректері де, бауыры да осыған байланысты қабынуы ықтимал. Осы қабынулардың салдарынан баланың бойында қосымша дерт нышандары пайда болады, соны тудырып тұрған ағзаларды өздеріне тиісті дәрі-дәрмектермен емдеу қажет.
Берілетін дәрілер мөлшері. Әрбір сырқатқа оның жасына, салмағына, кеселінің күрделігіне қарай әртүрлі мөлшерде дәрілер беріледі. Қандай дәріні қанша мөлшерде беру керек екенін емдеуші дәрігері ауру тарихына жазып кеткенімен оны науқастарға тарататын мейірбикештер де қай дәрінің қалай әсер ететінін білуге міндетті.
Әр дәрінің сырқат жасына, салмағына қарай емдік мөлшері болады. Дәл осы мөлшер ғана науқасқа ең қолайлы емдік әсерін тигізеді: белгіленген дәрілердің бір рет ішетін және бір тәулікте ішетін мөлшері болады. Әдетте бір тәулікте ішетін дәрінің мөлшерін 3 уақытқа яғни азанға, түске, кешке бірдей етіп бөледі.
Берілген дәрінің мөлшері шектен тыс көбейіп кетсе, онда бала уланып қалады, кейде өліп кетуі де ықтимал. Сондықтан берілетін дәрінің мөлшерін еш уақытта асыруға болмайды. Егер мейірбикеш байқамай дәріні шектен тыс көп мөлшерде ішкізіп қойса, құйса, онда оны қорқып жасырмай, тез арада емдеуші дәрігерге хабарлау қажет. Неғұрлым тез қарсы әрекет жасап, емдеуге кіріссе, соғұрлым дәріге уланған сырқат өмірін аман сақтап қалуға мүмкіндік туады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет