Сабақтың аты §1,3-1,4 Еркін түсу, көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы Сілтеме



Дата17.07.2016
өлшемі42.13 Kb.
#205967
түріСабақ
«Бекітемін»

Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: М.Камалова


Күні: 04.09.2013

Сыныбы: 10

Пәні: физика

Сабақтың аты

§1,3-1,4 Еркін түсу, көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы

Сілтеме

Жоспар

Жалпы мақсаты

  • еркін түсу, көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы жайлы мағлұмат беру

  • еркін түсу, көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысының формулаларын есеп шығаруда қолдана білуге үйрету

  • бірін-бірі бағалауға баулу

Күтілетін нәтиже

  • еркін түсу, көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы жайлы мағлұмат алады

  • еркін түсу, көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысының формулаларын есеп шығаруда қолдана білуге үйренеді

  • бірін-бірі бағалай білетін болады

Негізгі идеялар

Ауасыз кеңістікте барлық денелер бірдей уақытта түседі. Бұл тұжырымды итальян ғалымы Галилео Галилей жасаған болатын. Ортаның кедергісі болмаған кездегі денелердің түсуі еркін түсу деп аталады. Галилей өз ұйғарымын денелерді ауасыз кеңістікте түсіріп тексере алмады. 80 жылдан кейін Ньютон оны жүзеге асырды.

g-еркін түсу үдеуі.

g=9,8 м/с2.

Белгілі бір h биіктіктегі дененің жерге қанша уақыттан кейін түсетінін және түскен сәтте оның жылдамдығы қандай болатынын есептеу қажет болсын. Бастапқы жылдамдық нольге тең. Дененің қозғалысын Жермен салыстырамыз.Дене төмен түсіп келе жатқанда төмен қарай бағытталған a=g үдеумен s=υ0t+at2/2 заңы бойынша вертикаль бойымен түзусызықты теңүдемелі қозғалады. Жолдың ұзындығын түсу басталған нүктеден, уақытты түсу басталған мезеттен есептейміз, ал төмен қарайғы бағытты оң бағыт ретінде аламыз.




Тапсырмалар

Топтық жұмыс «Жигсо»

Тапсырмалар

Жұптық жұмыс «Пилот - Штурман»

Тапсырмалар

Жеке жұмыс


Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

І.Ұйымдастыру (2 минут)

    1. Сәлемдесу

    2. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу

    3. Түгелдеу

1.2. Топқа бөлу (траектория, жол, орын ауыстыру сөздері арқылы 3 топқа бөлінеді)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (5 минут)

  1. Бірқалыпты түзусызықты қозғалыс жайлы не білеміз?

  2. Теңайнымалы қозғалыс және оның теңдеуі жайлы не білеміз?

ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (2 минут)

  1. Еркін түсудің мәні неде?

  2. Кез-келген дене еркін түсе алады ма?

  3. Көкжиекті бұрыш жасай лақтырылған денелердің теңдеулерін түсіндір?

ІҮ. Топтық жұмыс «Жигсо» (15 минут)

Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:

Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.
Бақылаушының бағалау парағы




Бағалау өлшемдері

Көш

басшы


Хатшы

Баяндамашы

Уақыт сақшысы

1

Тақырыптың ашылуына үлес қосу













2

Міндетін атқару













3

Топтық жұмысқа атсалысуы

































Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.

Топ пікірлерін тыңдау.



Ү. Жұптық жұмыс «Пилот - Штурман» (5 минут)

(Штурман – басқарушы, пилот – орындаушы)

Берілген формулаларды түсіндіреді


  1. 2) 3)

Жұптың пікірлерін тыңдау,барлық айтылған ой-пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру



V. сергіту сәті (3 минут) (видео)

VІ. Жеке жұмыс (10 минут)

  1. Еркін түсу деп-------------


Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.



ҮІ. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)


Кейінгі тапсырмалар

Күнделікті өмірде тапсырмаға байланысты өзің байқаған құбылыстар жайлы шағын эссе жазу.

Кейінгі оқу

§1,3-1,4 Еркін түсу, көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет